9 класс
Бақылау жұмысы №4
Тақырыбы: Кинематика негіздері. Динамика негіздері. Атомдық құбылыстар
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда
қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
I нұсқа
1. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалған автомобиль кенеттен тежелді. Егер тежелу
кезіндегі үдеу 4 м/с² болса, автомобильдің тоқтағанға дейінгі жүріп өткен жолы
және толық тоқтағанға дейінг уақытын тап.
2. Массасы 6000 кг трамвай 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді.
Тежелгенпен кейін ол 30 с-тан соң тоқтады. Тежелу күшін анықта.
3. Фотондарының массасы кг болатын жарық толқынының тербеліс
жиілігін тап.
4. Радиоактивті элементті активтілігі 8 тәулікте 4 есе кеміген. Жартылай ыдырау
периодын тап.
II нұсқа
1 45 м/с² үдеумен қозғалатын ракета белгілі үақыт аралығы өткенде 950 м/с
жылдамдықа ие болды. Келесі 2 с ішінде оның жүріп өткен жолын тап.
2.Жылдамдығы 450 м/с массасы 25 г оқ бөгетке тиді және тоқтағанға дейін 0,5 м-ге
өтті. Оқтың қозғалысына бөгеттің кедергі күшін тап.
3.Рентген түтікшесі 50 кВ керлеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал
толқын ұзындығын тап.
4. Жартылай ыдырау периоды 10 мин радиоактивті изотоптың атомы бар.
20 мин ішінде осы атомдардың ыдырауға ұшырағанын тап.
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, жол, үдеу, толқын ұзындығы, жиілігі периоды формулаларын, квант энергиясы формуласын, фотоэффектінің негізгі теңдеуін білуі тиіс. Радиоактивті ыдырау заңын қолдана алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |