7 сынып
Бақылау жұмысы №3
Тақырыбы: Сұйықтар мен газдардың қысымы. Архимед күші
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.
І нұсқа
1. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 м2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
2. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10 см2, оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршен ауданы 200см2. Үлкен поршенге әрекет ететін күштің шамасын есепте.
3. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін анықтаңдар.
4. Мұздың кесегі бензинде жүзіп жүре ала ма?
ІІ нұсқа
1. Көлемі 6м3 гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м2 болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?
2. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.
3. Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды ығыстырып шығарады?
4. Мұздың кесегі глицеринде жүзіп жүре ала ма?
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар қысым, Архимед күші формулаларын білуі тиіс. Денелердің жүзу шарты заңдылығын пайдалана алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |