Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақ тілі пәні, 1-сынып (Т2) Аптасына 2 сағат, барлығы 66 сағат
№
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
Сабақтың тақырыбы
Оқу мақсаттары
Сағат саны
Мерзімі
Ескерту
1
Мен кіммін және қандаймын?
Менің мектебім
Мақсаты: балаларды өз мектебі туралы әңгімелей білуге үйрету. Білімділік міндеті: мектеп туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті:сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру, сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: білімпаздыққа тәрбиелеу.
2
Біздің сынып
Мақсаты: сыныптағы заттардың атауын еске түсіру, жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Білімділікміндеті: не?нелер?сұрақтарына дұрыс
жауап беруге жаттықтыру, жаңылтпаш жаттау. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Дамытушылық міндеті: игерген сөздерін қолданып, шағын мәтіндер құрауға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: сыныптағы заттарды таза ұстауға дағдыландыру арқылы тазалыққа тәрбиелеу.
3
Біз мектепте не істейміз?
Мақсаты: мектептегі іс-әрекеттерін білу, сөйлемдердегі сөздерді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Білімділік міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана
білуге үйрету. Тақпақ жаттау. Шағын мәтіндер құрап үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелікміндеті: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
4
Мектеп қызметкерлері
Мақсаты: мектеп қызметкерлерінің лауазым атауларын қазақ тілінде айтуға үйрету.
Білімділікміндеті: мектептегі қызметкерлердің атын білу, қарапайым сұрақтар қою және оларға жай сөйлеммен жауап беруге үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауға тәрбиелеу.