3. Көбіктердің өзіндік ерекшеліктері
Көбіктер Г/С типті дисперстік жүйелер болғандықтан өзіндік ерекшелігі бар, яғни дисперстік фаза және дисперсиялық орта және олардың фазалар шекарасындағы қасиеттерімен анықталады. Бір компонентті жүйе үшін химиялық және электрлік әрекеттесуді ескермеген жағдайда артық беттік энергияны сипаттайтын Гиббс энергиясының өзгерісі изобаралы-изотермиялық процес үшін (dр=0, dt=0) мынадай болады.
dG<σcгdВ, ∆G=σcг∆B
мұнда, σcг -сұйық-газ бөліну шекарасындағы беттік керілу ,dВ-көбік түзілгеннен кейінгі фазалардың бөліну бетінің өзгерісі.
Көбіктің фаза аралық беттік керілуі, яғни σcг сұйық және газды орталардың қасиеттерімен анықталады. Егер осы қасиеттер өзгермесе,онда σcг түрақты болады .Cондықтан еркін беттік энергияның өздігінен азаюы теңдеуі бойынша мынадай болып жазылады:
dВ<0∆В<0 (3)
Өздігінен жүретін процестер үшін ∆G<0, σСГ=const болғанда, Гиббс энергиясының төмендеуі ∆В шамасының төмендеуінен болады, ол көбіктің бұзылуын көрсетеді.
Көбіктің дисперстік фазасының көпіршіктері сфералық және көп қырлы (полиэдрлі) пішінде бола алады.Сонымен қатар көпіршіктердің қуыс ұяшық пішіні бар, ол көпіршіктердің сфералық формадан полиэдрлі формаға ауысыуы кезінде түзіледі .Бұл ауысу егерде полидисперстік көбіктердің еселігі 10-20 аралағында болса ғана орындалады. Сұйық көбіктерде қабатпен өзара бөлінген көпіршіктердің түйісуі болады. Бірдей өлшемді 4 көпіршігін түйісуі болғанда тұрақсыз тепе-теңдік орнайды , ол бұзылуды және 3 көпіршіктен тұратын тепе-теңдік күйге ауысады. Полиэдрлі көбіктердің моноқабаты гексагональды орналасқан реттелген құрылымда болады.
0>
Достарыңызбен бөлісу: |