Кодекс І кодек с республики казахстан қазақстан республикасының Қылмыстық-процестік кодексі



бет8/17
Дата25.12.2016
өлшемі7,55 Mb.
#4987
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

4. Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде прокурордың, күдіктінің, айыпталушының, оның қорғаушысының, жәбірленушінің немесе қорғалуға жататын өзге адамның қатысуымен қарайды.

Сот отырысының орны мен уақыты туралы сот уақтылы хабардар еткен жағдайда, процеске көрсетілген қатысушылардың келмей қалуы сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.

5. Тергеу судьясы өтінішхат пен ұсынылған іс материалдарын қарап, жақындауға тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы не одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

6. Жақындауға тыйым салу туралы қаулыда осы процестік мәжбүрлеу шарасын қолданудың негіздері және жақындауға тыйым салу түрлері, сондай-ақ оның сақталуын бақылау жүктелетін орган көрсетілуге тиіс. Жақындауға тыйым салу туралы қаулының көшірмесі прокурорға, күдіктіге, айыпталушыға, қорғаушыға, қорғалатын адамға және бақылауды жүзеге асыратын органға тапсырылады.

7. Жақындауға тыйым салу бұзылған кезде күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы, сондай-ақ бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.

8. Жақындауға тыйым салудың күшін жою бұл шараға қажеттілік болмай қалған кезде прокурордың келісімімен қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен жүзеге асырылады не оны қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.

5-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МҮЛІКТІК МӘСЕЛЕЛЕР


20-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП ҚОЮ
166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар
1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.

2. Қылмыстық iс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.

Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

3. Егер, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қоймаса немесе оны қойғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Талапкердің азаматтық талап қоюды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.

4. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық талап қою бойынша шешім қылмыстық сот ісін жүргізу барысында нақ осы талапты нақ осы адамдарға нақ осы негіздер бойынша қою үшін кедергі келтіретін негіз болып табылады.
167-бап. Азаматтық талап қою
1. Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.

Осы Кодекстің 58-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор азаматтық талап қоюға құқылы.

Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады.

2. Азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның әрекеттері немесе есі дұрыс емес адамның әрекеттері үшін материалдық жауаптылықта болатын тұлғаларға қойылады.

Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.

3. Талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

4. Азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.

5. Азаматтық талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда қойылады.

6. Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға кедергі болмайды.

7. Азаматтық талап қоюдың негіздерін және талап қою талабының мөлшерін нақтылау қажет болған кезде тұлға талап қоюды толықтыруға құқылы.

8. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарының немесе иммунитетiнiң болуына байланысты күдікті деп танылуға жатпайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.
168-бап. Залалды өтеудiң негiздерi, шарттары, көлемi және

тәсілі туралы қағидаларды қолдану


1. Қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.


169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту
1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап арызды қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап арызды қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер талап арызды қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

Талап арызды қайтарып алу тиісті тұлғалардың азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер жағдайында болуын тоқтатуға әкеп соғады, бұл туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулы шығарады.

Жауапкер талап арызды мәні бойынша қарауды талап еткен жағдайда, сот оны қайтарып алуды қабылдамайды.

2. Азаматтық талапкердің қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгі іс жүргiзу сатысында талап қоюдан бас тарту туралы арызы жазбаша түрде берiледі және қылмыстық iс материалдарына қоса тiгіледі. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

3. Сот талап қоюдан бас тартуды сот талқылауының кез келген сәтінде, бiрақ сот үкiмді қаулы ету үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдайды.

Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдағанға дейін азаматтық талапкерге талап қоюдан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы нақ осы нысана туралы дау бойынша және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, сотқа қайталап жүгінуді болғызбайтынын түсіндіруге міндетті.

4. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.
170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер
1. Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары бойынша:

1) азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;

2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы;

4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;

5) азаматтық талап қою бойынша татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;

6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.

Іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық талап қоюды толық қанағаттандырады.

2. Сот айыптау үкiмiн қаулы еткен немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған кезде азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.

Азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімде оны азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзімді белгілейді және көрсетеді. Соттың үкімі ерікті түрде орындау үшін берілген мерзім ішінде азаматтық талап қою бөлігінде орындалмаған жағдайда, сот үкімді азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

3. Сот қылмыстық iстi талқылауды кейiнге қалдырмай азаматтық талап қою бойынша егжей-тегжейлі есеп-қисап жүргiзу мүмкiн болмаған кезде азаматтық талапкердің талап қоюды қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.

4. Сот ақтау үкімін қаулы еткен, сол сияқты есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекет анықталмаса не сотталушының немесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешiлген адамның қылмыстық құқық бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденбесе не кінәсі анықталмаса, азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.

5. Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

6. Сот талап қоюды:

1) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған;

2) жасаған іс-әрекетінiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздер болмауына байланысты iс тоқтатылған;

3) іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған;

4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайларда, қараусыз қалдырады.

Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
171-бап. Азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету
Азаматтық талапкер азаматтық талап қойған кезде қылмыстық қудалау органы оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қолданылмаған болса, сот басты сот талқылауына дайындалу кезінде осы Кодекстің 325-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органын оларды қолдануға міндеттейді. Азаматтық талап сот талқылауы сатысында қойылған кезде сот азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады.

172-бап. Соттың үкiмiн және қаулысын азаматтық талап қою

бөлiгiнде орындау
Сот азаматтық талап қоюды толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде соттың үкімін, қаулысын азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзім белгілеуге құқылы, бұл ретте азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту қағидалары қолданылуы мүмкін. Сот актісін азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
173-бап. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры
1. Қылмыстық қудалау органының қаулысымен жәбірленушілер болып танылған тұлғалардың жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде көзделген жағдайларда, тәртіппен, мөлшерлерде және мерзімдерде осы қордан мемлекеттік ақшалай өтемақыны кейінге қалдырмай толық не ішінара алуға құқығы бар.

Мемлекеттік өтемақыны кейінге қалдырмай алуға құқығы бар жәбірленушілердің санаты жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде айқындалады.

2. Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде айқындалған төлем мөлшерінде жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры төлеген ақшаның орнын толтыру міндетін сот үкіммен:

1) кінәлі адамға;

2) кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне;

3) жеке тұлғаның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен келтірілген зиян үшін заңға сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді.

Егер адам бір мезгілде бірнеше қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді жасауда кінәлі болып танылса, төлем олардың неғұрлым ауыры негізге алына отырып есептеледі.

3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардан жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заңнамалық актіде белгіленген мөлшердегі төлемді осы қорға азаматтық тәртіппен өндіріп алу үшін негіз болып табылады.

21-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

БАРЫСЫНДА ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ

ШЕККЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ӨТЕУ
174-бап. Заң көмегіне ақы төлеу
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қорғаушысы мен өкілінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат сотқа дейінгі іс жүргізуге не сотқа клиентпен шарт жасаспай, тағайындау бойынша қорғаушы ретінде не жәбірленушінің өкілі, жекеше айыптаушы ретінде қатысқанда адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық процестi жүргiзетiн орган бұған негіздер болған кезде күдіктiнi, айыпталушыны, сотталушыны заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған

жұмысы үшiн сыйақы алуы


1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:

1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса – жұмыс орны бойынша жалақы;

2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және оны жұмыстан тыс уақытта орындаса – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлемелер шегiнде бюджет қаражаты есебiнен сыйақы;

3) егер жұмысты тараппен уағдаластық бойынша орындаса – осы тараппен жасалған шартта айқындалған мөлшерде сыйақы алады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайда, сыйақы аудармашы, маман, сарапшы шотты бергеннен кейiн шығарылған қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде төленеді.
176-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын тұлғалардың

шеккен шығыстарын өтеу


1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша жәбірленушінің қорғаушысы немесе өкілі (жекеше айыптаушы) ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:

1) қылмыстық процесті жүргiзетін органның шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстары:

темiржол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргізетін органның келiсімiмен – әуе көлiгiмен жол жүру құны;

қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған нормалар бойынша ұйым, жұмыс берушi осы шығыстарды өтемейтiн жағдайда тұрғын үй-жайды жалдау құны;

2) қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша бұл адамдардың тұрақты тұрғылықты жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн жағдайда – тәулiктiк ақы;

3) орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтыннан басқа жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы;

4) тұлғаның қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша тергеу iсiне немесе басқа да процестік әрекетке қатысуы салдарынан сапасын жоғалтқан немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.

2. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәның, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзетін органның талабы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi.

3. Маман мен сарапшыға оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны да, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың жабдықты, коммуналдық және басқа да қызметтерді пайдаланғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған тұлғалардың қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен шығыстары олардың арызы бойынша қылмыстық процестi жүргізетін орган қаулысының негiзiнде, заңнамада белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Көрсетілген шығыстарды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Көрсетілген шығыстар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған тұлғаларды тергеу әрекетіне қатысуға не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда тартқан тараптың есебiнен өтелуi де мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақтарында көзделген шығыстарды қылмыстық процестi жүргізетін орган заңнамаға сәйкес өз бастамасымен өтеуi мүмкiн.

22-тарау. ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАР
177-бап. Процестік шығындар
Процестік шығындар:

1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге осы Кодекстiң 174, 175-баптарында көзделген тәртiппен төленетiн сомалардан;

2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды әдеттегі айналысатын кәсібінен қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан;

3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзетін органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты ішінде толық ала алмаған жалақысын өтеу үшiн төленетiн сомалардан;

4) сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сотта өз мiндеттерiн қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындағаннан басқа жағдайларда орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан;

5) күдіктi, айыпталушы немесе сотталушы заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан жағдайда, қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан;

6) жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, ол төлейтін сомалардан;

7) заттай дәлелдемелердi сақтауға және жіберуге жұмсалған сомалардан;

8) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан;

9) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес есептелген сомалардан;

10) күдікті, айыпталушы, сотталушы тергеушiге немесе сотқа дәлелді себепсіз келмеген жағдайда, оларды күштеп әкелуге байланысты, сондай-ақ сотталушының сотқа дәлелді себепсіз келмеуiне не оның мас күйде келуiне байланысты сот талқылауын кейінге қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;

11) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен өзге де шығыстардан құралады.


178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу
1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне қабылданады.

2. Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін.

3. Іске аудармашының қатысуына байланысты процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртiбiнде орындаса, оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi.

4. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) ретінде заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты процестік шығындар, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, бюджет қаражатының есебіне жатқызылады.

5. Сотталушы ақталған немесе іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарына сәйкес тоқтатылған жағдайда, процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны ол кiнәлi деп танылған айыптауға байланысты процестік шығындарды төлеуге мiндеттейдi.

6. Процестік шығындар өндіріп алынуға тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда, олар мемлекет есебiне қабылданады. Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

7. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот процестік шығындар олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталған адамның кiнәсiнiң сипатын, оның қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын ескереді.

8. Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша процестік шығындарды төлеуді кәмелетке толмаған адамның ата-анасына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктей алады.

9. Сотталушы жекеше айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот процестік шығындарды шағымы бойынша iс жүргiзу басталған тұлғадан толық немесе iшiнара өндіріп алуға құқылы. Іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған кезде процестік шығындар сотталушыдан өндіріп алынады.

10. Күдікті, айыпталушы қайтыс болған жағдайда, олардың мұрагерлері процестік шығындарға байланысты міндеттемелер бойынша жауаптылықта болмайды.

11. Процестік шығындарды өндіріп алу құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруіне орай тоқтатылады.

12. Процестік шығындар туралы деректер болған жағдайда, осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қылмыстық қудалау органы процестік шығындарды өндiріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi.


ЕРЕКШЕ БӨЛІК
6-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША

СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ


23-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІҢ БАСТАЛУЫ
179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.

2. Осы Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.

3. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.

4. Келіп түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.

5. Келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі, ол туралы арыз иесі хабардар етіледі.

6. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу арызды, хабарды осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды.

180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері
1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда:

1) қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның хабары;

2) кiнәсiн мойындап келу;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;

4) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы рапорты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері болып табылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеліп жатқан іс бойынша хабарсыз кеткен адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, іс-әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады.

3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.


181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша болуы мүмкiн.

Жазбаша арызға оны берген адам осы баптың екінші бөлігінде айтылған, арыз иесі туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиiс.

2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабары және заңды тұлғаның арызы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі.

4. Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі жасалып, ол арыз иесінің қолымен куәландырылады.

5. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелместен, үш тәулік ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі.

6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы анонимді хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп бола алмайды.


182-бап. Кiнәсiн мойындап келу
1. Кiнәсiн мойындап келу – адам әлі күдікті деп танылмаған не ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұстап алынбаған кезде, адамның қылмыстық қудалау органына өзi жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерiктi түрде, жазбаша немесе ауызша хабарлауы.

2. Ауызша арыз осы Кодекстің 181-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қабылданады және хаттамаға енгiзiледi.

3. Егер кiнәсiн мойындап келген кездегi арызда қылмыстық құқық бұзушылықтың сыбайлас қатысушылары көрсетілсе, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
183-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат

құралдарындағы хабар


1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда не радио, теледидар немесе телекоммуникациялық желілер арқылы таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады.

2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамды атауға мiндеттi.


184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны

туралы баянат


1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда:

1) өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда;

2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілген адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды және өзге де материалдарды қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат толтырады.

3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат тиісті мәліметтерді қамтитын соттың жекеше қаулысы келіп түскен жағдайда толтырылуы мүмкін.
185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен

хабарларды қабылдау мiндеттiлiгi


1. Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тiркеуге мiндетті. Арыз иесіне қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі.

2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың осы Кодекстің 180-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да себептерін қабылдау мен тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады, сондай-ақ оған осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.

3. Сот қылмыстық істі талқылау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтағанда, оны жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті не қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдаудан, тіркеуден бас тарту фактілерін, оларды қабылдау мен тіркеудегі өзге де бұзушылықтарды анықтағанда, бұл туралы жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды

немесе хабарды тергеулігі бойынша беру


1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарлар:

1) қылмыстық құқық бұзушылық осы ауданнан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшiн қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда;

2) қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізу басқа қылмыстық қудалау органының айрықша тергеулігіне жататын болғанда, тергеулігі бойынша берілуге жатады.

2. Қылмыстық қудалау органының басшысы арыздарды, хабарларды қолда бар материалдармен бірге прокурор арқылы тергеулігі бойынша жібереді.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу талап етілетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар келіп түскен жағдайларға қолданылмайды. Мұндай жағдайларда жиналған материалдар арыз, хабар тіркелген кезден бастап бес тәуліктің ішінде тергеулігі бойынша беру үшін прокурорға беріледі.

4. Арыздар, хабарлар оқиға болған орынды, жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезінде анықталған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар берген нәрселермен және құжаттармен бірге тергеулігі бойынша беріледі.

5. Жәбірленушілердің (жекеше айыптаушылардың) жекеше айыптау тәртібімен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздары ғана соттылығы бойынша берілуге жатады.

24-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ



ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
187-бап. Тергеулік
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 255, 256, 257, 259, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды жымқыруға не қорқытып алуға қатысты), 360, 373, 374, 375, 392 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екінші бөлігінде), 445 (екiншi бөлiгiнде), 458 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға, ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (төртінші бөлігінде), 438 (үшінші бөлігінде), 439 (үшінші бөлігінде), 441 (төртінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеулігіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екінші бөлігінде), 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшінші бөлігінде), 120, 121, 122, 124, 125, 126 (екінші және үшінші бөліктерінде), 127, 128 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 147 (үшінші бөлігінде), 148, 150 (екінші бөлігінде), 151, 155 (екінші бөлігінде), 156 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 157, 188 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 192, 194 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 196 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 200 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 201 (екінші бөлігінде), 202 (екінші және үшінші бөліктерінде), 203, 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210 (екінші және үшінші бөліктерінде), 211 (екінші және үшінші бөліктерінде), 212 (екінші бөлігінде), 213 (екінші және үшінші бөліктерінде), 251, 252 (екінші бөлігінде), 261, 268, 271, 272, 273, 274 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 288 (екінші және үшінші бөліктерінде), 291, 293 (екінші және үшінші бөліктерінде), 295 (үшінші бөлігінде), 296 (төртінші бөлігінде), 297, 298, 299 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 300 (екінші бөлігінде), 301, 302, 303 (екінші бөлігінде), 304, 305, 306 (екінші және үшінші бөліктерінде), 308 (екінші және үшінші бөліктерінде), 309 (екінші және үшінші бөліктерінде), 310 (екінші бөлігінде), 312, 314 (екінші бөлігінде), 315 (екінші бөлігінде), 317 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 318, 319 (бесінші бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде), 322 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 323, 324, 325 (екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (екінші және үшінші бөліктерінде), 327, 328 (екінші және үшінші бөліктерінде), 329, 330, 331 (бірінші бөлігінде), 332, 333, 334 (екінші және үшінші бөліктерінде), 335 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 337 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 338, 340 (төртінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 343 (екінші және үшінші бөліктерінде), 344, 346 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352, 353 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 355, 356 (екінші бөлігінде), 358 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 376 (екінші және үшінші бөліктерінде), 377, 380, 382 (екінші бөлігінде), 386 (екінші бөлігінде), 388, 389 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (үшінші бөлігінде), 401, 402 (екінші бөлігінде), 404 (бірінші бөлігінде), 408, 426 (екінші бөлігінде), 428 (екінші және үшінші бөліктерінде), 429, 437 (төртінші бөлігінде), 438 (екінші және үшінші бөліктерінде), 439 (екінші және үшінші бөліктерінде), 440 (төртінші бөлігінде), 441 (төртінші бөлігінде), 442 (екінші және үшінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 446 (екінші бөлігінде), 449 (үшінші бөлігінде), 453 (екінші бөлігінде), 454 (бірінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде), 462 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 464, 465, 466 (төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 214 (екінші бөлігінде), 215 (екінші, үшінші бөліктерінде), 216 (екінші және үшінші бөліктерінде), 217 (үшінші бөлігінің 3) тармағында), 219, 220, 221, 223, 224, 226 (екінші бөлігінде), 228 (екінші және үшінші бөліктерінде), 229 (екінші және үшінші бөліктерінде), 230 (екінші және үшінші бөліктерінде), 231, 232, 234 (екінші және үшінші бөліктерінде) 235, 236 (екінші және үшінші бөліктерінде), 237, 238, 239 (екінші бөлігінде), 240, 243 (бірінші бөлігінде), 244 (екінші бөлігінде), 245 (екінші және үшінші бөліктерінде), 248 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249, 253, 254, 307, 361, 362, 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 251-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру қаржы полициясы органдары тергеушілерінің тергеулігіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149 (екінші және үшінші бөліктерінде), 193, 195 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 197 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 198 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 199 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 250, 371, 407 (үшінші бөлігінде), 409, 411, 412, 413, 414 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 415, 416, 417, 418, 419 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында, төртінші бөлігінде), 190 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1), 3) тармақтарында, төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді iшкi iстер органдары, ал мемлекетке залал келтірілген жағдайда – қаржы полициясы органдары жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146, 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді осы органның қызметкері болып табылмайтын адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған iшкi iстер немесе қаржы полициясы органдары жүргiзедi.

5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 182, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 437 (бесінші және жетінші бөліктерінде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (бесінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 443 (үшінші бөлігінде), 444, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.

6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218, 262, 263, 264, 265, 266, 450, 451, 452-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.

7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.

8. Түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жасалған ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзiледi.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерде жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Тергеу әрекеттерiн басқа ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзу қажет болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жеке өзi жүргiзуге не бұл әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасырын тергеу әрекеттерін немесе iздестiру іс-шараларын жүргiзудi сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнындағы немесе олар жүргiзілетін жердегi анықтау органына тапсыра алады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді қоспағанда, тапсырма он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.

4. Тергеушінің, прокурордың тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындаған кезде анықтау органының қызметкері тергеушінің өкілеттіктерін пайдаланады.


189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.

2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он екінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.

3. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.

4. Анықтау органының бастығы қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша, осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, анықтау тағайындауға құқылы.

5. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайының жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.

6. Қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.


190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
1. Хаттамалық нысандағы істерді қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.

2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.

3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.

4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.

5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін ресімдейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.

6. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:

1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына қатысты;

2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;

3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитетi бар адамдарға қатысты;

4) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың біреуі болса да өз кінәсін мойындамаған жағдайда;

5) кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қолданылмайды.

7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айыптау актісімен бірге қылмыстық істі ала отырып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына әрекеттердің бірін жүргізеді:

1) айыптау актісін бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;

2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;

3) жекелеген күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады.
191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда

жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру


1. Осы баптың екінші – он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 117 (екінші бөлігінде), 118 (екінші бөлігінде), 119 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 126 (бірінші бөлігінде), 128 (бірінші бөлігінде), 136, 137 (екінші бөлігінде), 139, 142, 143 (бірінші бөлігінде), 153, 158 (екінші бөлігінде), 188 (бірінші бөлігінде), 191 (бірінші бөлігінде), 194 (бірінші бөлігінде), 200 (бірінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 209 (бірінші бөлігінде), 210 (бірінші бөлігінде), 212 (бірінші бөлігінде), 252 (бірінші бөлігінде), 274 (бірінші бөлігінде), 287 (екінші және үшінші бөліктерінде), 288 (бірінші бөлігінде), 290 (бірінші бөлігінде), 293 (бірінші бөлігінде), 295 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде), 308 (бірінші бөлігінде), 309 (бірінші бөлігінде), 310 (бірінші бөлігінде), 311, 313, 314 (бірінші бөлігінде), 315 (бірінші бөлігінде), 319 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 321 (екінші бөлігінде), 322 (бесінші бөлігінде), 337 (үшінші бөлігінде), 339, 341 (бірінші бөлігінде), 342 (екінші бөлігінде), 345 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (екінші және үшінші бөліктерінде), 347, 348 (екінші бөлігінде), 349 (екінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 357 (бірінші бөлігінде), 358 (екінші бөлігінде), 359 (екінші бөлігінде), 372, 379 (екінші бөлігінде), 386 (бірінші бөлігінде), 387, 390 (екінші және үшінші бөліктерінде), 394 (бірінші бөлігінде), 398 (үшінші бөлігінде), 399 (бірінші және екінші бөліктерінде), 402 (бірінші бөлігінде), 407 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші бөлігінде), 427, 428 (бірінші бөлігінде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды ішкі істер органдары жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 (бірінші бөлігінде), 252 (бірінші бөлігінде), 290 (бірінші бөлігінде), 345 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 348 (екінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 398 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізе алады.

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 (бірінші бөлігінде), 215 (бірінші бөлігінде), 216 (бірінші бөлігінде), 233, 245 (бірінші бөлігінде), 247 (үшінші бөлігінде), 248 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды қаржы полициясы органдары жүргізеді.

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 437 (үшінші бөлігінде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 441 (екінші және үшінші бөліктерінде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргiзедi.

5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.

6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 396-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi.

7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жүргiзедi.

8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 217-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды ішкі істер органдары, ал мемлекетке залал келтірілген жағдайда – қаржы полициясы органдары жүргізеді.

9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.

10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргізеді.

11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер, қаржы полициясы органдары немесе егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.

12. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 286-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған iшкi iстер, қаржы полициясы органдары немесе кеден органы жүргiзедi.

13. Осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.

14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.

15. Осы баптың он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.

16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бірінші бөлігінде), 118 (бірінші бөлігінде), 119 (бірінші бөлігінде), 137 (бірінші бөлігінде), 138, 140, 144, 145, 152 (бірінші бөлігінде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса,), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 156 (бірінші және екінші бөліктерінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159, 183, 187, 196 (бірінші және екінші бөліктерінде), 204 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 294, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 303 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 316, 317 (бірінші бөлігінде), 320 (бірінші бөлігінде), 322 (бірінші бөлігінде), 325 (бірінші бөлігінде), 326 (бірінші бөлігінде), 328 (бірінші бөлігінде), 331 (екінші бөлігінде), 334 (бірінші бөлігінде, 335 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336, 340 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 342 (бірінші бөлігінде), 343 (бірінші бөлігінде), 346 (бірінші бөлігінде), 349 (бірінші бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 354 (бірінші бөлігінде), 356 (бірінші бөлігінде), 357 (екінші бөлігінде), 358 (бірінші бөлігінде), 359 (бірінші бөлігінде), 376 (бірінші бөлігінде), 381, 383, 384, 389 (бірінші және екінші бөліктерінде), 391, 393, 395, 397, 398 (бірінші және екінші бөліктерінде), 400, 403, 406, 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкi iстер органдары жүргiзедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет