Кодексі ережелеріне және «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»



бет2/3
Дата29.09.2022
өлшемі31,62 Kb.
#151192
түріКодекс
1   2   3
Байланысты:
Қосымша білім беру педагогының лауазымдық нұсқаулығы

Лауазымдық міндеттері.

3.1 Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
3.2 Қосымша білім берудегі балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады.
3.3. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттарды жүргізеді (Сарайдың бекітілген іс номенклатурасына сәйкес).
3.4. Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
3.5 Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады..
3.6. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.
3.7. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды.
3.8. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына қатысуын (конкурстар, фестивальдер, концерттер және т.б.) ұйымдастырады.
3.9. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады.
3.10. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
3.11. Ата аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі.
3.12. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандаына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет