37-1-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1. Осы бап бір мезгілде мынадай тиісті шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;
2) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімін қолданбайтын (қолданбаған);
3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайтын;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау ерекшелігін белгілейді.
Осы бап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аз заңды тұлғаларға да қолданылады.
2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;
3) таратудың салық есептілігін;
4) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
Таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.
3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:
1) мемлекеттік уәкілетті органдарға - қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ салық органының сұратуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;
2) кеден органдарына - қызметі тоқтатылатын заңды тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының сұратуын алған күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның салық органының сұратуы алынған күні банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жібереді.
Салық органының осы тармақта көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге жатады.
6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.
Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.
Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қолын қойдыра отырып таратылатын заңды тұлғаға тапсырылады немесе оған почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Салық қызметі органы таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) почта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық тексеріп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.
7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 84-тарауына белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.
Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
8. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.
10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
2) салықтардың, төлемақылардың, алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
4) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 605-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;
5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
11. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.
Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек болған жағдайда таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
13. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органға осы Кодекстің 598-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жібереді.
38-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы
1. Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;
3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлімшенің таратудың салық есептілігін табыс етеді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Таратудың салық есептілігi заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесi дербес төлеушi болып танылған салықтың, төлемақының түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған салық кезеңiнiң басынан бастап қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептілігiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету таратудың салық есептілігi табыс етiлген күннен кешіктірмей жүргiзiледi.
3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.
5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің бар банктік шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.
Тапсыру актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына:
1) таратудың салық есептілігін;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсiнiктеменi;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтінішті;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) тапсыру актісін табыс етеді.
Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар бірiгу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.
Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндеті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.
Таратудың салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме - бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына аталған балансты табыс етеді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-2-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
1-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгертуіне негіз болып табылмайды.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есептеуге жатқызылады.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде:
1) бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
3) 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бөлініп шығу - жаңадан туындаған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан туындаған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөліну балансы негізінде береді.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны беру тәртібі осы Кодекстің 595-бабында белгіленеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39-1-бап. Тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) болуына байланысты резидент емес заңды тұлғаға құқықтары мен міндеттерін беру кезінде өзінің филиалын (өкілдігін) ашпастан, салық міндеттемесін орындауы
1. Резидент емес заңды тұлға өзінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болған кезде, филиалын (өкілдігін) ашпастан және тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдамастан салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін беру туралы осы Кодекстің 562-бабы 1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлауға міндетті.
Көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық органына:
1) тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) тапсыру актісін табыс етуге міндетті.
Таратудың салық есептілігі салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түрлері бойынша құралады, олар бойынша құқықтары мен міндеттерін беретін тұрақты мекеме мұндай есептілікті табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған салық кезеңінен бастап оны салық органына табыс еткен
күнге дейінгі кезең үшін төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындау тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледі.
3. Тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беруі тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу бойынша өзінің салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
4. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық берешегі болмаған кезде салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері берілген заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 595-бабында белгіленген тәртіппен беру актісінің негізінде береді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |