Тақырыбы:Дамуында ауытқуы бар балалардың таным қабілеттерінің ерекшеліктері
Орындаған:Нурхасен Серикгүл
Тексерген:Мусина.Г.Ғ
Қарағанды: 2021ж.
Кіріспе:
Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді. Дамуында ауытқуы бар балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. Эмоционалды ерікті дамудың жеткіліксіздігі органикалық инфантилизммен көрінеді. Балаларда дені сау балаға тән эмоцияның жылдамдығы мен айқындығы байқалмайды. Дыбыстау жеткіліксіздігі, ол кейде кейбір балалардың бір жұп дыбыстарды қабылдауына байланысты. Дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей: — баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау; — шаршап кетпеуін анықтау; — оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту; — сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру; — ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару; — арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру; — жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. Дамуында ауытқуы бар балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады. Психолог, педагог, тәрбиеші, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді. Дамуында ауытқуы бар баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Таным қабілеті бірнеше кезеңдерден өтеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың таным ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа бөліп қарастырады: 1. Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсетедін балалар; 2. Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз балалар; 3. Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар. Танымдық қабілет (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері қалыптасады.
Мақсаты
Дамуында ауытқуы бар балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады. Психолог, педагог, тәрбиеші, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзете дамыту жұмыстарын жүргізу тиімді.
Дамуында ауытқуы бар баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Таным қабілеті бірнеше кезеңдерден өтеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың таным ерекшеліктерін ескере отырып үш топқа бөліп қарастырады:
1. Бұл ойлау қабілетінің дамуы қалыпты болғанымен танымдық қабілетінің төмендігін көрсететін балалар;
2. Бұл танымдық қабілеті және тапсырманы орындау белсенділігі бірқалыпсыз,балалар;
3. Танымдық қабілетінің дамудан тыс қалған тапсырманы орындау деңгейі өте төмен балалар.
Танымдық қабілет (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері қалыптасады. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық, бақылағыштық, білуге құштарлық тапқырлық, әзденімпаздық сияқты жағымды, болымды жақтары жетіле түседі. Балалар өздерінің қимылдық әрекеттерін бағдарлай да,бақылай да алмайды. Көп жағдайда моториканың бұзылуы, сондай – ақ, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау операцияларының бұзылулары жиі кездеседі. Қимылдың жетіспеушілігінде – тактиль мен кинестетикалық түйсінулерінің бұзылыстары орын алады. Кеңісті бағдарлауының функцияларының бұзылысы да бар.
Міндеттері:
Дамуында ауытқуы бар баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін әр баланың физиологиялық психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып жақын эмоционалды көріністерді тудыратын ой-өрісін кеңейтетін материал алынады. Дамуы баяу балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру оқу материалын жай бөліп қоймай керісінше жалпы дамуға бағытталған жаңа бағдарлама баланың қоршаған ортаға бейімделуі мінез-құлық ерекшелітері өзін-өзі төмен бағалауы қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы өз күшіне деген сенімсіздігі белсенділігі төмен құруды талап етеді. Қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу өзіне-өзі сенімді жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру.