Петропавл қаласы “бэст” гимназиясы Макенова Әлия Мұқанмәдияқызы



Дата20.06.2018
өлшемі3,79 Mb.
#43601

Петропавл қаласы “БЭСТ” гимназиясы

Макенова Әлия Мұқанмәдияқызы

  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: тұңғыш зерттеуші Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру.
  • Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорын байыту.
  • Тәрбиелік: ғaлым мұрасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу, мақтаныш, құрмет сезімге баулу.

“Қазақ мәдениетінің көгіндегі аса ірі жарық жұлдыздардың бірі – Шоқанды уақыт ұмыттыра алмайды. Ол бізден қанша алыстаса да, жарығы мен сәулесі бәрімізге бірдей түседі. ”

  • “Қазақ мәдениетінің көгіндегі аса ірі жарық жұлдыздардың бірі – Шоқанды уақыт ұмыттыра алмайды. Ол бізден қанша алыстаса да, жарығы мен сәулесі бәрімізге бірдей түседі. ”
  • Ә. Дербісәлі.

Шоқан Уәлиханов-

  • қазақтың ұлы ғалымы: шығыстанушы, аудармашы,журналист,ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ.
  • Шын аты- Мұхаммедханапия.
  • “Шоқан”
  • Туған жері – қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын көлінің жағасы
  • Абылай
  • хан
  • Уәли хан
  • Шыңғыс
  • Шоқан
  • Омбы кадет корпусы

Ағартушы – просветитель

  • Ағартушы – просветитель
  • өткір мінезді – прямолинейный характер
  • алғыр ойлы – способный, мыслящий
  • әскери қызмет – военная служба
  • көрнекті ойшыл – видный мыслитель
  • зейінді – внимательный
  • тағайындау – назначать
  • ерекше қабілетті - особо одаренный
  • хат таниды - обучается
  • тілек – желание
  • ұйымдастырып - организовал
  • Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы әрі ғалымы, көрнекті ойшылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекітінде туған. Шоқанның әкесі Шыңғыс Абылайдың немересі, сол жерде аға сұлтан болған. Бала кезінде ауылда ескіше оқып, хат таниды. 1847 жылы Омбы қаласына келеді де, кадет корпусына оқуға түседі. Өткір мінезді, алғыр ойлы, зейінді Шоқан сабақты жақсы оқыды, орыс классиктерінің шығармаларымен танысты. Кадет корпусында оқып жүргенде болашақ этнограф-ғалым Григорий Потанинмен дос болады. Шоқан Потанинге қазақ халқының этнографиясы, шаруашылық кәсібі, әдебиет жайында әңгімелер айтып жүреді, олардың болашақ туралы армандары мен тілектері де ұқсас келеді.
  • 1852 жылы Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы.
  • Шоқан саяхатшы болуды армандайды. Ол Ресей саяхатшыларының еңбектерін қызыға оқиды. 1853 жылы кадет корпусын аяқтайды да, әскери қызметке тағайындалады. Шоқан ерекше қабілетті , әрі Қазақстанның және Орта Азияның жайын жақсы білген. Шоқан әскери қызметін атқара жүріп, өзінің білімін тереңдете түседі. Ол Орта Азия халықтарының тарихын, география мен этнографиясын зерттеумен айналысады. 1855 жылы Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы Қырғыз елін зерттеп, Ыстықкөл жерінің картасын жасайды. 1857 жылы Шоқан Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болады.
  • 1857 жылы Шоқан Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болады. 1858-1859 жылдары Қашқар еліне саяхат ұйымдастырады,
  • ғалым бұл халықтың тарихы мен этнографиясына байланысты бағалы материалдар жинайды. 1859-1861 жылдары «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі дүниеге келеді.Оның зерттеу еңбектері: «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері». Сібір қазақтары үшін 1864 жылы сот реформасының жобасын жазады.
  • Ұлы ғалым, аса дарынды Шоқан Уәлиханов 1865 жылы Алтынемел тауының етегінде Тезек төрінің ауылында қайтыс болады.
  • Шоқан Уәлиханов
  • Қашан?
  • Қандай оқиға болды?
  • Қандай еңбектер жазды?
  • 1835 ж.
  • 1847 ж.
  • 1852 ж.
  • 1853 ж.
  • 1855 ж.
  • 1856-1857 ж .
  • 1858-1859 ж.
  • 1859-1861 ж.
  • 1864 ж.
  • 1865 ж.
  • Омбы қаласындағы ескерткіш
  • Көкшетау қаласындағы ескерткіш
  • Сырымбеттегі мұражай
  • Алтынемелдегі мұражай


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет