Ең төмен күнкөріс деңгейі- Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш
Айлық есептік көрсеткіш-зейнетақы‚ жәрдемақы‚ өзгедей әлеуметтік төлемдер есептеу үшін‚ сондай-ақ айыппұл санкцияларын‚ салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану және есептеу үшін мемлекет жыл сайын белгілейтін есептік көрсеткіш
2017 жылы 14 шілдеде 2017-2019 жылдарға арнаған облыстық бюджет нақтылауы өтті.
Облыстық бюджет көлемі 188 196,2 млн теңгеге ұлғайтылды. Облыстық бюджеттің кіріс көзін 1 263 млн теңгеге ұлғайтылды, аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген артық пайдаланылған нысаналы трансферттер қайтарылды.
Салалар бойынша келесідей қаражаттарға бөлінді.
2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері
|
|
|
|
мың теңге
|
|
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
|
I. Кірістер
|
174 801 940,1
|
147 521 774,0
|
147 870 112,0
|
|
Салықтық түсімдер
|
9 217 033,0
|
10 211 876
|
10 647 285
|
|
Салықтық емес түсімдер
|
234 230,2
|
158 439
|
64 737
|
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
8 300,0
|
8 300
|
8 300
|
|
Трансферттердің түсімдері
|
163 342 376,9
|
137 143 159
|
137 149 790
|
|
II. Шығындар
|
173 716 406,0
|
147 521 774,0
|
147 870 112,0
|
|
III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ
|
7 429 518,7
|
-9 634 185,0
|
-3 246 776,0
|
|
Бюджеттік кредиттер
|
10 973 651,5
|
0
|
0
|
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу
|
3 544 132,8
|
9 634 185
|
3 246 776
|
|
IV. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО
|
807 549,0
|
0,0
|
0,0
|
|
ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ
|
807 549,0
|
0
|
0
|
|
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР
|
0
|
0
|
0
|
|
V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)
|
- 7 151 533,6
|
9 634 185,0
|
3 246 776,0
|
|
VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)
|
7 151 533,6
|
-9 634 185,0
|
-3 246 776,0
|
|
ҚАРЫЗДАРДЫҢ ТҮСІМІ
|
9 463 584,0
|
0
|
0
|
|
ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ
|
2 698 662,8
|
9 634 185,0
|
3 246 776,0
|
Бюджеттің түсімдері
2017-2019 жылдарға облыстық бюджет кірістерінің болжамдау кезінде 2015 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы, үстіміздегі жылдың 9 айындағы нақты түскен түсімдерге байланысты күтілетін болжамның бағалануы және уәкілетті органдардың мәліметтері қаралды.
2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді:
2017 жылға – 9 437 544 мың теңге;
2018 жылға – 10 378 615 мың теңге;
2019 жылға – 10 720 322 мың теңге.
Облыстық бюджеттің салықтық түсімдері 2017-2019 жылдарға төмендегідей көлемде белгіленді:
2017 жылға – 9 217 033 мың теңге;
2018 жылға – 10 211 876 мың теңге;
2019 жылға – 10 647 285 мың теңге.
Салықтық түсімдердің 99,8 пайызын төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық құрады.
Облыстық бюджет кірісінің негізін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың Қызылорда қаласы мен аудандық бюджеттерінің аударым пайыздары құрады.
Жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша нормативтік аударым төмендегідей пайыздармен реттелді.
Аудандық бюджеттермен:
Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын және төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:
50% - аудандық бюджетке,
50% - облыстық бюджетке;
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:
100% - аудандық бюджетке;
әлеуметтік салық бойынша:
50% - аудандық бюджетке,
50% - облыстық бюджетке;
Қызылорда қаласы бюджетімен:
жеке табыс салығы бойынша:
70% - қалалық бюджетке,
30% - облыстық бюджетке;
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:
70% - қалалық бюджетке;
30% - облыстық бюджетке;
әлеуметтік салық бойынша:
70% - қалалық бюджетке,
30% - облыстық бюджетке.
Осыған сәйкес, жеке табыс салығы бойынша:
2017 жылға – 4 994 751 мың теңге;
2018 жылға – 5 202 028 мың теңге;
2019 жылға – 5 413 315 мың теңге болып белгіленді.
Әлеуметтік салық бойынша:
2017 жылға – 4 205 517 мың теңге;
2018 жылға – 4 384 148 мың теңге;
2019 жылға – 4 564 436 мың теңге болып белгіленді.
2017-2019 жылдарға облыстық бюджеттің салықтық емес түсімдер бойынша жоспары:
2017 жылға – 212 211 мың теңге;
2018 жылға – 158 439 мың теңге;
2019 жылға – 64 737 мың теңге болып белгіленді.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері бойынша:
2017 жылға – 8 300 мың теңге;
2018 жылға – 8 300 мың теңге;
2019 жылға – 8 300 мың теңге болып белгіленді.
Қазақстан Республикасының «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес облысымызға бөлінетін субвенция көлемі:
2017 жылға – 130 435 242 мың теңге;
2018 жылға – 137 143 159 мың теңге;
2019 жылға – 137 149 790 мың теңге болып белгіленуде.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» коды бойынша 2017 жылы – 1 875 718 мың теңге, 2018 жылы – 9 634 185 мың теңге, 2019 жылы – 3 246 776 мың теңге қаралды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №775 қаулысына сәйкес Қызылорда облысына республикалық бюджеттен барлығы 36 084 427 мың теңге нысаналы трансферттер мен несиелер бөлінді, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 17 262 679 мың теңге, даму нысаналы трансферттері 11 123 164 мың теңге және несиелер 7 698 584 мың теңгені құрады.
«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 87 қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен барлығы 5 658 864 мың теңге бөлінуде, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 1 031 364 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 2 862 500 мың теңге, бюджеттік кредиттер 1 765 000 мың теңге.
Осылайша, облыстық бюджеттің жалпы кірістер көлемі 2017 жылы 174 801 940,1 мың теңге, 2018 жылы 157 155 959 мың теңге, 2019 жылы 151 116 888 мың теңгені құрады.
Бюджеттің шығындары
мың теңге
|
Атауы
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
|
ІІ. Шығындар
|
173 455 710,5
|
174 521 774,0
|
147 870 112,0
|
1
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
|
3 179 950,9
|
2 768 967,0
|
3 237 569,0
|
2
|
Қорғаныс
|
1 538 275,8
|
750 609,0
|
757 523,0
|
3
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
7 432 813,2
|
5 478 727,0
|
4 314 889,0
|
4
|
Білім беру
|
22 449 997,2
|
18 663 779,0
|
17 199 805,0
|
5
|
Денсаулық сақтау
|
24 913 334,1
|
5 559 702,0
|
4 920 139,0
|
6
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру
|
5 444 854,6
|
3 832 020,0
|
3 929 954,0
|
7
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
13 259 510,8
|
2 592 273,0
|
2 545 606,0
|
8
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
|
8 180 024,0
|
9 369 920,0
|
7 498 085,0
|
9
|
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану
|
1 704 739,8
|
0,0
|
0,0
|
10
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
|
11 633 703,9
|
8 703 458,0
|
9 128 447,0
|
11
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
325 635,3
|
181 842,0
|
184 059,0
|
12
|
Көлiк және коммуникация
|
8 521 682,9
|
19 248 375,0
|
23 719 746,0
|
13
|
Басқалар
|
2 914 961,5
|
6 161 625,0
|
6 325 839,0
|
14
|
Борышқа қызмет көрсету
|
16 114,0
|
15 622,0
|
5 489,0
|
15
|
Трансферттер
|
62 200 808,0
|
64 194 855,0
|
64 102 962,0
|
Негізінен облыстық бюджеттің шығындарының 35,1 % үлесі әлеуметтік салаға бейімделген, яғни облыстық бюджет әлеуметтік салаға бағытталып отыр.
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫСТАРЫ
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде 2017 жылға 7432,8 млн теңге, 2018 жылға 5478,7 млн теңге, 2019 жылға 4314,8 млн теңге қаражат көзделген.
Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылға Облыстық Ішкі істер департаментін материалдық-техникалық базасын нығайту үшін сонымен қатар, аумақтағы қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында келесідей шығындарға қаржы қарастырылуда:
- жергілікті полиция қызметін қазіргі заман талабына сай қондырғылармен орнатылған қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етуге;
- айыпталушы азаматтарды тасымалдауға арналған автокөлікті сатып алуға;
- Учаскелік полиция пункттерін орналастыру үшін тұрғын үй немесе пәтер сатып алуға;
- портативті бейнежетондар сатып алуға;
- бейне камералар орналастыруға;
- көлік ағынындағы автомобильдердің мемлекеттік тіркеу белгілерін жедел анықтауға арналған жылжымалы кешенге;
- техникалық қаруландыруға;
- таранға қарсы қорғау құрылғыны монтаждау және қалпына келтіруге;
- «Облыстық мекемелер үйіне» таранға қарсы құрылғыны сатып алуға;
- «Қызылорда қаласындағы ҚІІБ-ның Ақсай полиция бөлімі ғимаратының құрылысы» концессиялық жобасын, концессиялық ұсыныстары, конкурстық құжаттамалар мен концессия шарт жобасына сараптама жүргізуге.
Сонымен қатар, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру қызметін үйлестіру және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды алдын алу мақсатында, сонымен қатар төтенше жағдайлардың алу, оның салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін де бірнеше қаржылар қарастырылуда:
- Жүктерді тиеп түсіретін кран манипулятор сатып алуға;
-Эфирлік теле және радиотарату, цифрлық және аналогтық форматтағы кабельді телеарналарға қосылу жабдығы;
- Қауіпсіздік қызметін қамтамасыз ету мақсатында электросирена сатып алуға;
- газқағарлар сатып алуға;
- әскери оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларға арналған киім- кешекпен қамтамасыз етуге;
- қатардағы сержанттық құрамдағы жол-потрульдік полиция қызметкерлерін кезең-кезеңімен лауазымдық дәрежесін офицерлік құрамға ауыстыруға (248 бірлікке жасалған есебі) ;
- қала аумағында 7 дана стационарлық пунктерін сатып алуға және орнатуға, ауылдық жол-патрульдік полициясына мемлекеттік стандартына сәйкес видео тіркеу жүйесі, мобильдік радио байланыс құралдармен жабдықталған 6 дана патрульдік автокөлік сатып алуға және де есірткі бизнесіне қарсы мақсатында жергілікті аймақты әуе арқылы тексеру үшін 1 дана пилотсыз авиациялық жүйесін сатып алуға;
- жергілікті халықты террорлық акті туындауы немесе дайындалуы туралы ақпараттарды хабарлауға арналған 110 шұғыл номерімен толықтырылған А1 форматтағы-3000 дана, А3 форматтағы-3000 дана плакаттарды қоғамдық көліктерге орналыстыруға;
- қызметтік автокөліктердің үнемі жауынгерлік дайындықта болуын қамтамасыз ету мақсатында және техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарын жасауға 2 дана ангар сатып алуға, 6 дана арнайы автокөліктертерге, 17 дана мотопомпа, кедергілерден өту жолағында орналасқан бум, спорттық қоршау, оқу-жаттығуға арналған шағын үйшік сатып алуға, Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі депосы ғимаратының күрделі жөндеуге;
- Облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамын арттехқару-жарақ мүлкімен қамтамасыз ету мақсатында арнайы қару жарақтан ататын газды гранаталар, тітіркендіргіш әсері бар дыбыс шығаратын гранаталар, жарақаттайтын әсері бар (резеңке оғы бар) патрондар сатып алуға;
- аймақтарды бақылау мақсатында есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына әуе арқылы тексеру үшін 1 дана пилотсыз авияциялық жүйесіне және Ішкі істер органдарына сеткомет сатып алуға қосымша қаржы қаралды.
Білім беру
Білім беру функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде 2017 жылға 22449,9 млн теңге, 2018 жылға 18663,7 млн теңге, 2019 жылға 17199,8 млн теңге қаражат көзделген.
Аймақтың білім беру жүйесі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және аймақ экономикасын тұрақты өсуі үшін білімнің сапалы қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы 2017-2019 жылдарға арналған білім жүйесін дамытуға арналған шығыстар мынадай іс-шараларды өткізуге қаралды:
- «Денсаулыққа және өмірге бейімдеу» әлеуметтік жоба аясында;
- Терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық мамандандырылған санаториялық мектеп интернаттары, коррекциялық мектеп - интернатына бейне камералар орнатуға;
- Ақпараттық коммуникациялық технологияларды ендіруге, орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға;
- Облыстық білім беру мекемелерін оқулықтармен қамтамасыз етуге;
- Республикалық бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджет базасына мектептерге цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға және ұстауға;
- Балаларды олимпиадалар мен спартакиадаларға қатысуға тиісті жағдайлар жасауға, республика көлемінде облыстың дарынды балаларының жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуге, аймақтық дене тәрбиесі» МКҚК және «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы МКҚК-дарды ұстау шығындарына;
- Балалардың оңалту және бейімдеу орталықтарын ұстау шығындарына;
- Жасөспірімдер үйін және отбасы үлгідегі балалар ауылын ұстау шығындарына;
- Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығын ұстау шығындарына;
- «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындауға;
- Жалағаш индустриалды-аграрлы колледжінің оқу корпусы мен жатақхана ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге, терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында 6 техникалық және кәсіптік колледждерге бейне камералар орнатуға, Жалағаш индустриалды аграрлы колледж, Қазалы көлік-техникалық колледжі, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, Қызылорда индустриалды-техникалық колледждеріне негізгі құралдар сатып алуға, Қызылорда индустриалды техникалық колледжіне жобалық-сметалық құжатын дайындауға;
Сонымен қатар республикалық бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджет базасына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде шәкіртақының ұлғаюына, мамандарды даярлауға;
- И. Абдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық колледж ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге, терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында И. Абдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық колледжі және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық коледжіне бейне камералар орнатуға, республикалық бюджет қаражаты есебінен жергілікті бюджет базасына орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауда мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде ұлғайтуға, 3 мемлекеттік колледжінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мамандарды даярлауға;
- Облыстық әдістемелік орталығын ұстау шығындарына;
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы мамандарды және қазіргі таңда оқуын жалғастырып жатқан шәкірттердің тамақтануына, сонымен қатар, өңірге қажетті жұмысшы мамандықтарды қайта даярлауға;
- Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің жатақхана ғимараты мен оқу ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге, Қызылорда Политехникалық колледжін күрделі жөндеуден өткізуге, Қызылорда агротехникалық колледжіне ЖСҚ дайындауға, ескірген компьютерлердің орнына жаңа буындағы компьютерлер сатып алуға;
- 42 иновациялық мектептер мен 8 Оқушылар үйін «Робототехника» кабинеттерімен қамтамасыз етуге, ескірген компьютерлердің орнына жаңа буындағы заманауи компьютерлермен қамтамасыз етуге, жалпы білім беретін мектептерді қосымша физика кабинеттерімен қамтамасыз етуге, жалпы білім беретін мектептердің ескірген парталарын жаңартуға;
- апаттық жағдайдағы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 90 орындық «Айгөлек», «Ертөстік» атты екі бала бақша құрылысын аяқтауға, жаңа бастама негізінде апаттық және тіректі елді мекендерде бала бақшалар құрылысына, атап айтқанда Қармақшы ауданы Төребай би, Иіркөл елді мекендерінде 50 орындық, Шиелі ауданы Еңбекші, Тартоғай, Жалағаш ауданы Мәдениет елді мекендерінде 90 орындық, Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде, Қызылорла қаласы Тасбөгет кентінде 140 орындық бала бақшалардың құрылысын бастауға;
- құрылысы 2016 жылы басталған апаттық жағдайдағы 12 мектептің құрылысын аяқтауға, құрылысы республикалық бюджеттен жүзеге асырылып жатқан Жаңақорған ауданы Нәлібаев елді мекеніндегі 300 орындық, Жаңақорған ауданы Төменарық елді мекеніндегі 300 орындық мектептердің құрылысын қоса қаржыландыруға, 1 мектептің жапсарлас құрылысына, бейімделген ғимаратта орналасқан 2 мектептің құрылысына;
- Қармақшы ауданында жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысына;
Сонымен қатар Қызылорда облысына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен:
- тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге;
- Жаңақорған ауданы Нәлібаев, Төменарық, Түгіскен елді мекендеріндегі 300 орындық мектептердің, Әйтеке би, Жосалы, Жаңақорған кенттеріндегі, Арал қаласындағы 300 орындық мектептердің құрылысына, Жанақорған ауданындағы 300 орындық орта мектеп құрылысына;
- Арал ауданы Арал қаласындағы Сәдібеков № 23 "Б" көшесіндегі 300 орындық мектептің, Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекендегі 300 орындық мектептің, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Қорқыт ата көшесіндегі № 13 "Б" участігіндегі 300 орындық мектептің, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кетінде 300 орындық мектептің, Қармақшы ауданы Жосалы ауылындағы 300 орынға арналған №183 мектептің құрылыстарын қоса қаржыландыруға;
- «Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық қолдауға, оның ішінде тәуелсіз сараптама қызметіне;
-«Өмірдің қиын жағдайында түскен балаларға және отбасын қолдау орталығы» жобасын әзірлеуге;
- «№ 6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекеменің ауыз су және кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекеменің аумағы мен ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- «№ 2 облыстық балалар оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемене жұмсақ мүкәммәлар мен ыдыс-аяқтарын сатып алуға;
- «Қазалы аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға бу (газды) қазандығын сатып алуға, Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) коммуналдық мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға;
- 2,5,7 сыныптарындағы оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуге;
- «№ 9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ауласын қоршауға қаралды.
Және де Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекеніндегі 140 орындық балабақшаның құрылысына;
- Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі № 45 Ақ-орда мектеп-гимназиясының жаңа корпусын салуға қаралып отыр.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Денсаулық сақтау функционалдық тобы бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстары шеңберінде 2017 жылға 24913,3 млн теңге, 2018 жылға 5559,7 млн теңге, 2019 жылға 4920,1 млн теңге қаражат көзделген.
Денсаулық сақтауды дамытудың негізгі мақсаттары – мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ана мен сәби өлім жетімін азайту, медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру және тағы басқалар.
2017-2019 жылдарға арналған Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы шығыстар
мың теңге
№
|
Іс-шараның атауы
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
|
Барлығы
|
4 273 293
|
3 790 079
|
3 853 236
|
1
|
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау
|
74 935
|
68 993
|
72 443
|
2
|
Ана мен баланы қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер
|
141 802
|
149 053
|
151 163
|
3
|
Туберкулез, жұқпалы аурулар, психикалық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты күйзелістен және мінез-құлқының бұзылуынан зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету
|
22 332
|
23 672
|
24 855
|
4
|
Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету
|
39 449
|
41 816
|
43 906
|
5
|
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтер
|
22 332
|
23 672
|
24 855
|
6
|
Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау
|
115 976
|
104 664
|
109 897
|
7
|
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау
|
414 769
|
429 132
|
440 532
|
8
|
Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары
|
31 401
|
33 011
|
33 614
|
9
|
Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі
|
752 437
|
600 309
|
615 566
|
10
|
Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары
|
2 370 302
|
2 315 757
|
2 336 405
|
11
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
|
400 000
|
|
|
2017-2019 жылдары саланы қаржыландыруда ең көп үлесін шамамен 53 пайызын медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары құрайды. Олар:
Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталығының ғимаратын күрделі жөңдеуге;
Қызылорда қаласындағы "Әйелдер консультациясы бар Қызылорда қалалық перинаталдық орталығы" МКҚК перзентхана үйінің ғимаратын күрделі жөңдеуге;
Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі ауылдық аурухананың ғимаратын күрделі жөңдеуге;
Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылындағы ауылдық аурухана ғимаратын күрделі жөңдеуге;
Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері аумағының қоршауына күрделі жөңдеуге;
Медициналық құрал-жабдықтар және көліктер сатып алуға қаралды.
- Көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз), идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы, аяқтың эмболиясы және тромбозы диагнозы бар науқастарды дәрілік заттармен қамтамасызге;
бірыңғай диспечерлік қызмет құру мақсатында «Көмек» бағдарламасын толықтай ендіруге қаралды.
Бұдан басқа, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 150 төсектік аудандық аурухана құрылысын қоса қаржыландыруға;
- Шиелі ауданы Шиелі кентінде 150 орындық аудандық аурухана құрылысының және Жөлек елді мекенінде апаттық жағдайдағы дәрігерлік амбулатория құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге;
- Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарына;
- Арал ауданы Арал қаласындағы 150 төсектік аудандық аурухана құрылысын қоса қаржыландыруға;
- «Қызылорда қаласында аусымына 100 келушіге арналған емханасымен қоса 200 төсекке арналған онкологиялық орталық құрылысы» жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге;
- «Шиелі ауданы Жөлек ауылық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын тұжырымдамасына сараптама жүргізуге;
- «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхананың құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының консультациялық қолдауға, оның ішінде конкурстық құжаттама мен шарт жобасын әзірлеуге және тәуелсіз сараптама қызметіне;
- «Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының консультациялық қолдауға, оның ішінде конкурстық құжаттама мен шарт жобасын әзірлеуге және тәуелсіз сараптама қызметіне;
- «Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының консультациялық қолдауға, оның ішінде конкурстық құжаттама мен шарт жобасын әзірлеуге және тәуелсіз сараптама қызметіне;
- «Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының консультациялық қолдауға, оның ішінде конкурстық құжаттама мен шарт жобасын әзірлеуге және тәуелсіз сараптама қызметіне;
- «Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының консультациялық қолдауға, оның ішінде конкурстық құжаттама мен шарт жобасын әзірлеуге және тәуелсіз сараптама қызметіне қаржы қаралып отыр.
Сонымен қатар қарттарға және мүгедектерге мейірбикелік күтім көрсету үшін бөлім ашуға;
- балалар реаниматологтарын және неонотолог дәрігерлерін оқытуға;
- қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуге;
- "неонаталдық хирургиясын" ашу үшін материалдық-техникалық жарақтандыруға;
- Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі 150 орындық аудандық аурухана құрылысына;
- Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге;
- Қызылорда облысы Арал ауданы Арал қаласындағы 150 төсектік аудандық аурухана құрылысын қоса қаржыландыруға;
- Қазалы қаласында жүгіру жолдары бар футбол алаңы мен 300 орындық трибуна құрылысына;
- Қазалы ауданы Абай, Шәкен елді мекендерінде мал қорымы (биотермиялық шұңқырлар) құрылысына;
- Қармақшы ауданы Жосалы кентінің Е. Сексенбаев көшесіндегі әкімшілік ғимарат құрылысына;
- «Денсаулық үйі» ғимаратына орнатылған пандусын және дәретханасын стандартқа сәйкестендіруге;
- қант диабетімен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге;
- созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар, аутоиммунды,орфрандық аурулармен ауыратын, иммунитеті жеткіліксіз науқастарды, сондай-ақ ағзаларды транспланттаудан кейінгі науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге;
- Қазалы аудандық орталықтандырылған ауруханасына қарасты Майдакөл, Бекарыстан би елді мекендеріндегі дәрігерлік амбулаторияларына қатты отынға арналған пештері, Қармақшы аудандық орталықтандырылған ауруханасына қарасты Төретам, Тұрмағанбет елді мекендеріндегі ауруханаларына дизельдік жылу жағу пештерін ауыстыруға,
- денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайтуға (компьютерлер, IT инфрақұрылымдар сатып алуға);
- қаржылық лизинг келісім шарты бойынша медициналық құрал-жабдықтардың лизингтік төлемдерін өтеуге қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |