Азаматтық бюджет
2016 жыл желтоқсан
Қызылорда
2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат
2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы» облыс әкімінің қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының бюджеттік параметрлеріне сәйкес әзірленді.
Қызылорда облысының облыстық бюджеті облыстық мәслихат депутаттары, аудан және қала әкімдері қатысуымен қаралды.
2017 жылға арналған облыстың бюджет саясаты басты бағыттары бұл міндеттеп алған қаржылық ресурстар жинақтап уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, бірінші кезекте әлеуметтік қамтамасыз ету, сонымен қатар, облыс төңірегіне әлеуметтік салаға әсер ететін іс-шараларды қамти отырып жұмыссыздықтың қамтылуын қадағалау. Осыған сәйкес, бюджеттің әлеуметтік сала бағыты сақталады.
Облыстық бюджетте мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, ауыз сумен қамту және ауыл шарушылығына қаржыландыруға қаржы қаралған.
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:
1. Жалақының ең төменгі мөлшері – 24 459 теңге;
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері -14 466 теңге;
3. Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 31 245 теңге;
4. Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -2 269 теңге;
5. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменге күнкөріс деңгейінің шамасы – 24 459 теңге болып белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |