Когнитивті лингвистика пәНІ, оның зерттеу объектісі. Когнитивтіклингвистиканың калыптасу тарихы



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі37,23 Kb.
#98270
1   2   3   4   5
Байланысты:
Aydarhanova Madina 1416315302

Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когитология). Оның зерттеу объектісі – адами білімнің құрылымы мен қызметі, оның өзі жасанды интелект ретінде танылатын инженерлік пәндердің негізінде қалыптасқан. 1960 – 1970 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер «адам ойлауының әмбебап заңымен» пара – пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес,жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады. Тіпті белгілі бір ережелер мен формулаларға құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған білім қоры болуы қажет. Когнитивті ғылымдар аясында білімге негізделген тілдер жасалынды. Жасанды интеллектіде «ақпаратты симфолдап беретін» семиотикалық парадигма қалыптасты (А. Ньюэлл мен Г. Саймонның теориясы). Жасанды интеллект зертханасының диреекторы П. Уинстон «есептеу машинасын табиғи тілді түсінуге күштеу, ол да интеллект жасағанмен бірдей» деп көрсетті. Осындай фонда, когнитивтік ғылымдар жасаған адамның ойлау қабілетінің моделіне қарайлау негізінде когнитивтік лингвистика қалыптасты. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды таратып түсіндіру (репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам санасына қалай ұйымдастырылған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы қандай мәліметтер білімге жатады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сұрақтарға жауап табуға ұмтылады. Когнитивті психологияның көрсетуінше, айналадағы заттар мен құбылыстарды категоризациялау мен классификациялау адам миының маңызды қабілетінен саналады. Категоризациялаудың нәтижелері адамның когнитивті аппаратының негізін құрайды, ұзақ уқытқа арналған жадыда сақталатын менталды концептілер болып табылады. Адамның интеллектуалды процесіне қатысты мәселелер, белгілі бір образдарды мен мәтіндерді тану бұрыннан қалыптасқан білімдер негізінде анықталады. Когнитология пәнаралық қана емес, синтетикалық та ғылымдар қатарына жатады, адамның когнитивті процестерін зерттей отырып, метематика, философия, лингвистика, психология, ақпарат теориясы ғылымдарын біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет