Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
|
Шаттық шеңберін жасай-ды.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?
Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?
Қане бәріміз бірге қайталайық-шы.-«Қайырлы таң!».
Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».
Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».
Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»
Шығармашылық жұмыс
Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа торғай ұшып келіпті. Торғайды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.
Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады.
Торғай
Торғай - торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.
Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.
(тәрбиеші тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)
- Балалар балабақша дегеніміз не?
- Балабақшада біз не істейміз?
- Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?
- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
- Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді.
- Қане, олар кімдер және не істейді екен?
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Сөздік жұмыс:балабақша.
Қостілділік компонент:балабақ-ша -садик,тәрбиеші-воспитатель.
|
-Иә,қолданамыз.
-«Қайырлы таң!».
-«Сәлеметсіз бе!».
Тәрбиешімен бірге қай-талайды.
Мұқият тыңдайды.
Қызығушылық танытады.
Тәрбиешімен бірге өлең айтады.
Біздің екінші-үйіміз.
Ән айтамыз,тақпақ айта-мыз,ойнаймыз.
-Иә,айта аламыз.
Тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар.
Мұқият тыңдайды.
Сөздің мағынасын түсі-ніп алады.
Сөздерді бірнеше рет қайталайды.
|
Рефлексиялық -
түзетушілік
|
Тәрбиеші: Балалар, сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтыңдаршы.
Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік?
|
Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Кеш жарық! Рахмет!
Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайла-рымызды өте жақсы көреміз.
|