белгісіз әрекет тәсілі қолданылған жағдайда айырмашылықты, түсініксіз болуы
мүмкіндігін ескеру қажет. Оқиғаны түсінудегі айырма және оған байланысты
қабылдаудағы ерекшеліктер, әсіресе, өзге мәдениеттен немесе ұлттық
дәстүрмен қарама-қарсы келуде, кездесуде анық байқалады.
Метафоралар санада бар таным моделдері негізінде сол кезде білдіруге
тиіс немесе оқиғаға сай келетіндей болып қайта жасалғанда ішкі танымдық
уәжге ие. Ал сыртқы тілдегі көрінісінде одан белгілі бір дәрежеде ажырап
кетеді де, сол кездегі қолданысындағы мазмұнын сақтайды және оны
қабылдауға ұсынады. Бұл мазмұн фреймнің нақты шындыққа қатысымен мәнді
болады. Ол шындық сәттік білім көрінісі ретінде танылады. Жалпы мәнділікке
ие дайын дәстүрлі метафоралардың өзі әрбір қолданасында индивидуалды
қабылдау мен танымдық қолданыс ерекшелігін өткеріп отырады. Ал көркем
шығармалардағы метафоралар когнитивтік жалпы мәнділікке ұмтылмайды
және оқырмандық тезаурусқа да қатты ықпал етуге тырыспайды. Олар өз
авторлығында автоматты, спонтанды, сондай-ақ таным моделі иесі үшін
қарапайым да, соны бір сәттік білімінің нәтижесі ретінде құрылады.
Индивидуалды когнитивтік метафоралардың өзіндік менталды уәжі танылусыз,
белгісіз күйінде қалу да мүмкін. Себебі ол турамағынаны ерекше беруді мақсат
етуші емес, ерекше оқиға, әрекет, ой сана әсерінен, олардың ішкі күйінің
өзгеріске түсуінен, салыстырудан, онсыз мүмкін еместіктен оқшау бейнелі, ой
түйіні ретінде санадан тілге ығыстырылып шығарылады. Мұнда оқиға әрекеттің
өзі сыртқы шындықтың бөлігі ретінде ішкі мүшелеуді жүзеге асырушы тәсіл
болып та қызмет етеді, метафоралардың құрылуына, қайта өңделуіне тікелей
әсер ете алады.
В.Б.Касевичтің мынадай пікір айтады: «Если считать всю информацию,
включая лингвистическую, организованной по типу, фреймов, то
семантическом фреймом предстает и ситуация как внутри – языковой способ
выделения одного из «кадров» внешней действительности». Жағдайды
семантикалық фрейм ретінде, шындық өмірдің жалпы көрінісі фрагментінің тіл
арқылы бейнеленуі ретінде түсіну әлем бейнесін тұтас жағдай жүйесінде
зерттеуге жол ашады.
Н.Арутюнова метафораларды қызметіне байланысты бейнелі,
номинативті, когнитивті, негізгі (генерализуюзщая) деп төрт түрге
топтастырады. Ол когнитивтік метафоралар заттық емес салаға жататын
қасиеттер мен процестерді атау құралы екендігін айтады. Әр жаңа мағына
туылуы алғашқы танымында ексерусіз, қалтарыста қалған ұғымдардың ойлауда
тірілуінде, немесе ерекше қырынан көрінуінде әр деңгейлі, әр сипатты, әр текті
семантикалық аймақтардың санада теңдестірілуінде, адам білімінің жаңа
мазмұндық мәнді иеленуінде ғана мүмкін. Ол процесс әр адамның когнитивтік
ойлау деңгейіне тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: