Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет35/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
document (3)

бағдарлы метафора
- бір-біріне қатысты дәрежеде ғана айқындалатын
әрі кеңістіктегі бағдарға негізделген тұжырымдар жүйесі, мұнда „жоғары-
төмен, іші-сырты, терең-таяз, орталық-шеткі” секілді қарсылықты
ұғымдар қолданылады. Айталық, ағылшын тілінде жақсы атаулының
барлығы жоғары деңгейдегі көрсеткішті құрайды – денсаулық, бақыт,
сана; ал оның қарсы мағыналары төменгі деңгеймен өлшенеді – ауру,
бақытсыздық, жамандық т.б.;
81



концептуалдық метафора
- ерекше хабарлы құрылымды құрайтын,
білім туралы мәлімет беруге, оның жадыдағы көрінісін сұрыптауға
мүмкіндік беретін амалдардың бірі.
Аталған метафоралардың әрқайсысы образ нысанын құрайтын ұғымдар мен
олардың ара-қатынасындағы ұқсастықтарға не болмаса баламаларға негізделе
жасалатындықтан, Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде оның
қосымша тағы төрт түрі аталады. Олар:

құрылымдық метафора;

„хабарды жеткізу құралы” ретіндегі метафора;

„контейнерлік” метафора;

құрылымды метафора.
Бірінші жағдайда әр түрлі салаларға қатысы бар объектілер туралы
тұжырымдау, оларды бір-біріне ауыстыру әрекеті жүзеге асса; екінші кезекте
аталмыш ұғым қатысымдық негізде сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы тілдік
құрылымды толықтыратын „мағыналар қозғалысы” ретінде танылады.
Үшіншіден, „контейнер” ұғымының өзі білдіріп тұрғандай, жаңа мағыналар
тізбегінің „контейнерлерді”, яғни нақты тілдік бірліктерді толтыруы негізге
алынады. Ал соңғы өзгешелік сөйлесім әрекетінің көлемді мағыналық
бірліктерін кіші мағыналар қосындысынан жинақтау арқылы жасалады .
Ғалымдар келтірілген метафоралардың ішінде кеңінен қолданылып жүрген
түріне концептуалды метафораны жатқызады. Олар әр түрлі екі саланың, яғни
нақты және абстрактылы ұғымдардың, байланысына негізделген, сезім арқылы
қалыптасатын тәжірибеден абстрактылы құбылыстарға бағытталған бұл
процесті адамның ментальды жүйесіндегі өзгешелігі арқылы әрі сол ойдың
ұсынылу үлгісіндегі әркелкі сипаты негізінде дәйектеп түсіндіреді.
Нәтижесінде бір тұжырым арқылы бір-бірінен ерекшеленетін алуан түрлі
мағынадағы метафоралар жасалуы мүмкін.
Метафоралар әлем туралы тұжырымдауға көмектесе отырып, әр түрлі
құбылыстар мен заттар арасындағы ұқсастықтарды дәйектеуге, соның негізінде
жиналған білім мен тәжірибені бір саладан екінші салаға ауыстыра қолдана
білуге мүмкіндік береді, сондықтан оның табиғатын ғалымдар „когнитивтік
санадағы логикалық операциялардың динамикалық көрінісі, ой тудыру моделі”
деген анықтама негізінде түсіндіре талдады. Р.Гиббс „Неге көптеген
тұжырымдар метафоралы?” („Why many concepts are metaphorical?”) атты
мақаласында «...барлық тұжырымдар сезімге негізделген тәжірибеге
дәйектеліп, метафора арқылы көрініс табады, сол себепті көзге көрінетін әлем
туралы деректерді метафораның көмегімен көзге көрінбейтін ұғымдарға
ауыстыруға болады» ,- деп тұжырымдайды, өйткені тек «образ ғана кез келген
ой түйінін артық сөзсіз, нақты сипаттай алады» . Олай болса, әр метафоралы
қолданыс сөздер мен мағыналардың таңданарлық тіркесін құраумен бірге,
хабар берудің де, мәлімет жеткізудің де ерекше тәсілі бола алады, сондықтан
когнитивистер оны адамға тән ұғымдық жүйенің маңызды бөлігі, ойлау
әрекетінің ажырамас көрсеткіші және лексикалық қорды толықтыру амалы деп
айқындайды. Метафоралану процесі адамның бойындағы образды ойлауға,
82


оның шығармашылық қабілетіне тікелей қатысты болғандықтан, адам бейтаныс
әлемді қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар нақты және абстрактылы
объектілер арасындағы ортақтық белгілерді есепке ала отырып, әр алуан сезім
мүшелері арқылы заттарды танып айқындау мүмкіндігіне де ие болады. Демек,
метафоралану кездейсоқ жүзеге асатын үдеріс емес, ол белгілі бір объективті
және субъективті заңдылықтар мен факторларға бағынған өзгешелік болып
табылады, яғни, 1999 Е.О.Шибанова атап көрсеткендей, ол өзіне қажет
материал мен дереккөздерін көпшілікке танымал салалардан алады, сол
арқылы оның өз ұстанымдары мен қағидалары қалыптасады.
«Образдылық көбінесе сөзді өзінің тура мағынасынан көшіріп, ауыс
мәнде жұмсауда жақсы танылады. Бұл – метафора, перифраз, аллегория,
символ тәрізді амалдармен жүзеге асады... Метафора – затты не құбылысты
өзіне ұқсас өзге зат немесе құбылысқа балап, солардың атымен ауыстырып
атау...» ,- деп ғалым Р.Сыздық атап көрсеткендей, метафоралану процесінің өзі
танымдық әрекеттің негізінде бұрыннан таныс сөз мағынасының ауысуы
арқылы жүзеге асатындықтан, нәтижесінде әр түрлі концептуалды салалардан
жинақталған құрылымға сүйенген жаңа ментальды кеңістік қалыптасып
орнығады. Бүгінгі күні когнитивистер адамның концептуалды жүйесі оның
«ойлау жүйесіне орнатылған» конвенционалды метафоралық жобалардан
құралған деп есептейді, соның арқасында адам автоматты түрде және керек
кезінде оларды «сана арқылы шығарып алу қабілетіне ие болады, демек,
жадыда сақталған деректер сөйлеушінің ұлттық танымының ажырамас
бөлшегін құрайды» деген қорытындыға келді.
Жалпы тілдік метафоралардың лингвистика мен когнитивтік аспектіден
қаралауында ерекшелік бар. Дәстүрлі тіл білімінде метафора – затты не
құбылысты өзіне ұқсас өзге зат немесе құбылысқа балап, солардың атымен
ауыстырып атау . Лингвистикалық метафораларға берілген анықтамаларда
метафора – троп немесе сөйлеу механизмі. Сөздің басқа мағынада қолданылуы
ретінде анықталып 3 түрі – номинативті, когнитивті, бейнелік түрлері бөлінеді.
Метафораның А.Байтұрсыновта «ауыстыру, сөз мағынасынан сөзді
өзгелеп айту» деп аталатыны белгілі. Ол арасында түк ұқсастығы жоқ, екі
нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды екіншісіне ауыстырып
айтамыз. Мәселен, «Күн құтырып кетті» дейді. Бұдан кейінгі ізденістерде де
метафора анықтамаларында біршама бірізденгенмен, түрлерін топтастыруда әр
түрлі аталып жүр. Зерттеушілердегі ортақтық метафоралардың негізінде ұқсату
заңы арқылы мағына ауыстырлатыны басты назарда болатыны (Болғанбаев Ә ,
Аханов К , Барлыбаев Р , т.б.).
А.Сыбанбаева «Метафора бір зат, құбылыстың, не оның әр түрлі
белгілерінің (түс, қалып, көлем, т.б.) атауының ойлау мен таным заңдылықтары
негізінде салыстыру, ұқсату, теңдестіру арқылы басқа зат, құбылыс не
белгілеріне атау ретінде ауысу құбылысы» деген анықтама беріп, метафораға
тән қасиеттер мен ерекшеліктерді көрсетеді .
Тілде метафора сөз ауысу құралы ретінде, бейнелік, экспрессивтілік
идиомалылық, коннотативтік, т.с.с. мәнділік мәселелері тұрғысынан зерттеледі.
83


Метафораның когнитивтік теориясы тұрғысынан қарағанда сөздің
метафоралық мағынасы оның тура мағынасынан ауыспайды, оған сай
концептуалды құрылымдардан (фрейм, сценарий, т.с.с.) қайта құру көмегі
арқылы шығады.
Сөз мағынасының фрейммен қатысты идеясы Ч.Филлмор есімімен
байланысты. Ол лексикалық семантика, грамматикалық семантика және
мәтіндік семантикада фрейм теориясы пайдалы да тиімді екендігін дәлелдейді.
Когнитивистикада метафора шындықты құрудың маңызды құралы
ретінде қарастырылады. Олар тілге қарағанда алғашқы менталды, яғни тіл
негізінде жататын лексикалық, т.с.с. мағыналардың ұғымдық, танымдық мәнін
көрсетеді. Әрбір қолданысында қайта жасалатындықтан оларға құрылымдық
тұрақсыздық тән.
Метафораның когнитивтік концепциясы тек метафоралық моделдер мен
олардың концептерінің қатыстылығын жариялап қана қоймайды, шындықты
когнитивтік және тілдік игеру метафоралық құрылымға ие екендігін дәлелдеуге
тырысады.
Түр-түс арқылы құрылған метафоралардың біразы идиомаланған. Мұндай
мағыналарға когнитивтік тәсілмен келу, тілдік бірліктердің моделденуі
қызықты нәтижелер береді.
Когнитивтік теория шеңберінде метафоралар мағынаның түрленуі емес,
когнитивтік қайта құру нәтижесінде пайда болған фреймдерді моделдеу. Ол
фреймдер әрбір сөйлеу актісінде жүзеге асады. Фреймдер – типтік когнитивтік
құрылымдар. Тілдік қолданыста фрейм бір сөзбен, не бір сөз тіркесімен көрініс
беруі мүмкін. 
Метафоралық өзек мағыналардың қалыптасуы негізінде жатқан
концептуалды метафораның өзі когнитивтік механизм ретінде танылады.
Когнитивтік механизм – тілдің обьективті-қоғамдық мәнінің белсендендірілу
жағдайында пайда болатын модель, яғни сөздің барлық тасымалдаушылар үшін
белгілейтіндей, не белгіленгеніндей анық болатын мағынасы.
Метафоралар тілдегі бар тура мағынаның негізінде ауыса салмайды.
Мәселен, «ақ көз» – ештеңені елең қылмайтын, кейіп-жарып жүре беретін
метафоралық мәніне қай тура мағынадан ауысты дегенде тап басып айтатын
дерек жақ. Мұнда көзі көрмеу, соқыр мәні уәж болады десек (көзі ағарып кетуге
қатысты), көзі мүкіс жанның батылдық, батырлыққа бара қоюы тағы екі
талай .
Көз
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет