Когнитивті лингвистика


тілтаным теориясының әлеуметтік негіздері



Pdf көрінісі
бет54/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81
Байланысты:
document (3)

тілтаным теориясының әлеуметтік негіздері
дегеніміз – тіл мен қоғам
байланысын танымдық ұстанымдармен сабақтастыра айқындайтын
ережелер мен анықтамалар тобы;
-
тілтаным теориясының психологиялық негізі
дегеніміз – тіл мен ойлау
ұғымдарының сабақтастығын танымдық негізде дәйектеуге мүмкіндік
беретін ережелер мен анықтамалар тізбегі;
-
тілтаным теориясының халықтық сипаты
деп әлемнің тілдік бейнесін
этникалық құндылықтармен тоғыстыра айғақтайтын танымдық
ережелер мен анықтамалар жиынтығы аталады;
-
тілтаным теориясының мәдени негіздері
деп тіл мен мәдениет
арақатынасын танымдық деректермен дәлелдейтін заңдылықтар мен
анықтамалар тізбегін айтамыз;
-
тілтанымдық универсалий
дегеніміз - адамзат атаулыға ортақ тілдік
және танымдық универсалий нормаларынан бастау алатын, өзіндік
ұғымдық аясы мен әдіснамалық негізі анықталған ұстанымдар
жиынтығы;
-
тілтанымдық диалектика
ұстанымдары деп ұғымдық қарама-
қайшылықтар негізінде тілтанымдық деректердің табиғатын, қалыптасу
жолын, даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін қағидалар тізбегін
атаймыз;
-
тілтанымдық дедукция
ұстанымдары жалпыдан жалқыға бағыттылу
негізінде тілтанымдық элементтердің зерделенуін болжалды түйіндермен
қамтамасыз ететін қағидалар жігінен бастау алса;
тілтанымдық
индукция
ұстанымдары, керісінше, жалқыдан жалпыға бағыттыла
отырып, тіл мен таным сабақтастығын дәйектейтін зерттеулердің
нақты деректермен дәлелденуін қамтамасыз ететін қағидалар тізбегіне
сүйенеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет