Кожагулова Айгуль Асылхановна
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Көркем шығармадағы көркемдік шешім мәселесі
Көркем шығарма – әсемдік, әдемілік , сұлулық әлемі. Ондағы бүкіл көркемдік айшықтар іштей үйлесім тапқан , соның бәрі жымдасып барып , шығарманы біртұтас бітім еткен. Көркем шығарма бойындағы осы қадір-қасиет , сан адамды баурап әкетеді , жанын нұрландырады , әсемдікті тани білуге баулиды , сүйе білуге үйретеді .
Шығарманың сұлу , тұтас бітіміне ену арқылы оқушы кейіпкер бойындағы ізгілік , адамгершілік , адамдық сияқты асыл қасиеттерді тани алады . Мұның өзі оқушыларды биік адамгершілікке бастайды. Демек , көркем әдебиет жаратылысындағы эстетикалық қуатты оқушыларға беру , дүние тану , тәрбиелеу мақсаттарына орай кәдеге асыру – оқытудағы басты бағдар .
Әдебиет сабағы – өнер сабағы екені белгілі , олай болса , оның өзі өнер құралымен жасалуы керек. Бұл үшін кейде бір ғана штрих жеткілікті . Әңгіме мұнда мәтіндегі деталь жайлы болып отыр . Өйткені ол бүтін бір шығарма , көптеген жыр арқауын бойына сіңірген түйін.
Көркем шығарма сюжет желісімен дамып , жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер : оқиға автордың , автордан басқа баяндаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып , соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі. Бұлардың бәрі оқырманның көркем туындыға деген қызығушылығын арттырады.Сюжеті қызық шығарма оқырманын еліктіріп , сол оқиғаның ішінде бірге жүргендей әсер қалдырады. Сюжет құрылымы : экспозиция (басталуы) , байланысы , дамуы , шарықтау шегі , шешімінен тұрады . Соның ішінде біз көркемдік шешімге тоқталмақпыз . Шығармадағы шешімнің өзі оқырманға үлкен әсер қалдырады .
Шығарма сюжетінің шешімі - оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады. Мысалы , көркемсөз өнерінің шебері , суреткер Ғабит Мүсіреповтың «Ер ана» әңгімесінің шешімі «Кек қалай алынды ? Наталья мектепке қарай бұрылғанда , бір ғана гүрс етіп мектеп үйі аспанға ұшты.» Осылайша «Ер ана» әңгімесінде баяндалған оқиғалардың шешімі қарт ана Наталья партизандар көмген миналар үстіне от жағып , фашист офицерлері мен солдаттары орналасқан мектеп үйін жаруы және немересін бауырына қысқан ер ананың қашып шығуы болып табылады. Шешімі Ананың ерлік ісімен аяқталады.
Тұңғыш педагог , балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінің шешімінен оқырман үлкен тәрбиелік сабақ алады. Бай баласы – Асан , жарлы баласы – Үсен. Екі баланың жас ерекшелігі бірдей , бірақ өмірге бейімділігі әр түрлі екендігін шығарманың сюжеттік желісінің дамуынан көрінеді. Шешімінде жарлы баласы Үсен өзінің өмірден алып-түйгенінің арқасында ауылын тауып барады. Шешім сәтті оқиғамен аяқталады. Қаламгердің шеберлігі шынайы өмірдің қарапайым мысалын суреттеу арқылы жарлы баланың бейнесін реалистік әдіспен береді.
Әдебиет майталманы атанған тағы да Ғабит Мүсіреповтың туындысына көңіл аударсақ деймін. Өзіме ұнайтын туындылардың бірі – «Ұлпан» романы . Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт тараудан тұрады. Әрбір жеке тараулары рим цифрымен белгіленген.Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар. Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлі қоғам қайраткері. Ұлпан - ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Шығарма оқиғасы алуан түрлі қақтығыс пен тартысқа тола келіп , шешімі трагедиямен аяқталады.Оқырманды аянышты сезімге баурайды. Бұл жерде халқымыздың «Үлкенге не істесең , алдыңа сол келеді» деген даналық сөзі еске түседі . Ел анасы атанған Ұлпан аянышты , қайғы –қасіретке толы кәрілікті басынан өткереді . Оған себепшілер де жоқ емес. Торсанның Ұлпанға істеген озбырлығы оқырманның ашу-ызасын тудырады. Жазушының шеберлігі соншалық Торсан қазір алдыңда тұрса , бас салатындай әрекетке оқырмандары дайын отырады . Бұл да өмірдің шынайылығы . Ұлпанға азап көрсеткен Торсанда ұзаққа бармай жазасын алды. Оқып отырған адам тәрбиелік мәні бар сабақ алады. Қазіргі біздің өмірімізге қажет шығарма. Уақытпен ғана емес , уақыттармен үндес туынды деп ойлаймын. Әлі күнге осы мәселе ел арасында кездеседі. Үлкен ата-әжелеріміз қарттар үйінде өмірінің ақырын күтуде. Бұл қазақ ұлтының сүйегіне таңба .
Соңғы жылдары бағдарламадан алынып тастаған Мұхтар Шахановтың «Отырар» дастаны да оқушыны патриоттық сезімге баурайтын туындылардың бірі. Бұл шығарманың шешімі сатқындық жасаған адамның ғұмыры қысқа екенін дәлелдейді. « ...Ал мына бip сатқынды Құдай саған қайдан ғана тап қылды?.. Қайғылы әрi күлкiлi. Қайран аңқау, дара тұлға, Аңғармапсың қанатыңа Жасырынған түлкiнi. Ерлiгiңe осы болсын сыйлығым, Саған қидым бұл сатқынның билiгiн!..» «... Опасыздық жасадың ба елiңе, Ертең саған менi сату түк емес. Шарам нешiк, Тұрмын cенi тiптi аяп. Сорлы Отансыз, Қарайыпсың қаныңа. Қашан менi сатарыңды күтпей-ақ, Алдыңды орап кеткенiме налыма. Жақсылығым қайтпады деп арыма. Сатқындыққа сатқындықпен тiл қату , Ұқсамай ма табиғаттың заңына?! ...» « ...Өсиет бар мынадай: “Әр нәресте қашан eci кiргенше, Жер қадiрiн, Ел қадiрiн, Ең бастысы тіл қадірін бiлгенше, Алғашқы әнтек қылығына Өзi ұялып күлгенше, Көтергенше балаң ойдың желкенiн, Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол, Өзiн туған қасиеттi өлкенiң Ауасымен дем алуға тиiстi ол!” Мен осынау борышыма әкелiк Немқұрайды қарадым да, Кiнәлi боп ар алдында, Жiбердiм зор орны толмас қателiк. Мiне, төpiм бipiгiп тұр көрiме, Көрiнетiн бетiм бар ма елiме? Мына сатқын перзентiме қосақтап Өлтipyгe мiндеттiсiң менi де! Азғындықтың соңы бiзбен құрысын, Сабақ болсын ертеңгi атар күн үшiн...»
Бұл жолдар шығарманың шешімі . Атадан ұрпаққа қалып отырған құндылықтарды дәріптеу , оны бағалау , қандай әсерлі көркем сөздермен берілген .Сонымен қатар шешімінің әсерлілігі соншалық , оқып отырған адам сатқын Қарашоқыға өшпенділігін жасыра алмайды. Әр түрлі эмоция арқылы шығарады . Оқырманға тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп берген - шешім , шығарманың тарихилығын , халықтығын, шынайылығын көрсетеді.
Жаныңа серік болатын көркем шығарманың шешімі үнемі оқырманның ойынан шыға бермейді. Себебі, кей туындыны оқып бастағаннан –ақ немен аяқталатыны белгілі болады. Ал кейбір шығармалар аяғына дейін еліктіріп , құпия болып тұрады. Кейде шешімі ойламаған жерден шыға келеді. Бұның бәрі қаламгердің біліктілігі мен шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.
Көркем шығарма сюжетінің негізігі бір бөлігі - осы шешімде деген ой түйіндеймін. Сюжеттің барлық бөлігі маңызды . Бірақ шешімнің әсері оқырманның көңіл күйіне ерекше бір ықпал етеді , ойын тұңғиыққа жетелейді , жүрегінің түбінде жатқан сезімді оятады , жанын жай таптырмаған сауалға жауап табады . Жоғарыда келтірген шығармалардың шешімі- осы сөзіміздің айғағы. Белгілі бір дәуірде өмір сүрген суреткерлер шығармаларында болжалды идея үнемі бірыңғай күйде көрініс таппай, сан-салалы көркемдік шешімдер арқылы бой көрсететіні ақиқат. Сондай-ақ, әдеби шығармада көрініс табатын қоғамдық өмір шындығы мен әрқилы адам тағдырын дайын қалыпқа салып бағалау, жағдайлыққа ұрындырмақ. Әрбір әдеби бағыттың, көркемдік әдістің өз шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Әрбір үлкен суреткердің айқындалған бағыты бар, ол сол өзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді. Соның арқасында көркем туындылар жарық көріп жатады. Адамның рухани өсуіне ықпал етуші – көркем шығарма . Бұл көркем шығармадағы шешім оқиғаның түйінін шығарып, ақ – қарасын ажыратып , жақсы – жаманын айырып, қажетін алып , өмірлік тәжірибе жинақтатады .
Достарыңызбен бөлісу: |