Койшинова Г


 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм



Pdf көрінісі
бет12/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
a280215121
1блок, әлеумет 2020-21(1) (3), Украина презентация, произнашения и ударение 2, қж (1)
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм

Ортағасырларда  туристік қозғалыс  бәсендей  түсті.  Ішкі  жағдайлары

тұрақсыз  көптеген  жаңа  мемлекеттердің  құрылуы  бұрын-сонды  болмаған

саяси кедергілерге әкеп соқты.

Туристтік  саяхаттардың  ұзақ уақыт  тоқырауды  болуына  көптеген

себептер әсер  етті,  олардың ішінде:  феодалдық жүйеге  байланысты

Еуропаның көптеген  аймақтарындағы  шаруашылықтың күйреуі,  бұрыңғы

жол  тораптарының түгелімен  және  сол  жолдар  бойындағы  түнеу

орындарының жойылып  кетуі,  саяхатшылардың  қорғаныс  дәрежесінің



төмендеуі, сонымен қатар қатар қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек ІІІ

және ІV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт

ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.

Пилигримдердің Палестинаға  саяхаттары  біздің заманның ІІІ - ІV

ғасырларының  өзінде-ақ басталды.  Император Константин  кезінде

Иерусалимде,  дәлірек  айтқанда  Иса  пайғамбардың табыты үстінде  храмдар

салынды.

ІV ғасырда қасиетті  жерге қажылық бұқаралық сипатқа  ие  болғаны

соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде

қабылдана бастайды.

Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін

қайтадан  жаңадан  басталды.  Бұндай  саяхаттарға қатысушылар әртүрлі

еуропалық елдердің тұрғындары  болды.  Олар  Италия  (Рим),  Испания

(сантьяго  де  Компостела)  және  Палестина  елдерінің  қасиетті  жерлеріне

саяхаттар жасады.

VІІ ғасырда  халифа  Омар  кезінде  Иерусалимді  мұсылмандар  жаулап

алады. Алайда бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.

VІІІ ғасырдың деректері  бойынша,  Иерусалимге  Галльск  епископы-

қасиетті Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған.

Қажылар Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, сонымен қатар ескі

құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15-ші қыркүйекте

Иерусалимде,

қасиетті  Мариямның

шіркеуі  алдында  жәрмеңке

ұйымдастырылып  отырды. Қажылар  арасында  сауда  табысты  болғаны

соншалықты, қалада  Генуя,  Венеция,  Пиза  және  Марсель  көпестерінің

өзіндік конторалары мен бүтіндей көшелері мен қоныстары болды.

Қажылық  үшін  ең  қолайлы  жағдайлар  Абастар әулетінен  шыққан

Халифа Гарун әл Рашид (786-809) кезінде туды. Халифа мен император Ұлы

Карл  (768-814)  арасында  түсінушілік қатынастары  орнатылып,  оның дәлелі

ретінде Гарун әл-Рашид сыйлық жібереді. Ол Ұлы Карлға Иса пайғамбардың

табыты-Храмының және  ең  қасиетті қаланың  қақпаларының кілтін

сыйлайды. Бұл уақыттары Ұлы Карлдың бұйрығымен Иерусалимде қажылар

үшін арнайы қонақ күтетін үй салынады.

Еуропада Ұлы Карл пилигримдер үшін демалыс үйлерін VІІІ ғасырдың

өзінде-ақ салдырған.  Кейбір  серілік қауымдардың басты  шаруасы

пилигримдерді қорғау  және  оларға қасиетті  жерлерге  жол  жүру  барысында

қонақжайлылық

көрсету  болды.  Мұндай

үйлердің


бірі-Ронсеваль

шатқалындағы аббаттығы қақпа алдында құшақ жая қарсы алып, ақысыз нан,

цирюльник  және  етікші қызметтерін,  жеміс-жидек,  жаңғақтар ұсынып,

аурулар үшін екі хоспис, ал мүлдем халсіздер үшін қасиеттендірілген жерлеу

орнын да ұсынып отырды.

Орта ғасырлардың соңы  мен  жаңа  замандарға  дейін  туристік

қозғалыстың ауқымды  бөлігін  діни  табыну  мен  университеттік  орталықтар

құрады.  Онымен қоса қайта өрлеу  кезеңінде  көпестер  мен ұсталардың

саяхаттарының маңызы  арта  бастайды,  алайда  олардың бір  бөлігін ғана

туристік саяхаттарға жатқызуға болады.




Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай

керуен срайлардың саны күрт өседі.

Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол

заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы,

кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік

цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех

1356  жылы  Венецияда құрылды.  Осы  секілді  цехтар  ХІV ғасырда  Римде,

Сиякада, Флоренцияда да құрылды.

ХVІ ғасырдың екінші  жартысында  танымдық сипаты  бар  саяхаттар

жасала  бастады,  ал  ең  қалаулы  ел  Италия  болды.  Мұнда  көбіне  Испания,

Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.

ХVІ ғасырдың соңынан  Англияда  «гранд-тур» әйгілі  бола  бастады-бұл

ауқатты  адамдардың континетке  саяхаты,  гранд-турдың арқасында  адамдар

оқуын  бітіріп,  Жерорта  теңізін  көріп, өркениеттің шығу  тегін  көріп,

сауаттанып қайтуына  мүмніндіктер  туды. Әлеуметтік құбылыс  сияқты

туризмнің дүниеге қайта  келуі    ХVІІ ғасырдың соңы  мен  ХVІІІ ғасырдың

басына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет