Койшинова Г


 Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет24/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
a280215121
1блок, әлеумет 2020-21(1) (3), Украина презентация, произнашения и ударение 2, қж (1)
4.2 Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері

Қазақстанда  туризмнің даму  тарихы  жалпы әлемдік  тенденциялардан

ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси,

экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін Қазақстан КСРО-ның құрамына

кіргенге  дейін,  туризм  экономиканың саласы  ретінде қарастырылмады.

Негізінен  адамдар  демалу,  танып-білу  және  емделу  мақсаттарында



саяхаттады. Ішкі туризм секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның

жабықтылығы, визалық тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын

қиындатты.  Кеңес өкіметі  кезеңінде жеңілдік  жағдайында  туристік

жолдамаларды  бөлу  жүйесі  жемқорлықтанған  болғанын  атап өткен  жөн.

Туристік  жолдамаларға қолдары  жететін  шенеуніктердің оларды қолдануға

мүмкіндіктері  болды.  Барлық халықтың  әлеуметтік  теңдігін  насихаттау

шындыққа қайшы келді.

Қазақстанның тәуелсіздікке өтуі қызметтің барлық сфераларында

реформалық  өзгерістерге ұшырады,  оның ішінде  туризмде. Қазақстанда

нарықтық экономикаға өтумен  туристік  саладағы  экономикалық аспектілер

әлеуметтік аспектілерді асып кетті.

Туризм  көптеген  аспектілер  бойынша

Қазақстанда  нарықтық

қатынастарды қалыптастыруда  көшбасшыға  айналды.  Халықаралық және

отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың

ең табысты  сфераларының біріне  айнала  алады. Әлемдік  тәжірибе

көрсеткендей,  нарықтық экономика    туристік қызметті  дамыту үшін  ең

жағымды экономикалық орта болып табылады. Бұл туристік қызметтің даму

процесі  нарықтық  қатынастар қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес

байланыста өтеді дегенді білдіреді. Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін

кәсіпорындар  тікелей  тұтынушыға  бағытталады, қандай  да  бір  деңгейде

туризмнің дамуын қамтамасыз  ететін  көптеген  сфералар  мен  салалар

нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді рольді ойнайды.

Жағымды  жағдайларды құрған  кезде Қазақстанда  туристік  сала

экономикалық тұрақтылық пен  республикалық экономиканың дамуының

қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

Жүргізіліп  отырған  реформалар  мен өзгерітер  жағдайында әдістемелік

жоспарда туризм сферасында ең тиімді әрі мақсатты саясатты таңдау ерекше

маңыздылық алады. Осы  мақсатпен  туристік  бизнестің дамуының,

динамикада  жекелеген  сегменттерді қалыптастырудың ретроспективті  және

жағдайлық талдауын  жүргізу  маңызды.  Туризмнің кезеңдік  дамуын

қарастыру қажеттілігі  пайда  болады.  1991  жылдан  бастап, Қазақстан

Республикасында туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу келесідей болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет