Койшинова Г


 Ұйымдастырушылық-орталықтанған кезең (1927-1969 жж.)



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
a280215121

3.3 Ұйымдастырушылық-орталықтанған кезең (1927-1969 жж.)

1928  жылы  туристердің Ресейлік қоғамы  пролетарлық туризм қоғамы

болып қайта құрылды.  1925-1926  жылдары  «Кеңес  туристі» ұғымы  пайда

болды.  Бұл қоғам  сапарларды  жолдамалар  бойынша  пойыздар  мен

пароходтарда  серуендеулерді ұйымдастырумен  айналысты.  Бұл қоғам

сапарларды  материалдық  қамтамасыз  ететін  кеңестік,  кәсіподақтық және

шаруашылық  ұйымдары құрайтын  акционерлік қоғам  болды. Ол  туризмнің

қалыптасуында өте үлкен  роль  ойнады.  Бірақ та,  бұл  таза  коммерциялық

қоғам болып, жаппай туризмнің мәселелері оның міндетіне кірмеді. Ал бұл

жұмысшы  жастар  мен  студенттердің арасында  туризмнің дамуын  тежеді.

Яғни  пролетарлық туризмнің дамуы мен  нығаюының талаптарына    жауап

бермеді.  Сондықтан да,  1930 жылы  8-наурызда Ұлттық комиссарлар кеңесі

««Кеңес  туристі»  акционерлік қоғамы  мен  пролетарлық туризм қоғамының

бірігуі  және  пролетарлық туризм  мен  экскурсияның Бүкілодақтық еркін

қоғамын құру  туралы» қаулы қабылдады.  Оның алғашқы  төрағасы  Н.  В.

Крыленко  болды.  Ол  юстицияның халықтың комиссары,  бірінші  класты

альпинист, шахмат федерациясының төрағасы болған адам. Оның құрамына

75000-ға жуық адамды біріктірген туризм бойынша  барлық ұйымдар кірді.

1929  жылы  «Интурист»  Бүкілодақтық акционерлік қоғамы  негізін қалады.

Оның пайда  болуына  шетелдік  туризмнің дами  бастауы  мен  шетелдік

қонақтарды қабылдауды    бір  жүйеге  келтіру  болды.    1929  жылы  Кеңес

туризмінің пайда  болу    жылы  деп  есептелінді.  1931  жылы  шетелдік

туристерді  орналастыру үшін    «Отель»  Бүкілодақтық акционерлік қоғамы

құрылды.    Бұл қоғамның иелігінде  елдің  әр  түрлі қалаларында  17  отелі

болды.    1932  жылы    3-сәуірде  Мәскеуде  ОПТЭ-нің І  Бүкілодақтық съезі

болып өтті. Оған   290 делегат қатысты.

Пролетарлық туризм  мен  экскурсия қоғамының жұмысының кемшілігі

дене  шынықтыру  кеңесінен  оның бөлек қалып қалуы  және  жеткіліксіз

жұмысы  болды.  1936  жылы  халық комиссариаты  кеңесінің шешімімен

пролетарлық туризм  мен  экскурсия қоғамы  жойылды.  Туризм  дене

шынықтыру    және  спорт  ісі  бойынша  Бүкілодақтық комитеттің және  осы

жылы құрылған Туристік-экскурсиялық басқарманың жетекшілігіне берілді.

1938 жылы  туризмнің Бүкілодақтық секциясы құрылды. Ол «КСРО туристі»

белгісінің нормативтерін әзірледі.  1939  жылы  күзде  Мәскеу  маңында  кеңес

туризмінің    10 жылдығына  арналған  туристердің слеті    болып өтті.  1939

жылы Қызыл армияға көмек ретінде еркін альпинистік отрядтары құрылды.

1940  жылы  туризмде  туристік    атақтар  енгізілді.    Осы  жылы  азаматтық

соғыстың


күрескерлік  даңқ маршруттары  бойынша  жаппай  жорықтар

жарияланды. Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген жерлерде барлық туристік

шаруашылық бұзылды.  Тек соғыстың соңында ғана туризмнің Бүкілодақтық

секциясы өзінің жұмысын қайта  жаңартты.    Ал  туристік-экскурсиялық

басқарма  туристік  базаларды қайта қалпына  келтіруді    бастады.  1945-1952

жылдар  аралығында  туризм  мен  дене  шынықтыру    спорттық  ұйымдардың

құрылымының өзгеруіне қарай бірқатар қаулылар қабылданып,  іс шаралар



жүргізілді. Мысалы, туризм бойынша спорттық нормалар енгізілді,  спорттық

разрядтар  мен    туризм  бойынша    спорт  шебері  атағы  енгізілді,  туризм

инструкторы    туралы  және  туристік-инструкторлық атақты  беру  тәртібі

туралы қаулы  шықты.  1954  жылы    жас  туристердің алғашқы  слеті  болып

өтті.  Ол Тургаяк көлінде  (Оңт. Урал) өтті.  1956-1957 жылдары  пионерлер

мен  мектеп  оқушыларының бүкілодақтық экспедициясы өткізілді.  Оны

РСФСР  Орталық балалар  экскурсиялық-туристік  станциясы  «Пионерская

правда» газетінің редакциясымен бірге ұйымдастырды.

1956  жылы КСРО ресми  туристік ұйымдардың халықаралық одағының

мүшесі  атанды.    Халықаралық жастар  туризмін    дамыту  мақсатында    1958

жылдың маусымында  «Спутник»    халықаралық жастар  туризмінің бюросы

құрылды.    Бұл  бюро  КСРО-ның жастарын  басқа  елдермен  байланыстыру

мәселелерімен    айналысты.  Бірақ  60-70  жылдары  аралығында  шетелдік

сапарларға    КСРО  азаматтарының    0,4%-ы ғана  шыққан.  1960  жылы

курорттар мен туризмді басқару бойынша  Орталық кеңесі құрылды.

1962 жылдың 20 шілдесінде Кәсіби одақтардың бүкілодақтық кеңесінің

(ВЦСПС)  президиумы  «Туризмді  ары қарай  дамыту  туралы»

қаулы


қабылдады.  1969  жылы  30-мамырда    КСРО-ның министрлер  кеңесі  мен

ВЦСПС  «Елде  туризм  мен  экскурсияны  ары қарай  дамыту  бойынша  іс

шаралар туралы» қаулысын қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет