Койшинова Г



Pdf көрінісі
бет27/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
a280215121
1блок, әлеумет 2020-21(1) (3), Украина презентация, произнашения и ударение 2, қж (1)
1-кезең.

Ежелгі заманнан бастап ХІХ ғасырдың басына дейін созылып, туризмнің

тарихи  басы  деп  аталады.  Бұл  кезеңге  сауда  мақсаттарындағы,    білім  ой-

өрісті  кеңейтуге,    емдеу  және қажылыққа    байланысты  сапарлар  тән.  Бұл

кезеңнің

ерекшелігі

-

саяхаттардың



элитарлығы  және

қозғалыс


құралдарының онша дамымағандығы.

2-кезең.

Бұл  ХІХ ғасырдың басынан  ХХ ғасырдың басына  дейінгі  кезеңді

қамтиды.  Бұл кезеңде  бай адамдар ғана  саяхаттай алу мүмкіндігі болған соң

элитарлық туризмнің кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде сонымен бірге,

жаппай туризмнің қалыптасуының негізі қаланды.

ХІХ ғасырдың басында  пароход,  паровоз  сияқты  көлік құралдарының

пайда  болғандығынан  бастап  және  жол  желістерінің кеңеюінен  туризм  кең

масштаб ала бастады. Осылай жаппай туризмнің өскіндері пайда болды.

Жаппай туризмді дамытудың алғышарттар мыналар болып табылады:

-қоғам жағдайының өсуі;

-алдымен  ақысы  төленбейтін  демалыстың одан  соң ақысы    төленетін

демалыстардың пайда болуы;

-ғылыми-техникалық прогресс,  ол  тек  көліктің дамуына  себепкер ғана

емес, сонымен оның арзандауына да себепші болды.

Алғашқы ұйымдастырған  турды  1841  жылы  ағылшындық Томас  Кук

ұйымдастырды. Ол тур әлеуметтік мақсаттарға көзделген. Сөйтіп, Томас Кук

ұйымдасқан  туризмді  дамытудың негізін қалаушысына  айналды.  Ол

туризмнің

көмегімен  ағылшындардың

бос  уақыттарын

өткізуді

ұйымдастырды.

Сапар 

Франциядағы 



көрмеге 

ағылшын 


халқына 

арналып


ұйымдастырылды. Жолдаманың құны барлығ 14 шиллингті құрады. Бірақта

Томас Кук  бұл кезде туризмді пайда алу үшін қолдануға болатынын  білмеді.

1855  жылы  алғашқы  саяхат  бюросы құрылды.  Бұл  бюро  алғашқы

турларды қалыптастырып,  оларды  тұтынушыға өткізді.  Бұл  кезең    үшін

өзіндік  туризмнен басқа туризмнің  ұйымдасқан түрлерінің пайда болуы тән.

Томас  Кук  алғаш  рет    1856  жылы    туристік  агенттік ұйымдастырды.  1870

жылы өзінде «Томас Кук» фирмасының 500 мың клиент-туристі болған. Бұл

компанияның клиенттерінің арасында әйгілі  адамдар  да  болған.  Мысалы,

Марк  Твен – ол өзінің саяхатын  толық жазған.  Томас  Кук    сонымен  бірге



жерді айналып шығу саяхатын ұсынған алғашқы адам болған. Ол турисерге

жол чектерін қолдануды да ұсынған. Яғни, қауіпсіздік мақсатында қолма-қол

ақшаларды өзімен тасымас үшін. 1882 жылы «Томас Кук» қоғамы алғашқы

жерді  айналып  шығу  турын ұйымдастырды.  Томас  Кук  1892  ж. қайтыс

болды. Оның ісін оның ұлы мен компаньондары жалғастырды. Қазіргі кезде

«Томас  Кук»  компаниясының  әлемнің барлық елдерінде  12 000  туристік

фирмасы бар және 20 млн туристерге қызмет көрсетеді.

Бұл  кезеңді  жеке  сапарлардан ұйымдасқан  туризмге  көшу  кезеңі  деп

атауға  болады.  Саяхат  бюроларын құрылуы  басталды.  Алғашқы  отельдер

мен қонақүйлер іске қосылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет