Қан донорлығы – адамның қанды ерікті түрде тапсыру шарасы. Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады, өйткені Сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз, яғни қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық, ал дені сау адам болу қашан да үлкен бақыт болып табылады!
Ересек адамның ағзасында шамамен 4,5–5,5 литр қан бар, донордан қан олған кезде оның оннан бір бөлігін – 450 мл. алады. Бұл адамға зиян келтірмейді және қолайсыздықты тудырмайды, қан көлемінің орны тез толып, шара қан жасаушы процестерді ынталандырады және белсендетеді, ал бұл болса адамға өз пайдасын тигізеді.
Қан донорлығы. Донор көлемі 450 мл. қанды 10-15 минуттың ішінде тапсырады. Дені сау адамға бір доза қан тапсыру физиологиялық көлем және қауіпсіз. Донор сонымен жеке қауіпсіздігі мәселесінде сабырлы болу қажет: қан беру кезінде тек біржолғы стерильді материалдар пайдаланылады;
Плазма, оның ішінде иммундық плазма донорлығы. Плазмаферез — бұл қан құрамынан плазманы бөліп алып, формалы элементтерін қайта жіберу. Плазма 90% - ы судан тұрады, онда әр түрлі қоректік заттар бар: ақуыз, майлар, көмірсулар, гормондар, дәрумендер, тұздар, сондай-ақ зат алмасу реттейтін органикалық заттар ағза тіндердің құру және қажет тыныс-тіршілігі үшін қолданады. Хирургия, акушерлік және гинекология, онкология және медициналық практиканың басқа да салаларында емдік мақсатта плазма кеңінен қолданылады. Кез келген дені сау адам, 18 жасқа толған, қарсы айғақтары жоқ донор плазмасы болуы мүмкін. Плазмаға тапсыру кеінде аппарат арқылы қан алынады. Плазмаферез рәсімі 45 минутта өткізіліп, донордан 600 мл алынады. Плазмаферез арасындағы интервал 14 тәулікті құрайды. Плазманы (оның ішінде иммундық) донациялау кезінде – дайындалған плазма антикоагулянт есебімен 1 жылда 20 литрден аспайтын плазманы дайындау жүргізіледі. Плазма донорлары келесі талаптарды сақтау қажет:
Көлемін тұтынатын сұйықтықты 1,5 — 2 л (минералды су, сорпа, шай және т.б.) бір тәулік алдында көбейту қажет;
Қан тапсырар қарсаңында тағамнан шекілдеуік, жаңғақтар, майлы, қуырылған, өткір және сүт тағамдарын шектеу;
Жақсы тынығу;
Миндетті тұрде ішімдікті және дәрі-дәрмектерді қабылдауға болмайды;
Плазмаферез тапсыру күні жеңіл таңғы шай, нан (печенье) тосаппен шектелуі.
Медициналық ұйымдарға берілетін қан компоненттерін қамтамасыз етуде, олардың инфекциялық қауіпсіздгі үшін, плазманы каратиндеу жүйесі енгізілген. Карантиндеу 4 ай бойы жүзеге асырылады – осы кезең «Серонегативтік терезе» - деп аталады. Жаңа мұздатылған плазманың карантиндеу мерзімі өткеннен кейін, донордың денсаулығы мен онда гемотрансмиссивтік инфекция қоздырғыштарын болдырмау мақсатында (қан арқылы жұғатын инфекциялар) қайта тексеруден өтеді. Осыдан кейін плазма медициналық ұйымдарға беріледі. Сол себептен, Сізді қан орталығына қайта келіп,10 мл көлемінде бақылау анализін тапсыруға келуіңізді сұранамыз
Достарыңызбен бөлісу: |