31 мамыр күні сағат 10-00 де Көкпекті аудандық кітапхана оқу залында саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күнініе арналған «Зұлмат жылдыр жаңғырығы» атты оқырман конференциясы өтті. Конференция ашылу барысында қуғын-сүргін құрбандарын еске алып 1 минут үнсіздік жарияланды. Жүргізуші А. Қалиева мен А. Маханова мәлімметтерді оқырмандарға жеткізіп, тақырыпқа сай өлең жолдарын нақышына келтіріп оқып берді. Конференция қонақтары Қ.Малғаждаров сөз сөйлеп, Көкпектілік жерлестеріміз жайлы айтып өтті , зейнеткер Шериязданқызы Зифа өзінің қуғын-сүргінге ұшыраған әкесі туралы әңгімелеп берді. А.Қалиева «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты баяндама оқыды тақырыптық слайд көрсетіліп бейне ролик көрсетілді. Мәдениет үйінің қызметкерлері К.Айтолла, Б.Өмірсерік іс-шараға катысып терме орындады. Дәрігер Дериглазова О.В., жастар орталығың маманы Г.А. Чукуева және басқа қатысушылар іс-шара сонынан Қуғын-сүргін құрбандарын ұмытпай еске алып, ұрпаққа таратып, жеткізіп айтып отырса, мұндай зұлмат болмасын деген ой түйінделіп тарасты.
Достарыңызбен бөлісу: |