2-Мамыр Көкпекті аудандық кітапханада «Бір шаңырақ астында» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Іс-шара Көкпекті орта мектебінде өткізілді. Көрмеге қазақ , орыс, татар, өзбек ұлттарының ұлттық киімін киген оқушылар қатысты. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлағалы жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойланатының қысқаша ұлттар тұтастығы мен халықтар достығы туралы кітапханашылар айтып өтті. Көрмеге «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Ұлттық киімдер» т.б кітаптар қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |