2018 жылдың 3 тамызында кітапханашы Р.Т.Нигматуллинаның ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі – Мәңгілік Ел» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізіліп, кітап көрмесі қойылды.
2018 жылдың 29 тамызында аудандық кітапхананың кітапханашысының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым аялайды елімді» патриоттық сағат өткізілді. Балалар «Менің Конституциям» викторинасына қызығушылықпен қатысты. «Тәуелсіз Қазақстанның негізгі заңы» бейнефильмі көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |