31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналып, қазақ тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы келер ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Зобалаң жылдар жаңғырығы» деген тақырыппен еске алу кеші өткізілді. Кеш барысында тақырыптық слайд көрсетіліп, «Репрессия құрбандары»деген тақырыппен ашық кітап көрмесі қойылды.
.
1 маусым - Балаларды қорғау күні
1 маусым - Балаларды қорғау күні, бұл ең жақсы және қуанышты мереке болып табылады. Бұл күннің жақсы өтуі, есте қалуына үлкендердің тигізетін ықпалы зор осы мерекеге арнап аудандық кітапхана қызметкерлері «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты флеш-моб ұйымдастырды. «Ертегілер әлеміне саяхат»деген тақырыппен қойылған кітап көрмесі балғын оқырмандардың қызығушылығын туғызды .
Достарыңызбен бөлісу: |