Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл - халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық - деген мақсатпен Көкпекті аудандық кітапханасында 2016 жылдың тамыз айынының 26 жұлдызында аудандық кітапханада «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты поэзия кеші өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана –тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиет ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Іс-шара еліміздің әнұранымен ашылды.Поэзия кеші тіл халқымның қазынасы баға жетпес байлығы десек-осы қазына байлықты Қарасаздан ұшқан асқақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтарымен бастады оқушылар. Әбділда Тәжібаевтың,Оразақын Асқардын,Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері оқылды.Тілдер мерекесіне орай «Тіл - әр халықтың құнды қазынасы» жасалынған слайд-шоу көрсетіліп, «Туған тілім тұғырым» атты бейнеролик тамашаланды.Аталған іс-шараға әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары қатысты.
«Азат елдің ар намысы – Ата Заң» тарихи – танымдық кеш
2016 жылы 29 тамыз күні аудандық кітапхана қызметкерлері «Азат елдің ар намысы – Ата Заң» тақырыбында тарихи- танымдық кеш өтті.Іс-шара аудандық «НұрОтан»партиясының Көкпекті аудандық филиалының мәжіліс залында өтті. Шараға Шайжүнісов орта мектебінің, Көкпекті мектебінің ұжымы, балабақша, әділет басқармасының мамандары қатысты. «Ата заңым айбыным» атты кітап көрмесін жиналған қауымға кітапханашы А.Б.Ташубаева насихаттап ,конституцияның негізін салушы хандар мен билердің жинақтарының жаңаланған нұсқасын таныстырды. Кітапхананың оқырманы Б.Мұрат «Өркендей бер» әнін мерекеге тарту етті. Шара барысында аудандық кітапхана директоры А.Ибраева конституцияның шежіресіне шолу жасады.Келген қонақтар арасында аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Ильясов, аудандық маслихат депутаты Р.Сафиуллиновна , «НұрОтан» партиясының қоғамдық бірлестігінің Көкпекті аудандық филиалы бірінші орынбасары Г.Ақшабаева құттықтау сөз сөйледі.Кітапхана қызметкерлері тарихи тақырыптық слайд пен бейнероликті көрермендер назарына ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |