Гиппарх (б.з.д. 150 ж.). Гиппарх эратосфеннің математикалық карта жасауына қарсы болып, географиялық ендік пен бойлықты астрономиялық жолмен белгілемек болды. Осы ретпен өзі жер шарының картасын жасады, бірақ, Эратосфен картасынан әлдеқайда нашар болып шықты. Біздің заманымыздың басталу кезінде Рим күшейіп, ерте заманғы ғылым табыстарын өзіне жинай бастады, енді Апеннин түбегі дүние жүзіндегі ғылым мен мәдениеттің екінші орталығына айналды.
Гай Юлий Цезарь (б.з.д. 100-44 ж.). цезарь заманындағы аса көрнекті қоғам қайраткері, қолбасшы және жазушы болды. әсіресе, оның жазып қалдырған үлкен екі шығармасы- «Галлия соғысының сипаттамасы», «Азамат соғысының сипаттамасы»ғылымға өте құнды мұра болды. Бірақ Цезарь бұл шығармаларында өзінің жорығын заңды деп көрсету үшін кейде тарихи шындықты бұрмалап та жазды. Дегенмен, оның шығармаларының география ғылымына қосқан үлесі зор болды. Ол өзінің шығармаларында Галлия, Германия, Бретан жерлерін тұңғыш рет көрсетті. Цезарь 55 және 54 жылдары Рейн өзенінен екі рет өтіп, Бретань жеріне 2 рет жорық жасады. Рейнге тұңғыш рет көпір салды. Өзен бойында әр түрлі герман тайпалары мекендейтінін айтты. Галлияны үшке бөліп, оның бір бөлігінде-бельгиялықтар, екіншісінде-аквитандар, үшіншісінде-кельттер немесе нағыз галлилертұрады,-деп жазды. Ол бұлардан басқа да, бұрын белгісіз Батыс Европа елдерінің, олардың бұрынғы үрім-бұтағын, әсіресе, Альпі, Юра тауларын мекендеген елдер туралы дәйекті материалдар жазып қалдырды.
Кейіннен Цезарь күнтізбеге елеулі жаңалық енгізді. Бұрын Рим күнтізбесі бойынша бір жылда 355 күн бар деп есептейтін де, қалған 10 күн қосымша хабарландырылатын. Цезарь бұл күнтізбені өзгертіп, бүкіл Рим империясына арнап толық күнтізбе жасады. Цезарь есімімен аталған осы күнтізбе 1582 жылға дейін өзгеріссіз қолданып келді. Ал, оның өзгерілген түрі-осы күнгі дүние жүзілік күнтізбе.
Сондай-ақ бүкіл Рим империясына қарайтын тас жолдарды өлшетіп, жол жағасына оның алыстығын көрсететін бағандар қойғызды, бұл тәртіп барлық елдерде осы күнге дейін қолданылады.
Страбон (б.з.д. 1 ғ.). Страбон Жерорта теңізі жағалауында Кіші Азияда Амасе қаласында туған. Ол өз тарихынан 43 кітап, «географияның» 17 кітабын жазған. Эратосфен жерді зерттеп білетін ғылымды тұңғыш рет»Географика» деп атаса, Страбон оны тұңғыш рет басқа ғылымдардың қатарына қойды. Страбон «география» деп барлық жер туралы ғылымды түсінді. Ол оны беріле зерттеп, жер бай лығын адам баласының пайдасына асыруды көздейді. Ол саяхатқа шығып, көп жерлерді зерттейді. Страбон Рим империясын Август билеп тұрған кезде географиялық зерттеуден 17 кітап жазған. Мұның бастапқы екі кітабын физикалық, математикалық географияға, содан кейінгі 15 кітабын сол кездегі белгілі жерлерді, сол жерлердегі елдерді, олардың тарихын, халқын, шаруашылығын зерттеуге арналған. Зерттеулерінде Еуропаны, Азияны, Африканы әр жақты бейнелеп, Еуропадағы және Жерорта теңізі жағалауындағы қалаларды географиялық тұрғыдан сипаттап жазған. Страбон Бретань жері мен Исландияны солтүстік жердің шеті, одан әрі жер жоқ деп топшалайды. Бұдан кейін Страбон Альпі тауын, Рим жерін, оның ішінде Неаполь мен Везувийді толығырақ жазады, бұл жерлерді ол жақсы білген. Еуропаның солтүстік-шығысын анықтап, Рейн мен Эльба бойындағы германдықтарды атап өтеді де, Висла өзені шығысқа қарай ағады,- дейді. Бұдан басқа Шығыс Еуропа халқын славян деп атап, орыс халқының ежелгі ата-тегін де шолып өтеді. Демек, бұл кезде славяндар Еуропаның шығысына орналасқаны белгілі. Сондай-ақ, ғалым Қара теңіз жағалауы мен Қырым гректердің қол астында болғанда, олар скифтермен сауда жасау үшін Борисфен (Днепр) сағасына- Ольбия, Таврида түбегіне Феодосия,Харсонес, Таврия қалаларын салған дейді. Страбон Балкан түбегін, оның қалаларын зерттейді. әсіресе, ол Грецияны, Эгей теғңізін, оның аралдарын зерттеп, Европа сипаттамасын (географиясын) жазып бітіреді. Содан соң Азияны жазуға кіріседі. Рим империясы кезіндегі Жерорта теңізі жағалауының, Еуропаның, Азияның, Африканың географиялық бейнесін дұрыс көрсететін Страбон «Географиясы» географиялық ғылым үшін-бағалы мұра. География ғылымының дамуына жол ашқан Страбон: географиялық орта адам баласының өміріне, оның мінез-құлқына, экономикасына әсер етеді,-деп тұңғыш рет дұрыс қорытынды жасады.
Мұнымен қатар, Страбон географиясының кемшілігін айтпай болмайды. Оның басты кемшілігі Жер әлемнің кіндігі, ол қозғалмайды, Күн Жерді айналады- деп әлемді теріс түсінеді. Жер арал тәрізді, оны айнала өзендер, мұхиттар қоршап жатыр,-дейді. Жерді төрт бұғаз қоршап жатыр, оның біір Каспий бұғазы деп ойлайды.
Помпоний Мела (б.з. 1 ғ)- көрнеткі Рим географы. Ол Испанияның Тигентер қаласында туған. Бұл- өзі саяхатта көп болмай, өзіне дейінгі географтар еңбектерін пайдалана отырып, б.з. бас кезінде 3 кітап жазған ғалым. Ол бұл еңбектерінде сол кездегі белгілі жерлердің бәрін де көрсетпек болады. Автор алдымен Жерорта теңізі жағалауының географиясын, халұын, одан кейін Қара теңіз жағалауын жазады. Ол өзінің географиялық еңбектерін жазғанда оған дейінгі қалыптасқан қателіктен шыға алмайды. Жер шетінің солтүстігіндегі мұхит суық, оңтүстігіндегі мұхит ыстық, сондықтан өмірге қолайсыз, елсіз деп біледі. Осы екі арадағы жерді ол бес белдеуге бөлді. Оның екеуі ғана адамдар тұруға қолайлы, қалғандары қолайсыз дейді. Ол Цейлон аралын басқа бір әлемдегі Жер деп түсінген. өзінің «Жердің пайда болуы» деген күрделі еңбегінің кіріспесінде ол былай деп жазады: « Мен ең алдымен жердің сыртқы түрін, одан соң оның әрбір бөлігін, шекарасын, теңіздерін, бұғаздарын, сол жерлерді мекендеген халықтар туралы жазамын»,- деп бастайды да, бірінші кітабының 1- тарауында әлемді төртке бөледі, аспан мен Жер тұтас деп түсінеді. ІІ тарауында Азияны, ІІІ тарауында Европаны, ІVтарауында Африканы егжей-тегжейлі жазып, географиялық тұрғыдан толық мағлұмат береді. Бірінші кітабы 19 тараудан тұрады, әр тарауында әр жерді, мысалы, Араб, Скиф,Сирия жерлерін жеке алып сипаттайды. Ғалым екінші кітабын Қара теңіз жағалауындағы, оңтүстік Орыс даласын ертеде мекендеген елдерді сипаттаудан бастайды, Скиятерді және Греция, Галия, Испания, Италия жерлері мен халықтарын баяндайды. Помпоний Мела нақты географиялық тұрғыдан әр жақты толық деректер жазып қалдырды.
Үлкен Плиний (б.з. 24-79 ж.). оны кейде Гай Плиний Секунд деп атайды. Ол Италияның Комы қаласында туған. Плиний Рим империясы билеген жерлерге саяхатқа шығып, ол белгілі Помпей, Геркулянум және Стабия қалаларының жанар тау атқылап, оларды жартылай жауып кеткенін көреді және бұл жерлердің географиясын өзінің атақты «Жаратылыс тану тарихы» деген шығармасында жазады. Ғалымның бірсыпыра шығармалары тарихқа белгісіз, кейінгі ғасырларға жеткендері-37. Мұның үшінші, төртінші, бесінші, және алтыншы кітаптары географияға арналған. Плиний өзінің көп кітаптарында әлемнің математикалық сипаттамасы, география, антропология, зоология, ботаника, медицина, минералогия және басқа ғалымдар жайында жазды. Плиний географиялық еңбектерінде қателіктер де, теріс түсінушіліктер де болды. Мәселен, ол географиялық жағдайларды кейде тек қана атап өтеді де, Еуропа жер шарындағы ең үлкен құрлық,-дейді.
Ол Аристотель сияқты Жерді шар тәрізді деп білді, бірақ ол жер бетіндегі асқар таулар, терең мұхиттар жер бетін өзінше өзгертеді, демек жер беті тегіс емес,- деп, алғаш рет Жер бетінің бейнесі туралы дұрыс түсінік берді. Ол Жердің шар тәрізді екенін жиектен шыққан кеме бірте-бірте көрінбей кететіні арқылы дәлелдейді. Сөйтіп, Аристотельден кейін Үлкен Плиний мен Страбон Жердің шар тәрізді екендігін география ғылымына дұрыс дәлелдеп берді.
Кіші Плиний (б.з. 61-114 ж.). кіші Плиний Үлкен Плинийдің немересі, әке-шешесі жастай өлген соң, үлкен Плиний оны өз тәрбиесіне алып, білім үйретеді.
Кішщі Плиний Рим империясында ең төменгі қызметтен бастоап бас елшілік қызметіне дейін көтерілген адам. Сондай-ақ ол шешен әрі жазушы ретінде де көзге түсті. Оның басты шығармалары «Панегрик» және «Хаттар», одан кейінгісі- 10 кітап.
Клавдий Пталомей (б.з. 90-168 ж.). Оның өмірбаяны бізге белгісіз. «Ұлы астрономиялық құрылыс» деген 13 кітабы Птолемей атын әлемге жайды. Мұнда австрономия, география ғылымдарына үлкен жаңалық енгізді. Птолемей тұңғыш рет жер шарының географиялық картасын сызып, әлемді онымен таныстырып, картография ғылымының негізін салған- аса білікті, көрнекті географ, астроном, физик және математик. Оның шыққан тегі- грек, көп жылдар Египетте тұрды. Ортағасырларда арабтар Птолемей еңбегін «Алгамест» (ұлы еңбек) деп дұрыс атаған. Осы еңбегінде Птолемей ең алдымен жер шарының және сол замандағы белгілі жерлердің, қалалардың географиялық ендік, бойлықтарын көрсетті. Әрине, мұның бәрі де дәл болмаса да, олардың болашақтағы зерттелуіне, дұрыс дамуына жол ашты. Птолемей тұңғыш рет Каспий теңізіне Ра дейтін үлкен өзен құяды деп жазды. Бұл Волга өзені анық. Сондай-ақ Рипей тауларын (Уралдан) Шыс өзені басталады дейді. Бұл- Кама өзені, Птолемейден бұрынғылар бұл өңірді мекендеген халықты- скифтер деп атаса, ол- сарматтар деп өзгертті. Сарматтар Танаис (Дон) өзенінен Висла жағалауына және Карпат тауына дейінгі жерді мекендейді.
Птолемей Айдың, Меркурийдің, Венераның, Марстың, Юпитердің, Сатурнның және Күннің жолын көрсетті. Оның екінші бір тамаша еңбегі- «География» (8 кітап), оның бірі- «Географиялық оқулық». Бірақ бұл еңбек сол заманда елеусіз қалғанымен кейіннен қайта «ашылып», әлем, Жер туралы мол мағлұмат берді. Птолемейдің бұл оқулығы ХҮ ғасырда ең алдымен латын, грек тілдеріне аударылды да, ХҮІ ғасырда-20, ХҮІІ ғасырда-50 елдің тілінде басылып, дүние жүзіне кең тарады.
Птолемей география ғылымының дамуына қосқан зор үлестермен қатар, оның елеулі қателіктері де болды: оның картасында судан гөрі құрлық көп. Үнді мұхитын ішкі теңіз деп есептейді. Цейлон аралы үлкен болып көрсетілген де, Үндістан түбегі-кішкене. Птолемей картасында Жерорта теңізі сопақ болып түсірілген. Азов теңізі де, шығыс Еуропа да шамадан тыс үлкен.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
Алғашқы географиялық зерттеулерді бастаған Крит аралдарында тұратын халықты атаңыз.
А) грек
В) латын
С) қазақ
Д) миной
Е) египеттіктер
Финикиялықтар ежелгі замандарда қандай екі ірі мемлекетпен қарым-қатынас жасады?
А) Египет пен Вавилон
В) Сирия
С) Палестина мен Африка
Д) Араб елдері
Е) Грекия
Қай жылдар аралығында египеттіктер Сирияға шабуыл жасап, географиясын зерттеген?
А) б.д.д 3000-2500 ж.
В) б.д.д. 2000-1500 ж.
С) б.д.д. 1500-1000 ж.
Д) б.д.д. 500-550 ж.
Е) дұрыс жауап жоқ
Қай халықта кешке қарай күн өзінің қақпасымен Жер астына түседі деген тұжырым болған?
А) палестиналықтар
В) египеттіктер
С) вавилондықтар
Д) римдіктер
Е) гректер
Египет, Вавилон, Иран, Кіші Азияға саяхат жасаған еврей патшасы
А) дұрыс жауап жоқ.
В) Тутанхамон
С) Моисей
Д) Давид
Е) Соломон
6. Палестинаны ертеде қалай атаған?
А) врей жері
В) ханаан
С) дұрыс жауабы жоқ
Д) шөлейтті жер
Е) Сирия
7. Жерорта теңізіне тұңғыш рет кеме түсіріп, зерттеген халық
А) гректер
В) римдіктер
С) финикиялықтар
Д) египеттіктер
Е) вавилондықтар
8. Б.з. 1500 ж. бұрын финикиялықтар қай аралды өз отарына айналдырған.
А) Крит аралы
В) Кипр аралы
С) Сардиния аралы
Д) Мадагаскар
Е) Мальта аралы
9. Парсылар ежелгі Каспий теңізін қалай атаған.
А) Арал
В) Гиркан
С) Окс
Д) Яксарт
Е) Объ
10. Геродот қай қжылы, қай қалада туған?
А) 484 ж., Галикарнас
В) 489 ж., Афины
С) 488 ж., Илиада
Д) 490 ж., Константинопольде
Е) 491 ж., Римде
11. Геродот белгісіз жерлерді зерттеп білу үшін саяхатқа қай жылы шыққан?
А) 465 ж.
В) 486 ж.
С) 464 ж.
Д) 436 ж.
Е) 404 ж.
12. Египет пирамидаларын зерттеген ғалым.
А) Пифей
В) Аристотель
С )Геродот
Д) Птолемей
Е) Страбон
13. Пифей Альбион деп атаған аралдар:
А) Гренландия
В) Мавритания
С) Мальта
Д) Британия
Е) Крит
14. Ксенофонттың ең көрнекті еңбекті ата.
А) «Сократ туралы естелік»
В) «Грек тарихы»
С) «Анабасис»
Д) «Киропедия»
Е) «Федон»
15. А.Македонский осы жылы Инд өзенінің жоғарғы ағысында эспедиция жіберді.
А) 323 ж.
В) 324 ж.
С) 326 ж.
Д) 333 ж.
Е) 304 ж.
16) Тұңғыш рет Рейн өзінің көпір салған:
А) Гай Юлий Цезарь
В) А.Македонский
С) Аристотель
Д) Ксенофонт
Е) Пифей
17. Географияны ғылым қатарына жатқызған ғалым:
А) Геродот
В) Пифей
С) Птолемей
Д) Страбон
Е) Гиппарх
18. математикалық географиясының негізін салушы:
А) Эратосфен
В) Гиппарх
С) Ксекнофонт
Д) Птолемей
Е) Плиний
19. Птолемейдің айтуынша Шыс өзені қазіргі кезде қандай өзеннің аты:
А) Волга
В) Объ
С) Кама
Д) Амур
Е) Дунай
20. 8 кітаптан тұратын Птолемейдің еңбегі:
А) «География»
В) «Австрономия»
С) «Математика»
Д) «Альгамест»
Е) «Географика»
Екінші тарау
Орта ғасырдағы географиялық мағлұматтар
Ерте орта ғасырлардағы шығыс ғалымдарының географиялық көзқарастары
Мұхаммед Әбунәсір әл - Фараби (870-950) Түркістанда Арыс өзенінің Сырдарияға құйған сағасына салынған Отырар қаласында туған. Отырар қаласы заманында, яғни Х-ХҮ ғасырларда, бүкіл Сырдария бойындағы қалалардың ең үлкені, ең мәдениетті, тоғыз жол тарабындағы сауда орталығы болған. Мәдениеті жоғары, гүлденген Отырардан орта ғасырларда ғылымды бір саты ілгері бастырған, әлемге аты әйгілі ғалымдар шыққан. Солардың бірі аса білгір, ғұлама Әбунісір әл Фараби болған. Өз заманынын озық ойлы адамдары әл Фарабидің атына әл Мұғалім, әл Сани деген қадірлі есімді қосып айтатын. Мұнысы араб тілінде «екінші оқытушы»деген мағынада. Себебі, ежелгі Шығыс халықтары ғылым мен білімнің ең бірінші озық өкілі ретінде Аристотельді алып, екінші орынға әл Фарабиді қойған. Араб, парсы, грек тілдерін жете менгеріп, үлкен білімнің тұғырына көтерілген болашақ ғалым көп ұзамай Бағдадқа сапар шекті. Міне, осы қалада оның жан-жақты энциклопедиялық білімі шешек атып кемелден батайды. Әл Фараби жаратылыстану, философия ғылым салаларын терең зерттеу мен қатар, математика, медицина, музыка ғылымдарының да асқан білгірі болып, осы ғылымдарды халық арасына кең таратады, жастарға сабақ беріп, тікелей қалың көпшілікке лекция оқуды өзіне әдетке айналдырады. Фараби бұдан кейін ғылыми зерттеу мақсатымен Мысыр (Египет), Шам (Дамаск) қалаларын барып, сондағы ұлы ғұламаларымен айтысып, бәрін жңіп шығады. Сөйтіп, ол бүкіл ғылымның дұрыс бағытта дамуына жол сілтеп, оған баға жетпес үлес қосады. Қорыта айтқанда, атағы алысқа кеткен асраном, дәрігер Фараби алхимия, ботаника және минералогиямен айналысқан. Фараби асқан кішіпейіл, сыпайы адам. Ол бар өнерін ғылым жолына сарып етіп, сексен жастан асқан шағында Шам шаһарында қайтыс болған. 1970 жылы Фарабидің туғанына 1100 жыл толады. Оны біздің еліміз және бүкіл дүние жүзі атап өтеді.
Якуби - аса көрнекті араб географы. Оны араб географиясының «атасы» дейді. Якуби еңбегі де халық арасына да тараған. Оың еңбегін көптеген ақындар, жазушылар, тарихшылар, географтар пайдаланып келді. Ол жасынан саяхатқа шығуды, белгісіз жерді, онығ халқын білуді арман теіп, көп жерлерді аралады. Сөйтіп, ол көп матриал жинап, «Әлем кітабы» деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде жер мен судың, қаланың, селоның географиялық жағдайына, әсіресе физикалық, экономикалық географияға айрықша көңіл бөлді. Қала, селолар аралықтарының қашықтығын, ол жерлерінің шаруашылығын, өсімдігін, жануарлар дүниесін, жер бедерін, ауа райын мұқият зерттеді.
Ибн Фадлан (921 жыл) - елші Халифа Муктадирмен бірге Волга бойындағы болгарларды аралап, өзі болған жерлерін көрген қалпында жазған. Ол болгарлардың, хазарлардың, башқұрттардың, орыстардың жерін, халқын олардың салт-санасын, әдет-ғұрпын, мұқият зерттеп, толық баяндайды. Ибн Фадланның бұл бағалы еңбегі түгелдей кейіңгі ғасырларға жетпеген, тек қана оның еңбегінің кейбір үзінділерін ХІІ ғасырда Якуш өзінің кітабында келтіреді. Ибн Фадлан көп уақыт Ресей жерін аралаған саяхатшы.
Мұхаммед ибн Мұса әл Хорезми ( ІХ ғ. - Хорезмнен орта ғасырда география ғылымынан көп еңбек сңіріп, Орта Азия, Қазақстан жерлерін көп зерттеген ғалым). Оның «Доныш - Нама» («Білім кітабі») деген философиялық еңбегі жаратылыстану ғылымының әр сласын қарастырып, жердің географиялық жағдайы, материаның қозғалысы дамуы, тау жасалу процестері, өсімдік, жануарлардың өсіп-өнуі, тау жыныстары, минералдардың құралу процестеріне тоқталады.Ол бұл еңбегінде минералдың 50 түрін толық сипаттап жазды. Ғалым астрономия, геология география, минерология ғылымдарын зерттеп оларды ілгері дамытты. Әл Хорезми 1020 жылы «Медицина ғылымының заңы» («Медицинский канон») деген күрделі еңбегін жазған. Оның бұл еңбегі ұзақ уақыт дүние жүзі медицина ғылымының ең даңқты кітабы болды, ХІІ ғасырдан бастап латын тілінде отыз рет, бірнеше рет араб тілінде басылып шықты. Сондай-ақ кітап 1593 жылы Римде басылып, бүкіл Шығыс Еуропаға кең тарады. Біздің жерлесіміз Әл Хорезми заманында Бағдад обсерваториясы мен «Даналық үйінің» ең бір белді білгір ғалымы болды. Бағдад, Мысыр, Бұхара, Мары, Самарқанд қалалары сол кезде жаратылыс тану, география, геология және физик, математика ғылымдарының орталығы болатын.
Әбу Әли ибн Сина 980 жылы Бұхара маңындағы Афшана деген жерде тәжік отбасында туған. Ол жастайынан діни оқуларымен айналысып, математика, физика, астрономия, география, философия, логика, заң ғылымдарын беріле оқиды. Ертедегі грек ғылымдарымен де танысады, 1000 жылы ғалым Үргенішке келіп Орта Азия, Қазаұстанды зерттеу жұмысын жүргізіп, дүние жүзілік маңызы бар медициналық еңбектерін жазады.
Әл - Бируни (973-1048) - Хорезмде туып өскен ол Орта Азия, Қазақстан жерін зерттеген, жаратылыстану ғылымының шежіресі болған орта ғасырдағы аса көрнекті өзбек ғалымы. Ол - астроном математик, физик, геолог, минеролог, географ, ботаник, этнограф, тарихшы. Ғалым араб, парсы, еврей, грек халықтарының тарихын зерттеп, календарын жасады. Заттардың сыбағалы салмағын көрсетті.Ғалымның тұңғыш көлемді еңбегі «Ертедегі хлықтардың шежіресі» заманында теңдесі жоқ еңбек болды. Әл Бируни Орта Азиядағы Отырар қаласында академия ұйымдастырып, осы академияның тұңғыш президенті болды. Ол орта ғасырда Орта Азияда ғылымды бір саты ілгері дамытты. Заманында Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстаннан шыққан ондаған философ, тарихшы, географ, астраном, дәрігерлерді өз маңына топтастырды. Орта ғасырда Қытай мен Орта Азия арасында «Жібек жолы» басып өтетін Жетісу бойында, қазқ даласының оңтүстігінде Іле, Талас, Сырдария, Шу өзендері бойларында мәдениеті гүлденген Отырар, Тараз, Сайран, Түркістан сияқты орталық қалалар болды. Бұл қалалардан атақты ақын, жазушы, ғалым, тарихшы шықты.
Ибн Хаукаль (Х ғасыр) - Араб империсының ішкі құрылысын, жер жағдайын толық бейнелеп жазды. Ол 953 жылы Шығыстың көп жерлерін аралады. Саяхатшы осы сапарында Инд өзені бойында белгілі араб саяхатшысы Истахри мен кездесіп, оған шығыстың картасын береді. Ибн Хаукальдың «Патшалықтар және жол кітабы» деген еңбегінде көп мағлұмат бар және жеңіл оқылады. Оның бұл еңбегі географиялық, саяси, статистикалық тұрғыдан жазылған, көптеген материалдар пайдаланылған. Ол география мемлекетке де халыққа да керек, сондықтан, оның зерттелуін мемлекет басқаруға тиіс деді. Ғалымның бұл еңбегі мұсыллман шығысы дәуірлеп тұрған кезде жазылған күрделі географиялық еңбек.
Идриси (1100-1166ж) - аса көрнекті араб географы. Ол ХІІ ғсырдың орта шенінде Сицилия королі Рожер ІІ срайында қызмет істеген. Оған дейін ол Кордова қаласында оқып білім алады, Еуропаны түгелдей дерлік аралап, Англия, Франция жағалауларын мұқият зерттейді. Идрисиге король сарайында географиялық зерту жұмысын жүргізуге мүмкіндік болады. Өйткені король өте аң құмар адам болған, жер суды, ауа райын. Аңдар жайын білетін ғалымдарды өз маңына жинайды, оларды аңға шыққанда өзімен бірге алып жүреді. Міне, солардың ең көрнектісі Идриси еді. Сондай-ақ Идриси король сарайына алыс жерлерден үнемі келіп тұратын көпестермен, саяхатшылармен пікір алысып, өзінің географиялық білімін толықтырып отырды. Осы ретпен ол Африка, Орталық Азия жайында көптеген материалдар жинаған. Идриси екі үлкен географиялық карта жасап, оған өзі білетін жер шарының материктерін, мұхиттарын, теңіздерін, түбектерін, аралдарын түсіреді. Ол бұл үшін ерте замандағы грек, рим, орта ғасыр географтраының барлық материалдарын пайдаланады. Бірақ Идриси де олардың жіберген қатесін ескермей, өз картасына түсіреді. Идиси картасының қателігі атақты Птоломей картасының кемшілігінен де асып түседі. Бұл кемшіліктерінің ең бастысы - оның картасында ендік бойлық сызықтарының жоқтығы. Бұл сызықтарсыз географиялық карта дұрыс болмайды.
Махмұд Қашғари ( Махмуд ибн әл-Хусейін ибн Мұхаммед) - ХІ ғасырдағы түркі ғалымы, «Диуани лұғат-ат-түрк» («Түрк сөздерінің жинағы») атты еңбегінің авторы, өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылды. Ол сол заманғы түркі тайпаларының географиялық орналасу ретімен батыстан (Румнан) шығысқа (Чинге) қарай санап көрсетеді және олардың орналасу картасын береді. Жеке тайпа тіліне тән сөздерді түсіндіру үстінде этнография, тарихи география мәліметтерін келтіріп отырады. Ол мәліметтерге сүйене отырып, ХІ ғасырларда түркі тайпаларының мекен еткен жерін, кімдермен көрші болып араласқанын білуге болды. М. Қашғари оғыз тайпаларын ұсақ руларына дейін атап көрсетеді, олардың әрқайсысының қолданатын таңбаларын айтады.
Ибн Батута ( Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Батута 1304-1377) - орта ғасырдағы араб географтарының ішіндегі ең көрнектісі. Ол бүкіл араб империясына қарайтын жерді 25 жыл бойы аралап 120 мың километр жол жүрген, бәрінде көзімен көріп, өте бағалы географиялық еңбек жазып қалдырған. Ол Еуропа, Үндістан, Қытай, Египет, Шығыс Африка, Палестина жерлерін зерттеді. Қара теңізден өтті, Оңтүстік Орыс даласын, Волга бойын, Астрахань өңірін аралады. Одан кейін Орта Азия мен Қазақстан жерін зерттеді. Атап айтқанда Хорезм, Бұхара, Амудария, Сырдария, Шу, Іле бойларнда Тянь-Шань тауларында болды. Орта Азия ғалымдарының еңбектерінде нақты географиялық материалдар көп кездеседі. Бұл кезде Орта Азияда астрономия, математика, физика, химия, география, тарих, әдебиет сияқты ғылым салалары едәуір дамыды. Ерте заман ман орта ғасыр тарихын зерттеушілер Орта Азия, Қазақстан ғалымдарын, олар өз еңбектерін араб тілінде жазғандықтан, көбінесе оларды араб ғалымдары деп есептеді. Әрине, бұл дұрыс емес.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
2-нұсқа
Өз заманынын озық ойлы адамдары әл - Фарабидің атына әл - мұғалім, әл – сани деген қадірлі есімді қосып айтатын. Мұнысы араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) «бірінші оқытушы»
В) «екінші оқытушы»
С) «үшінші оқытушы»
Д) «төртінші оқытушы»
Е) д.ж.ж.
2. Қай араб ғұламасы сексен жастан асқан шағында Шам шаһарында қайтыс болған?
А) Якуби
В) Ибн Сина
С) Әл Хорезми
Д) Әл - Фараби
Е) М. Қашғари
3. Қай жылы Әл - Фарабидің туғанына 1100 жыл өткеніне орай той өткізілді?
А) 1970 жылы
В) 1960 жылы
С) 1979 жылы
Д) 1985 жылы
Е) 1990 жылы
4. Араб географиясының «атасы» деп қай ғалымды атайды?
А) Ибн Хордадбех
В) Якуби
С) Ибн Фадлан
Д) Идриси
Е) Ибн Сина
5. Якуби өзінің қай еңбегінде жер мен судың, қаланың, селоның физикалық, экономикалық географиясына айрықша көңіл бөлді?
А) «Жер әлемі кітабы»
В) «Физика – экономика кітабы»
С) «Гография әлемә»
Д) «Әлем кітабы»
Е) « Жер шары»
6. 921 жылы дүниеге келген белгілі араб саяхатшысы?
А) Ибн Фадлан
В) Ибн Хәукал
С) Ибн Батута
Д) Ибн Сина
Е) Идриси
7. Қай жылы Әл – хорезми өзінің «Медицина ғылымының заңы» деген күрделі
ғылыми еңбегін жазған?
А) 1020 ж.
В) 1030 ж.
С) 1040 ж.
Д) 1010 ж.
Е) белгісіз
8. «Медицина ғылымының заңы» деген еңбектің авторы?
А) Ибн Батута
В) Әл Фараби
С) Әл - Хорезми
Д) Әл Бируни
Е) Якуби
9. 980 жылы Бұхара маңындағы Афшана деген жерде дүниеге келген ғұлама?
А) Әл Фараби
В) Әл Хорезми
С) Якоби
Д) Ибн Сина
Е) Ибн Батута
10. 973-1048 жылдар аралығында Хорезмде туып - өскен ғұлама?
А) Идриси
В) Әл Бируни
С) Ибн Сина
Д) Якуби
Е) Ибн Хаукәл
11. «Ертедегі халықтардың шежіресі » деген еңбектің авторы?
А) Әл Бируни
В) Әл Хорезми
С) Ибн Сина
Д) Якуби
Е) Якут
12. Жалпы алғанда Әл Бирунидің жазған еңбектерінің саны?
А) 45
В) 97
С) 150
Д) 135
Е) дұрыс жауаб жоқ
13. Араб империясының ішкі құрылысын, жер жағдайын толық бейнелеп жазған кім?
А) Якуби
В) Ибн Хаукәл
С) Ибн Сина
Д) Ибн Фадлен
Е) Ибн Батута
14. Қай жылы саяхатшы Ибн Хаукаль Шығыстың көптеген аймақтарын аралауға
шықты?
А) 953 ж.
В) 963 ж.
С) 973 ж.
Д) 1073 ж.
Е) 943 ж.
15. Ибн Хаукәл қай еңбегінде статистикалық, саяси, географиялық материалдарды
пайдаланып, Шығыстың жерлеріне толық тоқталады?
А) «Шығыстың географиялық кітабы»
В) «Шығыс саяхаты»
С) «Патшалықтар және жол кітабы»
Д) «Патшалықтар географиясы»
Е) «Саяхатқа барар жол»
16. Идрисинің жасаған географиялық карталарының саны қанша?
А) 4
В) 2
С) 3
Д) 1
Е) белгісіз
17. Идрисидің картасында жіберген кемшіліктердің бірі?
А) экваторлық белдеуінің дұрыс көрсетілмеді
В) картада материктердің болмауы
С) ендік,бойлық сызықтарының жоқтығы
Д) қателік жіберген жоқ
Е) дұрыс жауаб жоқ
18. «Түрік сөздерінің жинағы» атты еңбектің авторы кім?
А) Әл Фараби
В) М. Қашғари
С) Әл Хорезми
Д) Ибн Батута
Е) Әл Бируни
19. Еуропа, Үндістан, Қытай, Египет, Орта Азия, Қазақстан және тағы көптеген жерлерін зерттеген атақты саяхатшы?
А) Ибн Батута
В) Әл Хорезми
С) Әл Фараби
Д) Әл Бируни
Е) Якуби
20. Орта ғасырдағы араб географтарының ішіндегі ең көрнектісі Ибн Батутаның өмір сүрген жылдары?
А) 1304-1374 ж.ж.
В) 1304-1377 ж.ж.
С) 1304-1379 ж.ж.
Д) 1305-1377 ж.ж.
Е) 1305- 1379 ж.ж.
Орта ғасырлардағы батыс географтары мен халықтарының география туралы көзқарастары
Достарыңызбен бөлісу: |