Көкшетау 2011 Құрастырғандар


Колумбтың екінші экспедициясы



бет4/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Колумбтың екінші экспедициясы

Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығын бүкіл Европа естіп, бұған алғашқыда Колумбтың жоспарын қабылдамаған Португалия королі қатты өкінді. 13 наурызда Португалия королі Иоанн ІІ эскадро ұйымдастырып, Атлант мұхитының батысынан Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Өз кезегінде Испания королі ашылған жерлердің барлығының өзіне тиесілі екендігін жариялады. Сөйтіп, көршілес отырған осы елдер арасында бәсеке туып, жаңа жерлерді отарлау жарысы басталды. Испания королі Колумбқа 2-рет экспедицияға аттануға әмір береді. 1493 жылы Испания жағалауынан алыс сапарға аттануға Колумбқа 1200 адам еріп шығады. Колумб өзімен бірге жаңа жерді зерттейтін ғалымдарыд, дін таратушыларды, алтын қазатын кеншілерді, ұста-балташыларды ертіп алды, сондай-ақ сиыр, жылқы, қой, астық, өсімдік тұқымын ала кетті. 1493 жылы 27 қаңтарда 17 кемемен Испания портынан шыққан Колумб жол-жөнекей бірнеше аралдарды ашып, 22 қарашада Испаньола аралына жетеді. Ол аралда қалдырған матростарына хабар бергенде жауап алмайды. Содан жолдастарымен аралдың жағасына шыққанда бұзылған бекіністі, қырылған матростарын көреді. Болған жайды жергілікті тұрғындардың абызы Кацик: «матростар осы жердің әйелдерін тартып алып, әрқайсысы алтын іздеуге кетті, мұны көрген көршілес арал адамдары оларды өлтірді, кейбіреулері ауырып қайтыс болды», - деп баяндайды. Осы жағдайдан соң испандар мен үндістер арасындағы достық үзіледі. Бірақ соған қарамастан Колумб Испаньолаға тағы да бекініс орнатты, жергіілікті адамдар оларға алтын әкеліп, түрлі ойыншықтарға, жылтыраған шыныларға айырбастайтын еді. Аралды зерттеушілер 4 өзен тауып, олардың жағаларынан толып жатқан кесек алтындар әкеледі. Енді испандар мұнда алтын өндірісін ашып, үндістерге еріксіз жұмыс істетіп, оның ғасырлар бойы тұнып жатқан табиғи байлығын Испанияға таси бастады. Колумб 12 кемеге алтын артып, корольге жібереді. Аралға қала салғызып, оған өз ұлын Диэгоны губернатор етіп қалдырады да, өзі 500 адаммен алтын кенін иеленуге Сибао аралына барып, бекініс салады. Бұл аралға 56 адамын қалдырып, қайтадан Изабеллаға келсе мұндағы адамдардың халдері қиындап кетіпті, тамақтары таусылған. Колумб бұл жағдайларды реттеп, енді оңтүстікке барып, Ямайко аралын ашады. Бұдан кейін Кубаны жағалай жүріп тағы 70 арал ашады. Колумб осылай зерттеу жұмысында жүргенде оның Испаниядағы дұшпандары оны корольге жамандап, ол жаңа жерді өзі билемек болды, саған бағынбайды, ондағы жұмысы нашар, матростар қырылып жатыр,- деп үсті-үстіне шағым жаудырды. Король бұл өтірікке сеніп ашылған жерлерге комиссар етіп Агудоны жібереді. Колумб онымен бірге 1496 жылы 10 наурызда жағдайды түсіндіруге Испанияға аттанып, 11 маусымда жағалауға жетеді. Жағдайды түсіндіріп, корольден тағы 8 кеме сұрап, қайтпақшы болғанда Франция мен Испания арасында басталған соғысқа байланысты оның қайтуы 1498 жылға қалады.



Колумбтың үшінші экспедициясы

Колумб мұхиттың арғы жағындағы 3-ші экспедициясына 1498 жылы 30 мамырда аттанады. Оның сол кездегі ауруы жанына батып, осы сапарына көңілсіз қарады. Ол Солтүстік Америка жағалауынан көптеген аралдар ашып, 1498 жылы 1 тамызда 2-рет Америка жағалауын ашты, бірақ осы жолы да ол жердің Америка екенін білмеді. Ол 30 тамызда Испаньола қаласына келеді, оның тапсырмасымен салынған Санто-Доминго дейтін қалаға губернатор болған баласы Диэго Изабеллаға да губернатор болады. Сөйтіп, жаңа жер отарлары Колумбтардың қолында болады, дегенмен кешікпей мәселе қиындай береді. Азық-түлік таусылып, жұмысшылар мен матростардың наразылығы күшейеді. Осы кезеде Рольдан деген адам үндістермен бірге көтеріліске шығады. Бірақ, дер кезінде Испаниядан 2 кемемен келген азық-түлік бұл қауіптен аман сақтап қалады. Рольдан өзінің адамдарымен қашып кетеді. Колумб онымен арадағы қайшылықты тексеруге корольден комиссия жіберуін сұрайды. Осы кезде тағы да Испаниядағы Колумбтың дұшпандары корольге ол сені алдап жүр, оның ашамын деген Үндістанын Васко да Гама басқа жағынан ашып, ол жерден мол қазына әкетіп жатыр деген лақап таратып, корольды сендіреді. Сондықтан, король Фердинанд бұл жұмысты тексеруге Испания бас губернаторы Бабадильді жібереді. Ол Колумбқа келіп, корольдің жарлығын көрсетеді де інісі Бартоломео, баласы Диэго үшеуінің аяқ-қолын кісендеп, 3 кемеге мінгізіп, Испанияға алып барады. Мұндай жүгенсіздікке шыдамаған Колумб корольдің алдына келгенде налиды, осы жолы да мәселе дұрыс шешімін табады. Колумб отар жағдайын корольге түгел баяндап, одан Кубадан Үндістанға суменен шығуды сұрап, рұқсат алады.



Колумбтың төртінші экпедициясы

1502 жылы 9 мамырда Колумб өзінің төртінші саяхатына аттанады. Оның шағын 3 кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа ауру халінде амалсыздан шығады. Бұл кезде ол 66 жаста еді. Жолда аралдарды аралай жүріп, 29 маусымда Изабелла қаласына келеді, бірақ ол мұнда көп аялдамайды. Себебі, оны қаланың губернаторы Овандо қабылдамады, сондықтан Колумб одан әрі оңтүстікке қарай жүзді. Бірақ, олар теңіз толқынына кездесіп, кемелері бүлініп, одан әрі жүруге жарамады. Олар амалсыздан жағадағы аралға шығады, осы кезде Колумбтың ауруы да меңдей түседі.

2 матрос Изабеллаға қайықпен кетеді, аралда қалғандар 8 ай кеме тосумен болады. Азып-тозған, ашыққан матростардың бір тобы Колумбқа қару алып қарсы шығады. Тек ағасы мен баласының қорғауымен ол аман қалады. 1504 жылы 24 маусымда бір жыл бұрын кеткен 2 матрос Мендос пен Фиеско келіп, әлсіз жатқан атақты теңізшіні жолдастарымен жол жабдығын дайындатып, 12 қыркүйекте Европаға қарай жүзеді. Олар осы жылдың 7 қарашасында Испания жағалауындағы Сан-Лукара портына жетеді. Аман келіп жеткен науқас Колумб Севилья қаласына барады. Мұнда оны король суық қабылдап, оны қудалау бітпейді. Оның сұраған үлесі сотқа тапсырылыпты. Испандықтар «Колумбта мол қазына бар», - деп ойлайды, шындығында онда ешбір қаражат, қартайғанда паналайтын үйі де жоқ еді. Колумб Севилья қаласынан Валядолид қаласына келіп орнығады өлім жақындағанын сезген ол ұрпақтарына арнап өсиет жазады, қалған бар - жоған үлкен ұлы Диэгоға қалдырады және кішісі Фернандоға біраз қаражат қалдырады. Өсиетінде: өлгеннен кейін аяқ-қолыма салған кісенді қабіріме бірге салсын деп тілек білдіріпті. 1506 жылы 20 мамыр күні қайтыс болады. Оны туған – туыстары Валядолидтегі монастырьға жерледі.

Колумб көздеген мақсатын орындап, адам баласына жаңа материк ашып берді. Жер шарында көптеген жер, су, арал, түбектер, асқар таулар, қала, ауылдар оның есімімен аталған. Бұл – оған арналған, мәңгі өшпейтін ескерткіш.



Васко да Гама. Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды. Бірнеше рет Гвинея жағалауын айнала жүзіп шыққан. 1492 жылы ол Жуан ІІ корольдің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесі Португаляға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 июньде Васко да Гаманын 4 кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады. Кейін оның эскадрасы Канар аралдарына келеді. 4 ноябрьде Африка жағалауында якорь тастайды. Бұл жері адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Бұдан әрі жүзіп, Бартоломейдің көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Добрая Надежда» мүйізін айналып өтіп,1497 жылы 25 ноябрьде Санто Барс қойнауына келіп бөгеледі. 1498 жылы 23 январьда Замбези өзені сағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерді бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді. Сол жылдың 14 апрелінде флот Малинда қаласына жетеді. Ол өте бай мұсылан қаласы еді, қала сұлтанына сыйлық беріп және сұлтан Васко да Гамаға тәжірибелі лицмон қосып береді. Оның аты Ахмет ибн Маджит еді.Ол компас пен картаны пайдалана білетін, тәжірибелі теңізші еді. Соның жол сілтеуімен Васко да Гама ұзақ жүзіп, 1498 жылы 10 майда Үндістан жағалауындағы орталық қалаға Каликутке келеді. Васко да Гама «Добрая Надежда» мүйісін айнала жүзіп, Атлант мұхитына шығып, содан 1499 жылы сентябрьде Лиссабон портына оралады. Мұнда халық адмиралды асқан құрметпен қарсы алады. Васко да Гама жолға шыққан 160 адамнан не бары 55 яғни үштен бірі ғана елге оралады. Бұлар Европадан Үндістанға баратын теңіз жолын ашады, Колумб арман еткен Үндістанды табады. Бұл жолдың европалықтар үшін саяси, экономикалық маңызы зор еді. Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, корольға Үндәстанды бағындыру үшін әскери экспедиция жіберу қажеттілігін баяндады. Португалия королі Эммануил Үндістанды екінші ретжаулап алуға Васко да Гама бастаған 20 соғыс кемесі аттандырды. 1502 жылы 10 февральда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетті. Каликут раджасы мұндай арнайы келген жауға қарслық көрсетпей олардың айтқанын істеп, сауда жасауға келісім берді. Васко да Гама төрт сағат ішінде қала маған бағынсын деп раджаға елші жібереді. Ол бұған жауап қайтармады, өйткені ол бейбіт жатқан елге сауда жасасу үшін келген европалықтар соғыс ашады деп ойламады. Айтулы төрт сағат өткен соң Васко да Гама оның портындағы бүкіл бейбіт тұрған кемелерді басып алып,еркін елді қырғынға ұшыратты. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың осы екінші экспедициямен аяқталды.

Фернандо Магеллан (1480-1521 ж). 1519 жылы 20 сентябрьде Фернандо Магеллан командосымен Испания жағасынан бес желкенді кеме шарын сумен айналып шығу үшін батысқа аттанды. Сол кеменің бірін Магеллан өзі басқарды. Бұлар ең алдымен Канар аралдарына келіп, одан ең оңтүстік Американы жағалай жүзіп, тұңғыш рет құрлықтың оңтүстігін айналып, ұлы мұхит айдынына шықты. Бұл Атлант мұхиты мен ұлы мұхит арасан байланыстырып тұрған бұғаз кейіннен «Магеллан бұғазы» атанды. Жаңадан ашылған ұлы мұхитты Магеллан «Тынық мұхит» деп атады. Өйткені Магелланға Тынық мұхит толқыны Атлант мұхитына қарағанда бәсең болып көрінді. Бірақ оның тынықтығы шамалы еді.

Магеллан Тынық мұхит арқылы Оңтүстік Американың батысын жағалай жүзіп барып, тіке шығысқа қарай бұрылады да, содан ары үздіксіз үш ай жүзеді, жолында бірде-бір арал кездеспейді. Ақырында азығы, тұщы суы таусылып, аштық тақсіретін тартады, 19 матрос өліп, 13-і ауырады. Кемедегілер өмірден күдер үзе бастағанда, (1521 жылы 9 мартта ) алданан аралдар кµрінеді. Аралда адамдар тұрады екен. Оның біріне тоқтап, су, біраз азық-түлік алады да, одан әрі жүзіп кетеді. Кешікпей Магеллан кемелері Испанияға қарайтын Филиппин аралына келіп тоқтайды, Бірақ өздерінің жер шарын кемемен айнала жүзіп келе жатқанын жасырады. Сөйтіп, архипелаг аралдарын зерттеп жүргенде, Мактан аралындағы тұнғыш үнділерді христиан дініне кіруге лажсыз көндіреді. Ақыры арал тұрғындарымен қан төгіс ұрыс басталады. Магеллан матростарына ұрыс сала отырып, қайықтарға қарай шегінуге бұйырады. Арал адамдары шетінен жауынгер, айлакер, әрі асқан мерген, лақтырған тасын адамға дєл тигізеді. Олар Магеллан матростарын әлсіретеді. Ауыр жаралы Магеллан суға құлайды. Сөйтіп, жер шарын айнала жүзіп келе жатқан әйгілі теңізші 41 жасында 1521 жылы 27 сәуірде қайтыс болады. Бұдан кейін кемелерді қалғандары басқарып Борнео аралына келіп, азық-түлік, алтын, күміс тағы басқа бұйымдар тиеп алады. Борнео аралының қожасы бұларды жақсы қарсы алып, жәрдем береді. Бұдан әрі тағы бір аралға жетіп, 40 күн тоқтап кемелерін жөндеп алады да, одан әрі белгілі теңіз жолымен жүзе береді. Испандар Үнді мұхитымен жүзіп, Африканың оңтүстігіндегі «Добрая Надежда» мүйісінен өтіп, аман-есен Атлант мұхитына шығады. Жамалған кеменің жыртығы ашылып, оған су кіре бастайды. Енді олар бұл кемені қалдырып, жалғыз «Виктория» кемесімен 9 июльде Жасыл мүйіс аралына әзер жетеді. Сонда тынығып, тамақтанады. Содан әрі қарай жүзіп, 1522 жылы 6 сентябрьде «Виктория» кемесінің командирі Доль Кано жер шарын айналып келіп, Испания жағалауына жетіп, якорь тастайды. Сөйтіп, бұдан үш жыл бұрын Баррамеда портынан 265 адам отырған 5 кеме шықса, енді 17 адамы бар бір ғана «Виктория» кемесімен қайтып оралады.

Магеллан экспедициясының қайтып оралған адамдарын Испания королы құрметпен қарсы алып, бәріне сый тартады. Магелланның орнына экспедицияны басқарып келген Даль Каноға Сыйлыққа Жердің шар тәрізді «гербін» береді. Гербте «Сен тұңғыш рет мені айналып шықтың» деген жазу жазылыпты.

Бұл хабар кешікпей дүние жүзіне тез тарады. Саяхатшылар Жердің де басқа планеталармен бірге Күнді айналатынын, жердің Шар тәрізді екенін дәлелдеп берді. Бұдан былай Жердің зерттелуі ғылыми тұрғыдан дамыды, көптеген географиялық жаңалықтар ашылды.



Америго Веспуччи. Мұхит арғы жағынын қазынасы мол, жаңа жерлері испандарды тарта берді. 1497 жылдан бастап сол жерге барып орнығам деушілерге король рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың бірі Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де аттанады. Алонсо де Охеда бастаған бұл саяхатшылар 1499 жылы 20 мамырда шығып. Испаньолаға келіп, одан көптеген жергілікті адамдарды тұтқынға алып оларды сатты. Кешікпей Америго Веспуччи де келді. Америго Веспуччи 1501 жылы Португалия королінің кемесімен екінші рет «Жаңа жерге» барады. Веспуччи Пинсонның, одан кейін Кабралдың ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «Жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауы мен Үндістанға өтпек болады да № оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін көптеген испания саяхатшылары зерттеген «Жаңа жер» бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк, 20 градус деп дұрыс корытындыға келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Еуропа, Азия, Африка материктеріне бөліп жаңадан Америо ашқан жерді оның бақа материктерімен ұқсастығына қарай Америка деп атау керек дейді. Ол кезде Американы «тоты құстар жері» дейтін.

Сөйтіп, жер шары құрлығының жартысы Америго Веспуччи есімімен аталып кетті. Ол материкті негізінде тұңғыш ашқан атақты Христафор Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін жаңа материк ашқанын білмеді. Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспуччи, сондықтан Маеригоның есімімен жаңа материк Америка деп аталды.

Бальбаро ну Васко Нуньес корольдан қашып «Жаңа жерді» зерттеуге аттанған экспедициямен келіп, Панама мойнағына жақын жердегі бір отарды билеп отырды. Одан әрі су бар деген индеецтер сөзіне сеніп, испандар мен индеецтердің көмегімен Панама мойнағынан өтті, көп-көп таулардан асып, 1513 жылы 25 қыркүйекте тұңғыш рет Тынық мұхитты ашты.

Осыдан кейін еуропалықтар Америкның жаңа материк екеніне сенді. Енді отаршылдар Америка байлығын иемденуге жанталасып, жергілікті халықты өырғынға ұшыратты, бірсыпырасын Еуропаға апрып құлдыққа сатты. Осы ретпен аралдардың кейбір байырғы халықтарын еуропалықтар құртып жіберді. Бұдан кейін еуропалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа жерлерін өздеріне қаратып, бейбіт халықтарын тонап, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін, салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Сөйтіп, Колумб, Васко да Гама тағы басқалардың белгісіз жерлерді ашуы география зерттеуі үшін үлкен жаңалық болса, ал еуропалықтардың одан кейінгі саяхаты басып жаншуды, отарлау саясатын көздейді.



Солтүстік-шығыс және Солтүстік-батыс кеме жолдары. XVI ғасырдың басында Англияда географиялық зерттеу жұмысы шамалы болды. Оңтүстік жарты шардағы мұхит пен теңіздер жолдарын билеп аған португалдардан, Батыс жарты шардағы мұхит, теңіздерді билеп алған испандардан сескенген ағылшындар алысқа жүзуді ойламады. Сондықтан ағылшындар иен жатқан Солтүстік Мұзды мұхит жағалауындағы теңіздер арқылы Қытайға және Үндістанға бару үшін Азия мен Америка арасындағы Солтүстік-шығыс жолын ашпақ болды. Өйткені Англия бұл елдермен сауда қатынастарын күшейтпек болды. Осыған орай ағылшын көпестері мен дворяндары өздерінше белгісіз жерлерді, елдерді зерттеуші, сауда жұмысын байланыстырушы қоғам ұйымдастырды.

Қоғам алс сапарға үш кеме дайындады. Экспедицияны беделді дворян Хью-Уиллоуби басқарады, ол әрі үлкен кеменің командирі болады, екіншісін – Ричард Ченслер, үшінші кемені – Корнелий Дюрферт басқарады. 1553 жылы Англияның Гринвич портынан шыққан бұл кемелер солтүстік жағалауда алты апта жүзіп, 23 июньде ашық теңізге шығады. Осыдан бұрын 69градус солтүстік ендік бойындағы Норвегия жағасына жетеді.бұдан соң, теңізде дауыл көтеріліп, Ченслер екі кемеден бөлініп қалады. Қалған екі кеме Скандинавия түбегінің солтүстігімен Баренц теңізі арқылы Жаңа Жер аралына келеді де, солтүстік жағалауға қыстайды. Жағада кейінннен тұрған екі кемені және кемедегі 69 адамның түгел қырылғанын солтүстіктегі орыстар көреді. Ченслер кемесі сол екі кемені тосады, келмеген соң өзі жалғыз Солтүстік-шығыс жолын іздеп жүзе береді. Сөйтіп, ол 1553 жылғы 24 августта адасып, Ақ теңіз арқылы Двина өзені сағасына келіп тоқтайды. Холмогорлықтар мұны Москваға хабарлайды, Иван Грозный Ченслерді қабылдап жақсы қарсы алады. Англия мен Россия арасында сауда, қарым-қатынас жасауға келіседі. Сөйтіп, Ченслер келесі жылы өзі ашқан осы жолмен Росияға келіп қайтады. Иван Грозный онымен бірге Англияға Осип Григорьевич Непейді елші етіп жібереді. Ол ағылшын товарын алып Россияға оралады. Бұл Англия мен Россия арасындағы тұнғыш сауда қатынасы еді.



Европа мен Азияның солтүстік жағалауын және Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерін зерттеу. XVI ғасырдың орта шенінде Атлант мұхитының кеме жолдарында Испания, Португалия, Франция, Англия, Голландия, Дания кемелері көбейе берді. Бұдан Батыс Европа мемлекеттері дүние жүзіндегі құрлықты және мұхиттар мен теңіздерді қайта бөлісуге өзара жанталасты. Ағылшын пират кемесін басқарған Ф:Дрейк испан кемелеріне шабуыл жасады, Тұнық мұхитта француз кемелері Солтүстік Америка жағалауларында басқа елдердің кемесімен қақтығысты.

Дрейк бірнеше аралдарды ашып, кемемен жер шарын айналып шығуға аттанды. Оны ағылшын үкіметі қолдады. Ол 1580 жылы 2 жыл 9 ай дегенде жер шарын кемемен Магелланнан кейін екінші болып айналып шықты.

XVI ғасырдың орта кезінен бастап Португалияның Азиядағы отарларына ықпалы азая берді. Бұл кезде мұхиттың арғы жағына голландиялықтар да аттанды. Голландия 1602 жылы белгілі «Ост- Индия» компаниясын құрды. Сөйтіп, португалдарды бірте-бірте тықсыра бастады. Енді Үндістан, Қытай, Жапония жағалауларын Голландия өз отарына айналдырып, Сумарта, Ява, Борнео, Целебес, Молукка аралдарын, «Добрая надежда» мүйісін аз уақыт з қолына алды. Сөйтіп, «Ост-Индия» компаниясы Шығыстың сан түрлі байлығын тасып әкетіп отырды.

Солтүстік-шығыс кеме жолын ағылшындар кейін голландиялықтар зерттей бастады. Голландиядан шыққан бір кеме 1584 жылы Кар теңізі маңында суға батты. Бұдан 10 жыл кейін 1594 жылы Голландиядан солтүстік жағалаумен тағыда төрт кеме аттанды. Бұл экспедиция 71 градус солтүстік ендікке дейін барып зерттеу жұмысын жүргізді. Бұлардың мақсаты Москва мелекетімен, Жапония, Қытай елдерімен сауда жасасып, Үндістанға баратын кеме жолын ашу еді. Сонымен экспедиция Жаңа Жер аралының солтүстігіне дейін барып, Баренц, Кар теңіздерін зерттеп қайтты. Ол кезде бұл өңірді жан баспаған еді.

Барнец Европаның солтүстігіне үш рет экспедиция ұйымдастырып, жүрген жерін мұқият зерттеді. Кейіннен Баренц теңізі соның атымен аталды. Оның ашқан жерлері география зерттеуіне үлкен жаңалық болды және Голландияның «Ост-Индия» компаниясына қожалық етті, Бүкіл Азия жағалауындағы сауда ісін өз қолына алды.

XVI және XVII ғасырларда Батыс Европа Елдерінің кемелері мұхиттар мен материктер жағалауында жүзіп, көптеген жаңа жерлерді ашты.



Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

4-нұсқа
1. Европада бірінші болып Батыс теңіз жолы арқылы Американы ашқан атақты теңізшіні көрсет:

А) Васко да Гама

В) Ф.Магеллан

С) Дж.Кук

Д) Р.Амундсен

Е) Х.Колумб


2. Теңіз қызметіне Х.Колумб неше жасында кетеді?

А) 9


В) 14

С) 21


Д) 33

Е) 17
3. Төменде көрсетілген жауаптардың ішінен Х.Колумбтың жерленген қаласын дұрыс белгілеңіз:

А) Сельск

В) Севилья

С) Генуя

Д) Флоренция

Е) Валядолид
4. 1492 жылы 12 қазанда ашқан аралын теңізші Колумб қалай атады?

А) Изабелла

В) Кариб

С) Куба


Д) Девы Марии

Е) Сан-Сальвадор


5. Х. Колумбтың «Үндістанды» ашуға аттанған 1- экспедициясы жасалған жыл:

А) 1492


В) 1495

С) 1506


Д) 1493

Е) 1499
6. Теңіз саяхатшысы Колумб 2-экспедицияға аттанғанда оған ерген адамдардың саны қанша еді?

А) 193

В) 67


С) 1200

Д) 876


Е) 355
7. Үндістанды батыс жолымен ашу жоспарын жасаған Колумб 1482 жылы оны кімге ұсынды?

А) Испания королі Фердинандқа

В) інісі Бартоломеоға

С) қайын атасы Палестереллоға

Д) Андалузиядағы монастырь басшысына

Е) Португалия королі Иоанн ІІ-ге


8. Х..Колумбтың туған қаласы:

А) Лиссабон

В) Севилья

С) Генуя

Д) Испаньола

Е) Сан-Сальвадор


9. Саяхатшы Колумбтың 3-ші экспедициясына аттанған уақытын көрсет:

А) 1502 жылы 23 желтоқсанда

В) 1498 жылы 30 мамырда

С) 1496 жылы 11 маусымда

Д) 1485 жылы 2 қазан

Е) 1493 жылы 17 тамыз


10. 1493 жылы өзінің бірінші экспедициясынан Испанияға оралар кезде Х.Колумб Испаньола аралына неше адамын тастап кетеді?

А) 12


В) 39

С) 71


Д) 6

Е) 23
11. Колумб 4-ші теңіз саяхатына аттанған кезде неше жаста еді?

А) 56

В) 43


С) 66

Д) 38


Е) 22

12. Бірнеше рет Гвинея жағалауын айнала жүзіп шыққан саяхатшы?

А) А. Веспуччи

В) Ф. Магеллан

С) Васко да Гама

Д) Х. Колумб

Е) Дж. Кук

13. Қай жылы Васко да Гаманың 4 кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады?

А) 1456 жылы 8 июнь

В) 1497 жылы 8 июль

С) 1495 жылы 8 июль

Д) 1497 жылы 8 июнь

Е) 1495 жылы 8 июнь
14. 1498 жылы 10 майда Васко да Гама қай қалаға келеді?

А) Лиссабон

В) Малини

С) Каликут

Д) Санто Барс

Е) д.ж.ж.


15. Америго Веспуччи қай жылы Португалия королінің кемесімен екінші рет

«Жаңа жерге» барады?

А) 1497 жылы

В) 1499 жылы

С) 1501 жылы

Д) 1503 жылы

Е) 1507 жылы
16. Қай жерді «тоты құстар жері» дейді?

А) Португалия

В) Үндістан

С) Испания

Д) Франция

Е) Америка


17. Қай жылы және кім Тынық мұхитын ашты?

А) 1510 жылы 25 май Васко да Гама

В) 1503 жылы 25 сентябрь Ф. Магеллан

С) 1513 жылы 25 сентябрь А. Веспуччи

Д) 1519 жылы 20 сентябрь Х. Колумб

Е) 1515 жылы 20 сентябрь Дж. Кук


18. Солтүстік-шығыс және Солтүстік-батыс кеме жолдарын ашу сапарына неше кеме аттанды?

А) 3


В) 4

С) 5


Д) 6

Е) 7
19. Солтүстік-шығыс және Солтүстік-батыс кеме жолдарын ашу экспедициясын басқарған адам.

А) Р.Ченслер

В) К.Дюрферт

С) Дрейк

Д) Х.Уиллоуби

Е) Т.Кавендис
20. Солтүстік-шығыс және Солтүстік-батыс кеме жолы қашан және кімнің ықпалымен ашылды?

А) 1553ж, Р.Ченслер

В) 1553ж,Х.Уиллоуби

С) 1555ж,К.Дюрферт

Д) 1566ж,Дрейк

Е) 1487ж,Т.Кавендис



Төртінші тарау
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы зерттеулер.
Ұлы географиялық ашулар кезеңіне қарағанда, ХУІІ ғасырда жер шарының географиялық зерттелуі мүлде өзгеше болды. Ұлы географиялық ашулар кезінде мұхиттар мен теңіздер, материктер мен көптеген аралдар ашылды. Бірақ олар әлі түбегейлі зерттелмеген еді. Сондықтан, ХУІІ ғасырдың негізгі географиялық зерттеулері бұрынғы ашылған құрлықты, теңіздерді толық білуге бейімделді.

ХУІІ және ХУІІІ ғасырларды Солтүстік Американы француздар зерттеді. Олар солтүстігінде Гудзон шығанағынан бастап, оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін барды. Ағылшындар Атлант жағалауынан енді құрлықты ішкерілей ецуз отары- Миссисипи сағасына орнығып, Солтүстік Американы зерттеді. Сонымен қатар Гудзон шығанағынан бастап, Солтүстік Мұзды мұхиттың мұз тауларына дейін зерттеді. Испандар Мексикадан Калифорнияға дейін зерттеп шығып, бұл жерлерді картаға түсірді. Демек, бұл ғасырларда-ұлы географиялық ашулар кезінде жалпы белгілі болған Америка материгін еуропалықтар бөліп-бөліп алып картаға түсірді, ол жерлердің табиғат байлығын отарлау саясатына байланысты зерттеді.

Жерорта теңізіндегі бұрынғы сауда жолы енді Атлант мұхитына көшті. Соның салдарынан Венецияның ықпалы төмендеп, енді Англияның, Голландияның тағы басқа елдердің мерейі үстем бола берді. Осыған орай ХУІІ ғасырдан бастап Англия дүние жүзінің көп жерін өз отарына айналдыруға кірісті.

Египет, Ніл бойы адам баласының ертеден қалыптасып,, мәдениеті гүлденіп, экономикасы өркендеген жер деп жоғарыда айтқанбыз. Бұл жерлердің географиялық бейнесі ерте заманда- ақ белгілі болған. ХІІ ғасырда араб географы Идриси мен Сицилия королы Рожер ІІ бүкіл Африканы сипаттап жазды. Кейін Ибн Батутта Африканы зерттеп, Идрисидің жазғандарын дұрыс деп тапты. Марко Поло Африканы барлық жағынан су қоршап жатыр, ол Суэц мойнағы арқылы Азиямен жалғасып жатыр деген дұрыс пікір айтты. Ол тұңғыш рет Мадагаскар аралын ашып, география зерттеуіне көп үлес қосты. Васко да Гама саяхатынан кейін португалдар Африканы айнала жүзіп, Абиссинияға барды, сол жердегі халықтармен қарым-қатынас жасады.

ХУІІ ғасырда француздар Канаданы отарлап, одан испандарды қуып шықты және Солтүстік Африкаға орнықты. Француздар 1637 жылы Сенегал өзені сағасын зерттеді. Африканы зерттеуде Андре Баро еңбегі айта қалғандай нәтижелі болды. Француздар Африканың оңтүстік шығысына қарай өз отарын кеңейе отырып, ХУІІ ғасырда-ақ Мадагаскарды биледі.

ЕуропалықтарХУІІ ғасырда Үндіқытайды, Тибетті зерттеді. Монах Антонио де Андради 1624 жылы Үндістанға, Тибетке аттанды. Гималайдан тұңғыш рет асқан Еуропа адамы осы болған. Ол Қытай жеріне христиан дінін таратты. Осы сияқты және басқа Еуропа миссионерлері өздері болған жерлердің табиғаты, ауа райы, жер бедері, халқы, жол қатынасы жайында материалдар жинады. Қытай көпке дейін шетел зерттеушілерін өз жеріне жібермеді. Тек ХУІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап саяхатшылар, географтар, діншілдер Қытай жеріне еніп, географиясын, этнографиясын, тарихын зерттей бастады.

Бүкіл шығыста - Ява, Суматра, Целебес, Молукка аралдарын португалдар биледі. ХУІІ ғасырда голландиялықтар Магеллан бұғазы арқылы Үндістанға өтпек болды.әсіресе, Ле Марк экспедициясы елеулі болды. Оның кейбір теңізшілері Африка жағалауымен жүзіп, одан батысқа қарай Оңтүстік Американы айналып Тынық мұхитқа шықты. Голландияның бұдан кейінгі елеулі экспедициясы Тасман экспедициясы болды. Тасман ХУІІ ғасырдағы атақты теңізшісі. Ол күрделі географиялық ашулар жасап, ғылым дамуына елеулі үлес қосты. 1639 жылы Тасман Голландия жағалауынан шығып, Филиппин аралдары арқылы Жапонияға барып қайтты. Бұдан кейін Голландия үкіметі оны Үнді мұхитын, Австралия жерін зерттейтін экспедицияны басқарды. Ол Үнді мұхитының оңтүстігін мұқият зерттеді. Тасман 1644 жылы өзі ашқан аралды мұқият зерттеп, оны Тасмания деп атады. Атақты теңізші Тасман зерттеу жұмыстары кезінде 1659 жылы 57 жасында қайтыс болды. Оның Үнді мұхитын, Австралия материгін, Тасман аралдарын тағы басқа аралдарды зерттеп ашуы география ғылымы тарихында үлкен жаңалық болды. Кейіннен оның бұл өңірді зерттеуін белгілі ағылшын саяхатшы-теңізшісі Кук жалғастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет