Көкшетау, 2012 мазмұНЫ


І тәжірибе. Су өткізгіштік



бет5/7
Дата18.06.2017
өлшемі3,79 Mb.
#19379
1   2   3   4   5   6   7

І тәжірибе. Су өткізгіштік

    1. Түбі сүзгімен қапталған ішіне аздап құм салынған бес әйнек түтікшеге қалыңдығы 8 см етіп келесі жыныстарды салу қажет: біріншісіне – құм, екіншісіне – құмбалшық, үшіншісіне – құрылымды құмбалшықты қара топырақ, төртіншісіне – үгітілген құмбалшықты қара топырақ, бесіншісіне – үгітілген құмбалшықты қара топырақ.

              1. Түтікшелерді толтырғанда топырақтармен жыныстар біркелкі таралу үшін айналдырып аздап соққылап отыру қажет. Барлық түтікшелерге 1 см. қалындықта құм себіңдер. Бес колбаға 100мл су құйыңдар. 1-ші және 3-ші түтікшелер арқылы 100 мл су өткізіңдер (түтікшелерді стакан үстінде ұстап тұрыңдар). Сүзіндінің басталу және аяқталу уақытын белгілеңдер.


Былай жазыңдар: 100 мл су құм арқылы ... минута сүзілді, құрылымды қара топырақ арқылы ... минута сүзілді.

Сонан кейін қалған үш түтікшеге су құйыңдар (құм үстіндегі су бағаны 2 см). 20 минут бойы әрбір 2 минут сайын ылғалдану тереңдігін белгілеп отырыңдар. Алынған көрсеткіштерді 20-шы кестеге толтырыңыздар.


20- кесте – Жыныстар мен топырақтардың су өткізгіштігі




Топырақ және жыныс

Су өткізгіштік, см

2 4 6 8 10 12 14 16 18 20

Құмбалшық




Үгітілген құмбалшықты қара топырақ




Үгітілген құмбалшықты кебір топырақ




2- тәжірибе. Топырақтың суды жоғары көтеру қасиеті

Бес әйнек түтікшелерге қалыңдығын 10 см етіп келесі топырақ түрлерін салыңдар: біріншісіне – құм, екіншісіне – үгітілген құмбалшықты қара топырақ, үшіншісіне – үгітілген құмбалшықты кебір топырақ, төртіншісіне – құрылымды құмбалшықты қара топырақ, бесіншісіне – 6 см қалыңдықта құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық.

Түтікшелер Петри чашкаларында тұру қажет. Барлық чашкаларға бір мезгілде су құйыңыздар. Судың кетуіне қарай толтырып отырыңыздар. Судың көтерілу жылдамдығын әрбір 2-минут сайын 20 минут бойы қадағалаңыздар. Алынған көрсеткіштерді 21- кестеге толтырыңыздар.


21- кесте – Топырақтардың су көтергіш қасиеті


Топырақ және жыныс

Су өткізгіштік, см

2 4 6 8 10 12 14 16 18 20

Құмбалшық




Үгітілген құмбалшықты қара топырақ




Үгітілген құмбалшықты кебір топырақ




Құрылымды құмбалшықты қара топырақ




6 см қалыңдықта құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық





БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Каналдардағы су шығынын қалай азайтуға болады

2. Қайталап сорлануды тоқтату үшін жер асты суларының көтерілу биіктігін қалай азайтуға болады

3. Су өткізгіштік құрылымға қалай бағынышты

4. Су өткізгіштік механикалық құрамға қалай бағынышты

5. Су өткізгіштік сіңірілген катиондар құрамына қалай бағынышты

6. Судын көтерілу жылдамдығы механикалық құрамға қалай бағынышты

7. Топырақ құрылымы судың көтерілуіне қалай әсер етеді

8. Сіңірілген Са2+ және М2+ судың көтерілуіне қалай әсер етеді

9. Ылғалданған топырақтарда жырту қабатына судың көтерілуін қалай тоқтауға болады

Зертханалық жұмыс №11


ТОПЫРАҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ПРИНЦИПТЕРІ

ТАКСОНОМИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕР
Жұмыс мақсаты: Топырақ классификациясы принциптері және таксономикалық бірліктерімен танысу.

Тапсырма:

1. Негізгі таксономикалық бірліктерді оқу.

2. Қазақстан топырақтары классификациясымен танысу.

Тапсырмаға түсініктеме.

Табиғатта топырақтар әр алуан болып келеді. Топырақтарды зерттеу және тиімді пайдалану оларды нақты анықтағанда ғана мүмкін яғни классификация.

Топырақ классификациясы деп топырақтарды олардың басты қасиеттеріне, шығу және құнарлық ерекшеліктеріне қарай топтарға біріктіруді атайды.

Қазіргі классификацияны құрғанда мына негізгі принциптерге сүйенеді:

1. Топырақ классификациясы мыналарға сүйенуге тиісті: негізгі қасиеттерге және топырақ режимдеріне және міндетті түрде оларды кұрушы процесстерді ескеру, яғни кең ауқымда мағынада генетикалық болуға тиісті экологиялық, морфологиялық және эволюциалық қарастарды біріктіруге тиісті.

2. Классификация таксономикалық бірліктердін қатаң ғылыми жүйесіне негізделе кұрылуға тиісті.

3. Классификацияда шаруашылық әрекетінен пайда болған топырақтың белгілерімен қасиеттерін ескеру қажет.

4. Классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін ашып көрсетіп оларды ауыл шаруашығында орман шаруашылыгында тиімді пайдалануға жол ашуы керек.

5. Қазіргі классификация топырақ кескінінің морфологиялық және микроморфологиялық кұрылымын, топырақтың құрамы мен қасиеттерін, басты топырақ түзу процесстерін, және экологиялық жадайларын толық ескеру қажет. Органикалык заттардың сапалық құрамы, заттардың биологиялық айналым ерекшеліктер де ескеріледі.

6.Бұлар топырақтың негізгі генетикалық ерекшеліктері терең түсініп, құнарлылығын бағалау агрономиялық сипаттама беруге мүмкіншілік туғызады

Таксономиялық бірліктердің қазіргі жүйесі 1958 жылы мекеме аралық номенкалатура, топырақ жүйесі және классификациясы жөніндегі ғылыми академия комиссиясымен бекітілді.

Қазіргі топырақ классификациясының ерекше таксономикалық бірлігі болып генетикалық топырақ типі табылады.

Әрбір топырақ типі біртекті биологиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайларда дамып негізгі топырақ түзілу процесінің айқын байқалуымен сипатталады.

Топырақ типіне тән белгілер:

1. Органикалық заттардың топыраққа ену және олардың өзгеру бұзылу процесстерінің біртектілігі.

2. Минералдық массаның ыдырау процесінің біртекті комплекс және минералдық органо-минералдық жаңа жарандылардың, заттардың миграциясымен аккумуляциясының бір типтік сипаты.

3.Топырақ кескінінің біртекті құрылымы.

4. Топырақтың кұнарлық деңгейін ұстап тұру және көтеруге бағытталған шаралардың біртектілігі.

Топырақ типінен төмен мынадай таксономикалақ бірліктер бөлінеді: типше, тег, түр, түрше, разряд.



ТИП

|

ТИПШЕ

|

ТЕГІ

|

ТҮР

|

ТҮРШЕ

Типше тип ішіндегі бірлік. Негізгі топырақ түзілу процесін анықтайтьн белгінің байқалуындағы сапалық өзгеріске байланысты топырақ тобы және типтер арасындағы аралық саты болып табылады.

Тег типше ішінде бөлінеді, олардың сапалық, генетикалық ерекшеліктері жергілікті жағдайлармен анықталады: топырақ түзуші жыныстар құрамы, жер асты сулары химиялық құрамы.

Түр туыстық ішінде бөлінетін бірлік топырақ түзілу процестерінің даму дәрежесімен ерекшеленеді ( тұздану дәрежесі, карашірік мөлшері, қарашірікті қабаттың қалыңдығы).

Түрше жоғарғы топырақ қабаттарының және топырақ түзуші жыныстардың механикалық құрамымен анықталады.

Разряд топырақ түзуші жыныстардың генетикалық қасиеттерімен анықталады.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қазіргі кезеңдегі топырақ классификациясы қандай принциптерге сүйене құрылған?

2. Қандай таксономикалық бірлік топырақ классификациясының негізгі, ерекше бірлігі болып саналады?

3. Топырақ тегі, түрі, түршесі, разряды қандай көрсеткіштермен анықталады?

Зертханалық жұмыс №12


ҚАРА ЖӘНЕ ШАЛҒЫНДЫ -ҚАРА ТОПЫРАҚТАР–
Сабақтың мақсаты: Қара топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қара топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қара топырақтар классификациясымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан қара топырақтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.



Тапсырмаға түсініктеме.

Қара топырақтар далалы және әртүрлі шөптесін далалық өсімдіктер астында қалыптасып органикалық заттардың үлкен қоры болуымен сипатталады. Қарашірікті қабаты қалың 50-100 см қарашірік мөлшері 4-10 пайыз.

Қара топырақтар кескінінде: А0, А, В1, В2, С генетикалық қабаттарын айырады. А0дала шымы, тың топырақтарда ғана кездесіп шөптесін өсімдіктердің қалдық байламынан құралған. Ақарашірікті аккумулятивті қабат қалыңдығы 20-50 см. Бұл қарашірікті қабаттың қою боялған қарашірікке бай күңгірт-қоңыр немесе қара түсті жоғарғы бөлігі, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды.

В1қарашірікті алмасу қабаты. Бұл қарашірікті қабаттың төменгі бөлігі, А қабатымен салыстырғанда ашықтау түсті, төменгі бөлігіне қарай анық байқалатын қоңырлау реңді. Қабат құрылымы дәнді-кесекті немесе кесекті, топырақ кескінінің төменгі жағына қарай біртіндеп кесекті құрылым бөлшектердің мөлшері артады.

Қара топырақтардың кейбір тип тармақтарында (нағыз, оңтүстік) В қабатында карбонаттардың бөлінуі байқалады. Келесі қабатқа өту тілшелер (ақпалар) түрінде.

В2қарашірік ақпалары бар алмасу қабаты, боялуы біркелкі емес, құрылымы кесекті немесе кесекті-призмалы. Псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде кальций карбонаттары бар (күлгінденген және күшті сілтісізденген топырақтардан басқаларында).

С аналық жыныс, көп мөлшерде псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде карбонаттар кездеседі.

Қара топырақтар кескінін сипаттауда НСІ дан қайнау тереңдігі олардың маңызды диагностикалық көрсеткіші болып табылады.

Қара топырақтардың типше, тегі, түрлері бойынша классификациясы 23- кестеде берілген.

Сонымен қатар қара топырақтар қарашірікті (А+В1) қалыңдығы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

25 см жұқа өте аз қалыңдықты;

25-40 см аз қалыңдықты

40-80 см орташа қалыңдықты

80-120 см қалың

120 см жоғары өте қалың

Қарашірік мөлшері бойынша: аз қарашірікті 6% төмен, орташа қарашірікті 6-9%, жоғары қарашірікті 9% жоғары.


23-кесте – Қаратопырақтар классификациясы


Типше

Тегі

Түрі

Күлгінденген


Қалыпты

Құйма


Сәл күлгінденген

Орташа күлгінденген



Сілтісізденген


Қалыпты

Жеңіл жыныстарда сілтісізденген

Құйма


Сәл сілтісізденген

Орташа сілтісізденген

Күшті сілтісізденген


Нағыз



Қалыпты

Карбонатты

Терең қайнайтын

Солодтанған


Сәл солодтанған

Орташа солодтанған


Кәдімгі



Қалыпты

Карбонатты

Кебірленген

Кебірлі-сорлы

Солодтанған



Сәл кебірленген

Орташа кебірленген

Күшті кебірленген

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған



Оңтүстік

Қалыпты

Карбонатты

Кебірленген

Кебірлі-сорлы

Солодтанған


Сәл кебірленген

Орташа кебірленген

Күшті кебірленген

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған




Күлгінденген қара топырақтар. Қарашірікті қабатында кремнезем ұнтағының болуымен сипатталады. Ол негізінен ақшыл зең түрінде В1 қабатында құрылым бөлшектерінде көрініс береді, күлгіндену жоғары болғанда ақшыл зең А қабатында да байқалады.

Қарашірікті А қабаты күңгірт-сұр түсті, В қабаты ашық түсті. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 70-100 см ден (жылы оңтүстік европа фациясы) 30-50 см дейін (суық батыстық және орта сибир фациясы) ауытқиды. Карбонатты қабат, қайнау сызығы қарашірікті қабаттан едәуір терең орналасқан (1,0-1,5 м тереңдікте). Сондықтан күлгінденген қара топырақтарда қарашірікті қабаттан кейін иллювиальды тығыздалған сілтісізденген қабат орналасқан, жаңғақты немесе призмалы құрылымды, анық жылтырлық байқалады, қырларында гумус жұғындылары мен кремнезем себінділері бар. Біртіндеп бұл белгілер азайып, қабат әк түтікшелері түріндегі құрамында карбонаттар бар жынысқа айналады.

Сәл күлгінденген қара топырақтарда кремнезем себіндісі В1 қабатының төменгі жағында және В2 қабатында байқалады. Орташа күлгінденген қаратопырақтарда кремнезем себіндісі қарашірікті қабатта түгел таралған, сонымен қатар төменгі қабаттарға (В2 және В3) таралған.

Сілтісізденген қаратопырақтар. Күлгінденген қара топырақтардан айырмашылығы қарашірікті қабатында кремнезем себіндісінің болмауы. Басты морфологиялық ерекшелігі ─ қарашірік қабатында бос карбонаттардың болмауы. Қарашірікті қабат астында қалыңдығы әртүрлі карбонаттардан сілтісізденген В2 қабаты орналасқан. Осыған байланысты қайнау сызығы В1 қабаты шекарасынан төмен өтеді.

А ─ қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, дәнді немесе дәнді-кесекті құрылымды, қалыңдығы 30-50 см. Біртіндеп В1 қабатына өтеді және төменгі жағына қарай қоюланатын бурыл немесе қоңыр рең байқалады. В1 қабаты кесек құрылымды, кесектену мөлшері төменге қарай ұлғаяды.

Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 80-150 см ден (жылы оңтүстік фация) 30-45 см дейін (шығыс сибир фациясы) ауытқиды.

Қара топырақтардың бұл типшесіне тән сілтісізденген В2 қабаты қоңырлау түсті, жаңғақты-призмалы немесе призмалы құрылым қырларында гумус ақпалары мен жұғындылары бар. В3(ВС) немесе С қабатына өту анық, қабат шекарасында әк қонбаларының болуынан бұл қабат үстіңгі сілтісізденген В2 қабатымен салыстырғанда ашық түсті.



Нағыз қаратопырақтар. Қарашірікті қабатының қалың болуы (80 см-ден жоғары) және қарашірікті қабатта мицелий немесе әк түтікшелері түріндегі карбонаттардың болуымен ерекшеленеді. Карбонаттар жиі 60-70 см тереңдікте байқалады.

А ─ қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, кесекті-дәнді немесе дәнді құрылымды.

Нағыз қара топырақтардың қарашірікті қабатының қалың болуына байланысты А қабатынан төмен түсі және құрылымына қарай екі алмасу қабатын айырады ─ АВ1 және В1. АВ1 ─ қабаты күңгірт-сұр түсті, төменгі жағында әлсіз қоңыр реңді, ал В1 қабаты анық байқалған қоңыр реңді. АВ1 қабатының төменгі жағында немесе жиі В1 қабатында мицелий түрінде карбонаттар болады. Қарашірікті қабат (А+ АВ1+ В1) қалыңдығы 100-190 см ден (жылы фация) 40-70 см дейін (суық фация) ауытқиды. В2(ВС) және аналық жыныс С қабаттарында мицелий, ақ көзшелер, әк түтікшелері түріндегі карбонаттар болады.

Нағыз қара топырақтар карбонаттардың орналасу тереңдігіне байланысты тегтерге бөлінеді. Осыған байланысты мынадай тегтерге бөледі: нағыз қаратопырақтар (қалыпты) ─ қайнау сызығы қарашірікті қабат (АВ1 немесе В1қабатында) ішінде болады; терең қайнайтын нағыз қаратопырақтар ─ қайнау сызығы қарашірікті қабаттан төмен орналасқан; карбонатты нағыз қаратопырақтар ─ қайнау топырақ беткейінен немесе жоғарғы 20 см қабатта байқалады. Солодталған нағыз қаратопырақтар туыстығы да бөлінеді. Солодталған нағыз қаратопырақтарда қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша қалың және өте қалың түрлер басым.



Кәдімгі қаратопырақтар. А қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды, қалыңдығы 30-40 см. Біртіндеп күңгірт-сұр түсті қоңыр реңді кесекті, кесекті-призмалы құрылымды В1 қабатына өтеді. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 80-140 см ден (жылы оңтүстік фация) 35-45 см дейін ( суық шығыс сибир фациясы) ауытқиды.

Гумус ақпалары бар В2 қабаты жиі Вк карбонатты қабатпен бірігіп кетеді. Кәдімгі қаратопырақтарды басқа тип тармақтарынан ерекше морфологиялық белгісі ─ карбонаттар ақ көзшелер түрінде орналасқан. В2, Вк қабаттары призма құрылымды. Карбонатты қабат біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.

Карбонатты кәдімгі қаратопырақтар қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе В1 және В2 қабаттарының шекарасында болатын қалыпты кәдімгі қаратопырақтардан айырмашылығы, бүкіл кескінінің карбонаттылығымен сипатталады, яғни НСІ беткейінен бастап қайнайды.

Кебірленген кәдімгі қаратопырақтар В1 қабатының тығыздалуы және қарашірікті қабаттың жоғарғы бетінде шаңдану байқалуымен сипатталады. В1 қабаты анық байқалған призма құрылымды. Бұл белгілердің байқалу дәрежесіне қарай кебірленген кәдімгі қаратопырақтар кебірлену дәрежесі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: сәл кебірленген, кебірленген және күшті кебірленген топырақтар.

Кебірленген-сорланған кәдімгі қаратопырақтардың кебірленген қара топырақтардан морфологиялық айырмашылығы аз. Кескінінде тұздар жиналуы ақ таңдақтар және басқа жаңа түзілістер түрінде байқалады. Оларда гипстің жиналуы көзше ұсақ кристалл түрінде анық байқалады.

Солодтанған қаратопырақтар. Қарашірікті қабаттың төменгі жағында аморфты кремний қышқылының жиналуы және ерекшеленіп тұратын призма құрылымды иллювиальды В2 қабатының болуымен сипатталады.



Оңтүстік қара топырақтар. А қабатының қалыңдығы 25-40 см , күңгірт- сұр түсті, жиі қоңыр реңді, кесекті құрылымды. В1 қабаты қоңыр-бурыл түсті, кесекті-призмалы құрылымды. Иллювиальды карбонатты горизонт Вк анық байқалған ақ көзшелер және жоғарғы жағында гумус ақпалары, дақтар болуымен сипатталады. Қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе қарашірікті қабат шекарасында орналасады. Оңтүстік қаратопырақтар кескінінде 1,6-2 м тереңдікте жиі гипс болады. Туыстықтар кәдімгі қара топырақтардағыдай, бірақ карбонаттылық, кебірлену және сорлану оңтүстік қара топырақтарда жиі және анық байқалады.

Шалғындық қара топырақтар. Бедердің ойпаңдаған жерлерінде, ылғалдану жағдайлары жақсы болып, жер асты сулары 5 м-ден жақын орналасқанда түзіледі.

Кескіннің құрылысы қара топырақтардағыдай, бірақ қою қара түсті қарашірікті қабаты қалың, төменгі қабаттар глейленген.

Шалғындық қаратопырақтар екі тип тармағына бөлінеді:Шалғынды-қаратопырақты жер асты сулары 2-5 м тереңдікте, Қаратопырақты-шалғынды жер асты сулары 1,5-3 м және одан жақын орналасқан.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Қаратопырақтардың негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

2. Қаратопырақтар классификациясында қандай типшелерге, тегтерге, түрлерге бөлінеді?

З. Қазақстан территориясында қаратопырақтардың қандай типшелері кең таралған?

4. Шалғындық қаратопырақтар қандай жағдайларда түзіледі?

Зертханалық жұмыс №13


ҚАРА-ҚОҢЫР ЖӘНЕ ШАЛҒЫНДЫ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Кұрғақ далалы аймақ топырақтары классификациясымен, морфологиялық белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Қара-қоңыр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қара-қоңыр топырақтар классификациясымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан қара-қоңыр топырақтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.



Тапсырмаға түсініктеме.

Қара-қоңыр топырақтар құрғақ дала зонасында кең тараған. Мұнда қоңыр топырақпен қатар шабынды - қоңыр топырақтар, кебірлер, сорлар солодтар кездеседі.

Топырақ түзілу процесінде қоңыр топырақ кескіні айқын байқалатын генетикалық қабаттар қатарына дифференцияланған Ад-А-В12к-С.

Ад - шым (тың топырақтарда), қабат қалыңдығы 2-3 см.

А - үстіңгі қарашірікті горизонт, күңгірт-қоңыр түсті реңді кесекті құрылымды, қалындығы 18-22 см.

Одан кейін қарашірікті аралық сұр түсті қабаты (В) келеді. Кебірлі түрлерінде кесекті – призмалы немесе жаңғақты-құрылысты, қоңыр сұр жылтыр горизонтқа күңгірт бояу және қарақоңыр рең беріп тұрады.

Қарашірікті қабаттың жалпы қалыңдығы 35-50 см. Игерілген қара-қоңыр топырақтарда А қабатынан кейін қарашірік ақпа іздері бар В1 қабаты орналасады. Одан кейін карбонаттардың ең көп жиналған қоңыр-сары түсті, жаңғақ құрылысты Вк қабаты орналасады. Қабат қалыңдығы 50-60 см. лай түсті қоным түрінде кездеседі. Жеңіл еритін тұздар 1,5-2 м тереңдікте кездеседі.

Қара-қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар мыналар: күңгірт қара-қоңыр топырақ, қара-қоңыр топырақ, ашық қара-қоңыр топырақ (24-кесте);


24-кесте – Қара-қоңыр топырақтар классификациясы


Типше

Тег

Түр

Күңгірт қара-қоңыр

Қара-қоңыр


Ашық қара-қоңыр

Кәдімгі

Кебірленген

Кебірлі-сортаңды

Кебірлі-сорлы

Қалдықты-кебірленген

Карбонатты-кебірленген

Карбонатты

Терең қайнайтын

Құйма

Толық жетілмеген




а) Қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша (А+В1): қалың (>50см), орташа қалыңдықты (30-50см), аз қалыңдықты (20-30см), өте аз қалыңдықты (<20см)
б) Кебірлену процесінің байқалуына қарай: әлсіз-, орташа-, күшті кебірленген

в) Кебірлі-сортаңды туыстығы үшін: сорланған, терең сорланған





Күңгірт – қара-қоңыр топырақ. Күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақтың солтүстік бөлігінде таралған. Оларға қоңыр реңді күңгірт - сұр бояу тән, тың жерлерде қарашірікті қабатқа кесекті- түйіршікті, игерілген жерлерге кесекті - шаңды кұрылым тән. Қарашірікті қабаттың қалыңдығы (А+В1) 35-50 см, НС1 дан 45-50 см тереңдікте қайнайды. Гипс және жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте орналасқан.

Мынадай тегтерге бөлінеді:

1. Кәдімгі қара-қоңыр топырақ - күңгірт қара-қоңыр топырақ типшесінің белгілерін сақтайды.

2. Кебірлі күңгірт қоңыр карашірікті В1 қабатының едәуір тығыздығымен сипатталады. Кебірлігі неғұрлым жоғары болса, әктелуі солғырлым қою. Қайнауы кебір емес топырақтарға қарағанда жоғары. 1 м және одан тереңдікте тез еритін тұздар құрамы артады.

3. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі - сорлы топырақтар өте тұзданған топырақтарға тән.

4. Күңгірт қара-қоңыр қалдық-кебірлі топырақтарда кебірлік қалдық қасиетті сипат ретінде байқалады.

5. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі-солодтанған топырақтарда қарашірікті қабаттың жоғарғы және төменгі бөлігінде кремний тектес себінді болуымен сипатталады,

6. Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақтарда карбонат кұрамы жоғары.

7. Күңгірт қара-қоңыр карбонаты- кебірлі топырақтардың тығыздығы жоғары бірігуі жарықшақты.

8. Күңгірт қара-қоңыр терең қайнайтын топырақтардың гранулометриялық құрамы жеңіл, су өткізгіштігі жақсы болуына байланысты карбонаттар 1,5 м тереңдікке шайылған. Гипс қабаты жоқ.

9. Күңгірт қара-қоңыр кұйма топырақ лай-балшықты жыныста түзілген, В1 қабатының өте жоғары тығыздығымен, нашар су өткізгіштігімен ерекшеленеді.

10. Күңгірт қара-қоңыр толық жетілмеген топырақтар тығыз жыныстарда түзілген, толық жетілмеген кескінді карашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) -20 см.



Қара-қоңыр топырақтар. Күңгірт қара-қоңыр - қоңыр топырақтардан айырмашылығы қарашірікті қабатының қалыңдығы (А+В1)-30-40 см, НС1 дан 40-45 см тереңдікте қайнайды. Карбонаттардың ең көп жиналуы 50-55 см тереңдікте, гипс- 150- 170 см, жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте кездеседі. Қоңыр топырақтарда туыстық белгілердің диагностикалық көрсеткіштері күңгірт – қоңыр топырақтармен бірдей.

Ашық қоңыр топырақтар. Құрғақ дала зонасының оңтүстік бөлігінде жусанды - боз өсімдіктер астында түзіледі, карашірікті қабаты кұрылыссыз қалыңдығы (А+В1) 25-35 см болуымен сипатталады, шайылуы нашар болғандықтан карбонатты қабат қоңыр топырақтарға қарағанда топырақ бетіне жақын орналасқан. Гипсті қабат 110-120 см тереңдікте орналасқан. Ашық қара-қоңыр топырақтар күңгірт қара-қоңыр топырақтардағыдай тегтерге бөлінеді. Жеңіл еритін тұздардың жиналуының жоғарылығына байланысты ашық қара-қоңыр топырақтарда күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда кебірлену белгілері мол таралған. Химиялық, су, физикалық қасиеттері күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда нашар.

Шалғынды қара-қоңыр топырақ. Құрғақ дала аймағында табақша тәріздес ойпатшаларда, шоқылар арасындағы аңғарларда, тау жоталарының құлама етегіндегі ойпатшаларда, ағымсыз төмен орналасқан жазықтарда кездеседі.

Қоңыр топырақпен салыстырғанда шалғынды қоңыр топырақтың қарашірік қабаты - қалың және оның мөлшері мол болып келеді. Бұл топырақ коректік заттарға бай болады.

Астық тұқымдас егістіктермен бау бақша егуге қолайлы

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Қара-қоңыр топырақтар қандай жағдайларда түзіледі?

2. Қара-қоңыр топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?

З. Кебірлі қара-қоңыр топырақтың қайнауы терең типтегі топырақтардан айырмашылығы қандай?

4. Қазақстанның қай облысында қара-қоңыр топырақтар кең таралған?

Зертханалық жұмыс №14
СОРЛАР
Сабақтың мақсаты: Сорлардың түзілу себептері, морфологиялық белгілерімен, классификациясы және қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып сорлардың морфологиялық белгілерін қарастыру, дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Сорлардың классификациясы, түзілу жағдайларымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан сорлардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.



Тапсырмаға түсініктеме.
Сорлар – беткейінен бастап жеңіл еритін тұздардың көп мөлшері болатын топырақтар. Сорлардың беткі қабаттарында тұздану химизміне байланысты тұздар мөлшері 0,6-0,7% тен 2-3% дейін және жоғары болуы мүмкін. Сор топырақ кескіні қабаттарға нашар ажыратылады, гумусты қабат А, алмасу қабаты В және С аналық жыныстан тұрады. Сордың бүкіл кескін бойында ағарған тұздар байқалады, әсіресе кескін қабырғасы құрғағанда анық байқалады. Карбонаттар беткейінен бастап болады. Сорлардың классификация схемасы 25-кестеде берілген.

Гидроморфты сорлар минералданған жер асты сулары жақын жатқанда қалыптасады.

Типті гидроморфты сорлар күшті минералданған жер асты сулары жақын жатқанда қалыптасады. Олардың кескіні генетикалық қабаттарға нашар жіктелген. Суда еритін тұздар жоғары мөлшерде кескін бойымен түгел таралып, ең көп мөлшері үстіңгі қабаттарда жиналады.


25-кесте ─ Сорлар классификациясы


Тип

Типше

Тег

Түр

Гидроморфты сорлар

Автоморфты сорлар



Типті

Шалғындық

Батпақтық

Теңіз алды

Тоңды

Қайталап сорланған



Шорлар

Сазды


Типті (құйма)

Тақырланған

Эолды-жиналған


Тұздану химизміне байланысты

Кескін бойында тұздардың таралу сипатына қарай: беткейлік (тұздар 0-30 см қабатта) және терең-кескінді (кескін түгел тұзданған)
Беткі қабат морфологиясы бойынша: ісінген, ағарған,

Шалғындық гидроморфты сорлар да жер асты сулары жақын жатқанда түзіледі, бірақ минералдану сәл төмен. Олардың кескіні генетикалық қабаттарға анық бөлінеді: қарашірікті А қабаты күңгірт-сұр немесе сұр түсті, кесек құрылымды, ақтаңдақ тұздар ұнтақ себінді түрінде; ауыспалы В қабаты сұрғылт-қоңыр, біртекті боялмаған, кесекті-тоң кесекті құрылымды. Төменде аналық жыныс С қабаты орналасады. НСІ дан қайнау кескін бойы түгел байқалады.

Батпақтық гидроморфты сорлар жер асты сулары өте жақын жатқанда түзіледі. Кескін бойы глейлену мен күшті тұздану байқалады, кейде жоғарғы қабаттың торфтануы байқалады.

Шорлы гидроморфты сорлар аз сулы тұзды көлдер мен ескі өзен арналарының кебуінен пайда болады.

Теңіз алды гидроморфты сорлар теңіз шөгінділерінің ең жас түзілістері. Ылғалды тұзды қыртыспен жабылған, оның астында құмды немесе құмбалшықты қабат орналасады. Қабатта хлоридті күшті тұздану бар.

Тоңды гидроморфты сорлар аз тереңдікте тоңданып қатқан қабат орналасады. Бұл сорлар күшті тұзданған. Тұздар құрамы әртүрлі. Хлорид-сульфатты немесе сульфат-хлоридті тұздану типі жиі кездеседі.

Қайталап сорланған гидроморфты сорлар топырақты суару дұрыс жүргізілмеген жағдайда түзіледі.

Сазды гидроморфты сорлар тау алдындағы жазықтықтарда сәл минералданған жер асты сулары сыналана орналасқан аймақтарда түзіледі.


26-кесте- Топырақтардың тұздану химизмі (Н.И. Базилевич және Е.П. Панкова бойынша)


Аниондық құрамы бойынша

Аниондар қатынасы, м.-экв.

Катиондар мен аниондар қатынасы, м.-экв

Катиондық құрамы бойынша

Катиондар қатынасы, м.-экв.

СІ

/SO4²



НСО3/СІ

НСО3/ SO4²

Na

/Mg


Na

/Ca


Mg

/Ca


Хлоридті

>2,5

-

-




Натрийлі

>1

>1

-

Сульфатты-хлоридті

2,5-1

-

-




Магний-натрийлі

>1

>1

>1

Сульфатты

<0,2

-

-




Кальций-натрийлі

>1

>1

<1

Содалы-хлоридті

>1

<1

>1

НСО3>Са+Мg

Кальций-магнийлі

<1

<1

>1

Содалы-сульфатты

<1

>1

<1

Na> Mg



Натрий-магнийлі

<1

>1

>1

Хлоридті-содалы

>1

>1

>1

Na> Ca

Натрий-кальцийлі

>1

<1

<1

Сульфатты содалы

<1

>1

>1




Магний-кальцийлі

<1

<1

<1

Сульфатты немесе хлоридті-гидрокарбонатты

Кез

Келгені


>1

>1

>1

Na> Ca

Na< Mg


НСО3> Na

Магнийлі

<1

-

>1


Автоморфты сорлар жер асты сулары терең орналасқанда тұзданған аналық жыныстарда түзіледі.

Тақырланған автоморфты сорлар шөл аймақтың ерекше гидротермиялық жағдайларымен байланысты беткейінің жарықшақты болуымен сипатталады.

Автоморфты қалдықты сорлар алдыңғы гидроморфты кезеңдегі шөгінділерде түзіледі.

Эолды-жиналған автоморфты сорлар тұздардың желмен орын ауыстыруынан түзіледі.

Сорларды тегтерге бөлу тұздардың сапалық құрамы мен орналасу тереңдігіне байланысты жүргізіледі. Тұздану химизмі су ерітіндісіндегі аниондар мен катиондардың қатынасы бойынша анықталады (26-кесте). Хлорид-сульфатты, натрийлі тұзданулар кең таралған.

Сорлар кескін бойында тұздардың таралуына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: беткейлік- тұздар 0-30см қабатта жиналған; терең кескінді- топырақ кескіні түгел тұзданған. Беткі қабат морфологиясы бойынша ісінген, түссізденген, қабыршақты, ылғалды, қара болып бөлінеді.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қандай топырақтар тұзданған топырақтар деп аталады?

2. Сорлардың негізгі морфологиялық айыру белгілері қандай?

3. Сорлардың кескіні қандай генетикалық қабаттарға бөлінеді?

4. Сорларды тегтерге, түрлерге бөлу қандай принциптерге негізделген?

5. Сорларды қандай жолдармен жақсартуға болады?

Зертханалық жұмыс №15
КЕБІРЛЕР
Сабақтың мақсаты: Кебірлердің морфологиялық белгілері физико-химиялық қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып кебірлердің морфологиялық белгілерін қарастыру, дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Кебірлердің классификациясы, түзілу жағдайларымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан кебірлердің таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.



Тапсырмаға түсініктеме.
Кебір топырақтар дегеніміз иллювиальды қабаты құрамында сіңірулі күйде көп мөлшердегі алмасулы натрий, кейде магний бар топырақтар. Кебірлер кескіні бірден дифференцияланады және қолайсыз агрономиялық қасиеттерімен сипатталады. Кебірлер сорлар сияқты тұзданған топырақтар категориясына жатады айырмашылығы суда еритін тұздар топырақтың беткі қабатында емес тереңірек орналасқан.

Кебір кескіні анық байқалатын қабаттарға бөлінеді қарашірікті – элювиальды (кебір үсті А1), кебірлі немесе иллювиалдық (В1), кебір асты (В2) және ВС алмасу қабаты С топырақ түзуші жынысқа жалғасып кетеді.

Қарашірікті - элювиальды қабат кесектеу, тақталана біткен құрылысты, қабатты, кеуекті, лайлы фракция азайған осыған байланысты төмен орналасқан кебірлі қабатпен салыстырғанда жеңіл механикалық құрамды. Дала және құрғақ-дала аймағының кебірлерінде бұл қабат түсі ашық қоңыр, қара-қоңыр, ал дала және орманды - дала кебірлерінде күңгірт сұр түсті. А-қабатының, қалыңдығы 2- см ден 20-25 см-ге дейін.

Кебірлі қабат В1 кебір үсті қабатымен салыстырғанда күңгірт бояулы бағаналы құрылысты, сирек призмалы, жаңғақ тәрізді немесе тоң кесекті. Құрғақ күйінде бұл қабат өте тығыз, жарықшақты, ылғалды кезінде құрылыссыз, езілгіш жабысқақ. Кебірлі қабат қалыңдығы 7 см ден 25 см-ге дейін, жиі 10-15 см.

Кебір асты қабаты ашық бояулы, призма немесе жаңғақ құрылысты, құрамында гипс және карбонаттар бар.

Бұл қабаттан соң суда тез еритін тұздар өте көп жиналған қабат байқалады.

Кебірлердің физика химиялық қасиеттері. Кебірлер гранулометриялық құрамына тән ерекшелік, қабаттарында лай фракциясының бірден дифференциялануы. Қарашірікті - элювиалды қабат механикалық құрамының жеңілірек болуымен ерекшеленеді. Ал иллювиалды қабат керісінше лай мөлшерінің көп болуына байланысты әрқашан ауырырақ болады.

Лай фракциясы минералдарының басым тобы монтмориллинит—гидрослюдалы минералдар—тобы болып табылады.

В.И. Кирюшин, Солтүстік Қазақстанның дала және шабынды—дала кебірлерінің А1 қабатында қарашірік 2,3—4%, ал В1 қабатында 2,0—3,0%—деп көрсетеді. В1 қабатында сіңірілген натрий сіңіру сиымдылығының 13% тен—60% ке дейінгі аралығында ауытқиды. Бейтарап тұздармен ащыланған кебірлер баяу сілтілік реакциялы, ал құрамында сода бар кебірлерде сілтілік реакция жоғары (рН 8—10). Жылжымалы (жеңіл еритін) фосфор мөлшерінің аз болуы кебірлерге тән.

Кебірлер физикалық қасиеттерінің ерекшелігі, құралуының өте тығыз болуы, және тереңдеген сайын арта түседі. Ең аз көлемдік салмақ кебір үсті қабатында 1,2—1,3 г/см3, ал кебірлі қабатта 1,4—1,5 г/см3—ге ұлғаяды, аналық жыныста 1,6—1,7г/см3 болуы жиі кездеседі. Жалпы алғанда кебірлер қолайсыз су—физикалық және физика—механикалық қасиеттерге ие. Құрғақ күйінде тығыз құралған, ылғалды күйінде қатты ісінеді, созылма, жабысқақ. Су өткізгіштігі төмен, өсімдіктер үшін сіңімсіз ылғал мөлшері жоғары.

Қазіргі кезде кебірлерді су режиміне және оған байланысты қасиеттер комплексіне қарай үш типке бөледі: Автоморфты, жартылай гидроморфты, гидроморфты кебірлер. Типшелерге бөлу аймақтық жағдайларға қарай жүргізіледі, кебірлердің морфологиялық ерекшеліктерін және генетикалық қабаттардың қасиеттерін анықтайтын тегтерге бөлу химизм мен тұздану дәрежесіне негізделген. Түрлерге кебірлер былай бөлінеді: кебір үсті қарашірікті-элювиальды қабат қалыңдығына қарай, қабаттағы алмаса сіңген натрий мөлшеріне қарай (27-кесте).

Автоморфтық кебірлер (далалық). Автоморфты кебірлер жер асты сулары терең жатқан (6 м-ден терең) жағдайда қалыптасады. Олардың қалыптасуы негізінен тұзды топырақ түзуші немесе төселу жыныстарының шығуына байланысты.

Топырақ кескіні дала кебірлерінде анық дифференциаланған. Карбонатты қабат 35—50 см тереңдікте орналасады, карбонаттар ақ көзше түрінде анық байқалады. Олардан кейін гипс қабаты орналасады, төменірек тұздар жиналу қабаты орналасады, тұзданудың хлорид-сульфатты типі басым.



Жартылай гидроморфты кебірлер (шабынды—далалық). Жайылмадан жоғары бірінші және екінші террасада қалыптасады, қырат аралық және көл алды ойпаңдарында қосымша жер асты немесе аралас (жер беті мен асты) ылғалдану жағдайында. Жер асты сулары 3—6м тереңдікте жатады.

27- кесте – Кебірлерді классификациялау




Тип

Типше

Тегі

Түр

Авто

морфты


Кебір қаратопырақ

Кебір қара-қоңыр топырақ

Кебір құба топырақ


Содалы-сульфатты, содалы-хлоридті-сульфатты, сульфатты-хлоридті, хлоридті-сульфатты.

Сорланған, тұздар 5-30 см-де. Жоғарғы қабатта сортаңданған, тұздар 30-50 см-де. Сортаңданған, тұздар 50-100 см-де. Тереңде сортаңданған, тұздар 100-150 см-де.Тұссыз-тұздар 150 см-ден тереңде.

Кебір-сор, мол сортаңданған, орташа сортаңданған, сәл сортаңданған, сортаңданбаған.

Жоғарғы қабатта карбонаты немесе гипсі бар (олар 40 см-ден жоғары).

Тереңде карбонаты немесе гипсі бар (олар 40 см-ден тереңде).


А1 қабаты қалыңдығы бойынша:

0-5 см-қабыршақты

6-12 см саяз

13-18 см орташа

>18 см терең

В1 қабатында алмаса сіңген натрий мөлшері бойынша:



<10%-қалдықты

10-20%-аз натрийлі

20-40%-орташа натрийлі

>40% көп натрийлі



Жартылай гидро

морфты


Кебір шалғынды қара топырақты

Кебір шалғынды қара-қоңыр топырақты

Кебір шалғынды құба топырақты


Гидро

Морфты


Кебір қара шалғынды

Кебір қара-қоңыр шалғынды

Кебір құба шалғынды

Кебір шалғынды батпақты




Гидроморфты кебірлер (шабынды және шабынды—батпақты) өзен жайылымдарында қалыптасады, көл алды және қырат аралық ойпаңдарда және басқа дисперсияларда шабынды кебір өсімдіктері астында жер асты суларының жақын жату—жағдайында (3м дейін) тұзды—су ерітінділерінің тұрақты немесе кезеңді әсері болып тұрады. Кебір асты қабатында тұздар көп мөлшерде болады, генетикалық және агрономиялық ерекшеліктері сипаттамасының маңызды көрсеткіштері мынадай:

-карбонатты және гипсті қабаттардың орналасу тереңдігі;

-кебір қабаты В1 құрамыңда сіңірілген күйіндегі натрий мөлшері;

-кебір үсті қабатындағы қарашірік мөлшері (жоғары қарашірікті А қабатында қарашірік 6%, орта қарашірікті 3—6%, аз қарашірікті 3%);

-жер асты суларының орналасу тереңдігі және минерализациялануы;

Кебірледі мелиорациялау (қайта жақсарту) жолдары, ауыл шаруашылығында танаптардың өнімділігін арттырудың тиімді жолы химиялық мелиорация гипстеу. Бұл кебірлердің—су физикалық және химиялық қасиеттерін бірден арттырады. Мелиорациялау заттары ретінде гипс, фосфо-гипс, хлорлы калий, күкірт қышқыл темір және т.б. қолданылады.

Сіңірулі күйіндегі натрийдің артық мөлшерін кальциймен алмастыру үшін қажетті гипс мөлшері төмендегі формуламен анықталады:

Мөлшер (т/га) CaCO4+H2O 0,086 (ИА –0,55хТ) хННх аУ

мұндағы:

ИА—сіңірулі натрий мөлшері, мг—экв. 100г топыраққа;

Т—сіңіру сиымдылығы, мг—экв. 100г топыраққа;

НН—жыртылатын (айдау) қабат тереңдігі, см;

аУ—кебір қабаты тығыздығы, г/см3;

0,086—мг-экв гипс көрсеткіші, г.

Кебірлерді игерудің басқа жолдары да қарастырылған, мәселен төменгі қабаттардағы кальций карбонаттарын немесе гипсті кебірлерде өзіндік мелиорация арқылы қолдану.

Жалпы кебірлерді игеру агрошаралары, карбонатты, гипсті, тұзды қабаттардың қалыңдығына және жер асты суларының тереңдігіне қарай дифференцияланған. Қазақ астық-шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында кебір жерлерді агромелиоративтік топтау және әр топ үшін агротехникалық мелиоративтік шаралар қарастырылған.

I-топ- аймақтық кебірленбеген және сәл кебірленген топырақтар—комплексті кебірлігі 10—30%. Аймақтық агротехника негізінде кебір дақтарын іріктеп көң төгу 30т/га немесе гипстеу арқылы игеру. Барлық ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге болады.

II топ дала және шабынды дала кебірлері, кебір қабатындағы алмасулы натрий сіңіру сиымдылығының 10% нен төмен, кебір үсті қабатында қалдықты тұзданған немесе сәл тұзданған.

Негізгі өндеуді бұл топтағы кебірлерде аударма плугтармен ПН-8-35 30-33 см тереңдікке жүргізген дұрыс.

Бұл топтағы кебірлерде алғашқы игеру жылдарында парлы-дақылды ауыспалы егіс, негізінен арпа ұсынылады. Бұл жерлер бірінші кезекте игеріледі.

III топ. Бұл топ екі топшаға бөлінеді.

I топша дала және шабындық дала кебірлері.

Натрий мөлшері аз, 0—40 см қабатта гипс пен карбонаттар бар қарашірік 1—5% -тен аз.

Бұл топшадағы кебірлерді 40—45 см тереңдікке плантажды және үш ярусты плугтармен жырту ұсынылады. Алдымен қабатын ауыр-дискілі тырмалармен бөлшектеп алу қажет. Игеру—дақылы ретінде пардан кейін-бірінші жылы арпа ұсынынады, келесі жылдары көп жылдық шөптер себу қажет.

II топша дала, шабынды-дала кебірлері натрий мөлшері аз, гипс пен карбонаттар 40см тереңдікте кездеседі.

Бұл кебірлерді негізгі өңдеу жолы терең жырту, шым қабатын алдымен бөлшектеп алады. Игерудің бірінші жылдары бұл топтағы кебірлерде парлы-дәнді дақылды ауысымды егісте арпа еккен дұрыс.

IV-топ. Дала кебірлі қабатта сіңіру сиымдылығының 20% артығы алмасулы—натрий 0—40 см қабаттағы тұздану орташадан жоғары емес, қарашірік құрамы 1—5%-тен кем емес.

Бұл топтағы кебірлерді игеру өздік-мелиорация жолымен жүргізіледі. Бұл топырақтарда плантажды немес үш ярусты плугтармен 40—50 см тереңдікке жырту ұсынылады, алдымен 2/3 рет шым қабатын бөлшектеп өтеді.

V-топ. Дала мен шабынды—дала, орташа және ұсақ кебірлері. Кебір қабаты кұрамындағы натрий сіңіру сиымдылығының 20% нен жоғары 0—40 см тереңдікте тұзданған, тұздану ортадан жоғары емес. Бұл кебірлерді мелиорациялау химиялық жолмен жүргізіледі.

VI-топ. Шабындық—дала және шабындық, орта және ұсақ кебірлері. 0—40 см қабатында өте сортаңдаған, натрий мөлшері көп немесе орташа және әртүрлі дәрежеде сорланған топырақтармен комплексті.

Алтыншы мелиоративтик топтағы кебірлерді игеру жолы топырақты—аудармай терең қопсыту ПН—8-35 плугтарымен 30—33 см тереңдікке, алдымен дискілі тырмалармен 2—3 рет бөлшектеу қажет. VI-топ кебірлерінде тұзға төзімді тамырсабақсыз идайық егу ұсынылады.

VII-топ. Дала, шабынды—дала, шабынды—қыртысты өте күшті сорланған кебірлер жатады.

Олар мал жайылымы ретінде қолданылуы мүмкін.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қандай топырақтар кебірлер деп аталады?

2. Кебірлердің негізгі морфологиялық айыру белгілерін атап беріңіздер.

3. Кебір топырақтар кескіні қандай генетикалық қабаттарға бөлінеді?

4. Физико-химиялық қасиеттердің кебірлерге тән белгілерін атап беріңіздер.

5. Кебірлер қандай қолайсыз қасиеттерге ие?

6. Кебірлерді қандай мелиорациялау әдістерімен жақсартады?




Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмыстары

ОБСӨЖ № 1
Сабақ тақырыбы: Топырақтану-топырақ туралы ғылым топырақ түзілу процесі

Сабақ мақсаты: Топырақтану пәнінің зерттеу нысандарымен танысу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Топырақтанудың ғылыми анықтамасымен танысу.

2. Топырақтанудың негізін қалаған ғалымдар еңбектерімен танысу.

3. Топырақтанудың негізгі зерттеу нысандарымен танысу.


Топырақтану – топырақ туралы олардың түзілуі, құрылысы, құрамы мен қасиеттері; географиялық таралу заңдылықтары; оның басты қасиеті құнарлықтың қалыптасуы және дамуын анықтайтын сыртқы ортамен өзара қарым-қатынас процестері; тиімді пайдалану жолдары, игеру жағдайында топырақ жабынының өзгеруі туралы ғылым.

Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы - өсімдіктің тіршілігі мен өнім құруы үшін қоректік элементтерге, суға, тамыр жүйесін жеткілікті мөлшерде ауаға, қалыпты тіршілігі үшін жылуға сұранысын қанағаттандыруы, осы қасиеттеріне сүйеніп В.Р.Вильямс «Топырақты өсімдік өнімін өндіру қасиетті, құрылықтың беткі қабаты» деп атады.

Топырақтық дамуы табиғи топырақ түзуші факторларға және адам әрекетіне тәуелді. Топырақ түзілуінде тірі ағзалар маңызды орын алады. Олардың әсерінен тау жыныстарының бұзылып топыраққа айналу процесстері және оның құнарлығының қалыптасуы: күлдік және азоттық элементтердің жиналуы, органикалық заттар синтезі мен бұзылуы жүреді.

Топырақ түзілу факторлары туралы ілім негізін В.В. Докучаев құрды, ол топырақ ерекше табиғи дене ретінде келесі факторлардың тығыз қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасатындығын анықтады – климат, өсімдік, топырақ түзуші жыныстар, мекен бедері және уақыт. Осы бес фактормен қатар алтыншы фактор адамзаттың өндірістік әрекетін бөледі, ол топырақ түзілу мен топырақ жабынына тура және жанама түрде әсер етеді.

Топырақтанудың ең маңызды бөлімдері: 1) Топырақтың дамуы (генезис) мен қалыптасуы туралы ілім; 2) Сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатын бүтін кеңістіктің түзіліс ретінде топырақ бүркеуі туралы ілім; 3) Топырақ құнарлығы мен топырақ бүркеуі (жабыны) және агротехникалық мелиоративтік тәсілдер мен оларды реттеу принциптері туралы ілім. Осы аталған басты бөлімдермен қатар топырақтану құрамында топырақ массасы қасиеттеріне байланысты негізгі бөлімдерін айырады (топырақ физикасы, топырақ химиясы, топырақ биологиясы т.б.) және қолданбалы бөлімдер (агрономиялық, ормандық және мелиоративтік топырақтану).

Ерекше бөлім топырақ классификациясы ол барлық бөлім материалдарын пайдаланып топырақ картографиясы, сипаттау және оларды комплексті бағалау, мемлекеттің тұтас жер кадастрын құру және математикалық өңдеу мақсатында мәліметтер жинау үшін құрылатын тұтас таксономиялық жүйе.

Топырақ түзілу процесі физико-химиялық процесстер категориясына жатады. А.А.Роде анықтауынша топырақ түзілу процесі деп, топырақ қабатында жүретін заттар мен энергия жылжуы және түрлену құбылысы жиынтықтарын айтады.Топырақ түзілу процесінің негізгі кезеңдері: 1) тау жынысы минералдарының өзгеруі; 2) оларда органикалық қалдықтардың жиналып, біртіндеп тасымалдануы; 3) органо-минералды қосылыстар күрделі жүйесін түзе минералды және органикалық заттардың қарым-қатынасы; 4) Топырақтың жоғарғы бөлігінде биофильді элементтер қатары, ең алдымен барлық қоректік элементтердің жиналуы; 5) қалыптасушы топырақ кескінінде су ағынымен топырақ түзілу өнімдерінің жылжуы.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Топырақтануға берілген негізгі қандай ғылыми анықтамалар бар?.

  2. Топырақтанудың генетикалық, биологиялық, агрономиялық бағыттарының негізін қалаған ғалымдар кімдер?

  3. Топырақтанудың негізгі зерттеу нысандары қандай?


ОБСӨЖ 2
ТОПЫРАҚТАР МЕН ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЖЫНЫСТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Жұмыс мақсаты: Топырақ минералдарымен танысу.

Тапсырма.

1. Минералдардың морфологиялық белгілерін және физикалық қасиеттерін зерттеу.

2. Тау жыныстарын түзуші минералдарды және агрорудаларды ажырату және минералдардың кейбір қасиеттерін сипаттау.



Қажетті құралдар мен материалдар: Алғашқы және туынды минералдардың коллекциясы.

Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақтың минералды бөлігі тау жыныстары мен жер қыртысы беткі бөлігі минералдарының әртүрлі түрленулері нәтижесінде қалыптасқан. Жер қыртысының негізгі элементтері оттегі, кремний, аллюминий және темір - 88,7 % құрайды. Олардың топырақтағы мөлшері де сол шамады (92,9%), яғни жер қыртысы мен топырақ минералды бөлігінің құрамы жуықтас (13-кесте). Айырмашылық 4,2 %, осы 4 элементтің құрамына абсолюдтік көзқараспен бұл айырмашылық елеусіз.
13-кесте Литосфера мен топырақтағы химиялық элементтер мөлшері % (А.П. Виноградов)


Элемент

Литосфера

Топырақ

Элемент

сы

Топырақ

O

47,2

49,0

Mg

2,10

0,63

Si

27,6

33,0

C

0,10

2,00

Al

8,8

7,13

S

0,09

0,085

Fe

5,1

3,80

P

0,08

0,08

Ca

3,6

1,37

Cl

0,045

0,01

Na

2,64

0,63

Mn

0,09

0,085

K

2,60

1,36

N

0,01

0,10


Бірақ берілген мәліметтер құрамындағы ұқсастықты ғана емес терең айырмашылықты да көрсетеді. Тірі ағзалар ықпалымен жер қыртысымен салыстырғанда, топырақтағы көміртек 20 азот мөлшері 10 есе ұлғайды. Бұл өсімдік биологиялық маңызды элементтер құрамының артуына ықпал ететіндігін дәлелдейді. Бірақ бұл процесс табиғатта өте баяу жүреді. Тыңайтқыштар және дұрыс құрылған агротехника көмегімен бұл процесті тездетуге болады.

Химиялық элементтер топырақта әртүрлі қосылыстар түрінде болады.



Оттегі көптеген бастапқы және туынды минералдардың құрамына кіреді, органикалық заттар мен судың негізгі элементтерінің бірі.

Кремний. Топырақта кең таралған кремний қосылысы  кварц (SiO2). Кремний силикаттардың құрамына да кіреді.

Алюминий. Топырақта органо-минералды кешендер түрінде бастапқы, туынды минералдардың құрамында және сіңірілген күйінде (қышқыл топырақтарда) болады.

Темір. Топырақта бастапқы және туынды минерал-силикаттар құрамында, гидрототықтар мен тотықтар, қарапайым тұздар түрінде, сіңірілген күйінде, сонымен қатар органо-минералды кешендер құрамында кездеседі.

Азот. А.П.Виноградов мәліметі бойынша азоттың жер қыртысындағы мөлшері 2,3*10-2 салмақтық процентті құрайды, жалпы қоры ондаған миллиард тоннаны құрайды. Топырақтағы азоттың негізгі бөлігі күрделі органикалық қосылыстар түрінде біраз мөлшері алюмосиликатық минералдардың кристалл торшаларында аммоний иондары түрінде бекиді. Жырту қабатында (0-25 см) азот мөлшері үлкен аралықта ауытқиды. Орташа топырақ массасының 0,1 процентін құрайды.

Өсімдіктер жалпы азоттың суда еритін амидтер және аминқышқылдары түріндегі аз мөлшерін шамамен 1% ғана сіңіреді. Сондықтан өсімдіктің азотпен қамтамасыз етілуі минерализация жылдамдығына тәуелді.



Фосфор топырақта органикалық минералды қосылыстар түрінде болады. Органикалық фосфор фитин, нуклейн қышқылдары, нуклепротейдтер, фосфатидтер түрінде, минералды фосфор ортофосфор қышқылының кальций, магний, темір мен алюминий тұздары түрінде болады. Фосфор топырақта апатит, фосфорит пен вивианит құрамына кіреді, сонымен қатар фосфат-анион түрінде сіңірілген күйінде болады. Апатит көптеген магматикалық жыныстарда болады және жер қыртысындағы фосфордың 95  құрайды.

Күкірт топырақта сульфат, сульфиттер түрінде және органикалық зат құрамында болады. Органикалық заттар ыдырағанда, сульфиттер тотыққанда сулфаттар түзіледі. Сульфаттар, әсіресе калий, натрий, магний сульфаттары суда жақсы ериді, SО4 түрінде топырақтармен нашар сіңіріледі және оларда құрғақ климат жағдайында ғана жиналуы мүмкін.

Калий негізінен топырақтың минералды бөлігінде болады. Калий топырақта: 1) бастапқы және туынды минералдардың кристалл торшаларында болады (оның негізгі бөлігі); 2) коллоид бөлшектерде алмасатын және алмаспайтын күйде сіңірілген (едеуір бөлігі); 3) шірінді тамыр қалдықтары мен микроағзалар құрамында; 4) топырақ ерітіндісінің минералды тұздары ретінде (карбонаттар, нитраттар, хлоридтер және т.б.), бұл жалпы қордың өте аз бөлігін құрайды.

Кальций мен магний топырақта минералдардың кристал торшаларында, алмаса-сіңген күйде және қарапайым тұздар түрінде болады.

Микроэлементтер. Топырақтағы микроэлементтер мөлшері бастапқы топырақ түзуші жыныстардағы мөлшерімен және топырақ түзілу процесінің олардың таралуына ықпалымен анықталады. Гумус аккумулятивтік процесс қарқынды жүргенде олар топырақтың беткі қабатында жиналады; элювиальды процестер қарқынды дамығанда топырақтың беткі қабатында олардың мөлшері аз болады.

Топырақ радиоактивтілігі. Топырақ радиоактивтілігі құрамында радиоактивті элементтер болуына байланысты. Табиғи және жасанды радиоактивтілікті бөледі.

Табиғи радиоактивтілікті топырақтар мен жыныстар құрамында әрдайым әртүрлі мөлшерде болатын табиғи радиоактивті элементтер тудырады.

Жасанды радиоактивтілік атомдық термоядролық жарылыстар кезінде, атомдық өнеркәсіп қалдықтары түрінде немесе атом станцияларындағы апаттар кезінде түзіліп топыраққа енеді. Атомдық жарылыстар кезінде түзілген радиоактивті заттар ауа ағыстарымен үлкен қашықтықтарға жылжып біртіндеп қонып, жасанды радиоизатоптар топырақтар мен табиғый суларды ластауы мүмкін.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақта қандай элементтер басым, олардың қосылыстары жалпы қоры ?

2. Топырақтар мен жыныстар химиялық құрамының топырақ түзілуіне әсері ?

3. Топырақтың табиғи және жасанды радиоактивтілігі қалай туындайды?

ОБСӨЖ 3
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАҒЫ ҚАРАШІРІК БАЛАНСЫ

Жұмыс мақсаты: Топырақ құнарлығындағы органикалық заттардың маңызын анықтау. Топырақтағы қарашірік балансын есептеу және оны қадағалаудың жолдарын қарастыру.

Тапсырма:

1. Топырақ құнарлығы түрлерімен танысу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру өндірісінің толық емес, қарапайым және кең ауқымды ұғымдарымен танысу.

2. Кестелерді қолдана отыра қарашірік балансын мына дақылдар үшін есептеп шығару бидай, жүгері және көп жылдық шөптер.

3. Органикалық тыңайқыштардың қарашірік мөлшерін бірқалыпты ұстап тұру үшін қажет мөлшерін анықтау.

Тапсырмаға түсініктеме.

Құнарлық – бұл топырақтың өсімдіктерді қалыпты жетілу үшін қоректік элементтер, су, жылу және қолайлы физико-химиялық ортамен қамтамасыз ету қасиеті.

Құнарлық –топырақты тау жыныстарынан айыратын, айрықша сапалық қасиеті. Топырақ құнарлығы – табиғи топырақ түзілу процесінің нәтижесі, ал ауыл шаруашылығында өңдеу процесі. Топырақ құнарлығының факторлары мен жағдайларын айырады. Факторларға өсімдік қорегінің күлдік элементтері азот, су, ауа, жылу, өсу және жетілу факторлары жатады.

Жағдайлары – қасиеттер мен режимдер жиынтығы олардың күрделі қарым қатынасы өсімдіктің факторлармен қамтамасыз етілу мүмкіншілігінен тұрады.

Құнарлық деңгейіне тәуелді болатын басты өлшемдер топырақ режимінің нақты көрсеткіштері: температуралық, ауа, су, қоректік, физико-химиялық, биохимиялық, тұз және тотығу-тотықсыздану. Құнарлықтың мынадай түрлерін айырады: табиғи құнарлық және жасанды құнарлық, тиімді немесе экономикалық құнарлық потенциальды құнарлық деген де ұғым бар.

Топырақ құнарлығын қалыптастыру кезінде құнарлық бастапқы деңгейден төмен болса толық емес деп аталынады. Топырақ құнарлығын қалыптастыру кезінде бастапқы деңгейге теңелсе ол қарапайым деп аталынады. Топырақ құнарлығының бастапқы деңгейден жоғарылауы кең ауқымды қалыптастыру деп аталады.

Мәдени топырақ түзілу процесінің дамуы адам әрекетінің саналы мақсатты бағытталған жағдайында жүрсе, онда жақсарып құнарлығы артады.

Бұл принциптің бұзылуы топырақ құнарлығының жойылуына әкеліп соғуы мүмкін ( эрозияның дамуы, тұздану процесі, гумустың жоғалуы және т.б.).

Топырақты тиімді пайдаланудың бастапқы міндеті –топырақ құнарлығын қең ауқымды қалыптастыруды қамтамасыз ету, яғни тиімді және потенциалды құнарлықтың біруақытта артуы.

Қарашірік балансын есептеу мына формуламен шығарылады.

Б = А * Q - 20 У*Н

Мұнда: Б – қарашірік балансы, кг/га

А – тамырлар және басқа қалдықтар, ц/га

Q – изо қарашіріктік коэффициент

У – негізгі өнім, ц/га

Н – негізгі өнімнің 1 ц-мен шығарылатын азот



20 – топырақтан карашіріктің шығындалуын ескеретін коэффициент.
14-кесте – Қарашірік балансын есептеу үшін бастапқы мәліметтер


Варианттар

Бидай

Көп жылдық шөптер

Сүрлемдік жүгері

Ауданы, га

Өнімділігі, ц/га

Ауданы, га

Өнімділігі, ц/га

Ауданы, га

Өнімділігі, ц/га

1

6000

21,0

3000

14,3

2100

170

2

5000

23,2

4000

14,1

2200

165

3

6500

24,1

2000

14,0

2100

175

4

5500

20,5

2500

15,0

2000

160

5

4000

23,9

3500

14,5

2500

170

6

4500

24,0

3000

14,3

2100

170

7

6700

22,1

2000

14,9

2100

160

8

5800

25,1

3000

14,2

2000

165

9

6000

25,0

3000

15,1

2100

175

10

4000

27,0

2500

15,3

2000

170

15-кесте – Қарашірік балансын есептеу үшін анықтамалық көрсеткіштер




Көрсеткіштер

Бидай

Сүрлемдік жүгері

Көп жылдық шөптер

астық тұқымдас

бұршақтық

Өсімдік қалдықтары, ц/га

40,0-47,0

45,0-47,0

150-200

150-200

Өніммен азоттың шығарылуы, кг

4,0

0,52

1,55

2,60

Изоқарашіріктік коэффициент: өсімдік қалдықтары үшін-18;

көң үшін-30;

сабан үшін-18.


Органикалық тыңайткыштардың ендірілу нормасын мына формуламен анықтайды:

О = БП /75

Бұнда: О – егістік айналымындағы көңнің ендіру нормасы.

Б – қарашірік балансы кг/га

П – егістік айналымдағы танаптар саны


  1. - көңдегі құрғақ зат құрамын ескеретін коэффициент және

Изоқарашіріктік коэффициент.

Болжамдағы қарашірік балансын мына формуламен есептейді.

Бп = А* Q + 75 * О – 20 Уп * Н

мұндағы: Бп – болжамдағы қарашірік балансы, кг/га

Уп – болжамдағы өнім, ц/га

О – егістік айналымының әр танабына шаққандағы органикалық тыңайтқыш нормасы, т/га


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақ құнарлығының қандай түрлері бар, құнарлықты анықтаушы факторлар?

2. Мәдени топырақ түзілу процесінің дамуы адам әрекетінен қалай өзгеруі мүмкін?

3. Топырақтағы қарашірік балансын есептеудің маңызы қандай және ол қандай жолмен жүргізіледі?

ОБСӨЖ 4
СУ ЕРІТІНДІСІН ТАЛДАУ
Жұмыс мақсаты: Топырақта еріген заттардың мөлшерін және сапалық құрамын анықтау

Тапсырма:

1. Топырақтың су ерітіндісі ұғымына түсінік беру.

2. Суда еритін минералды және органикалық заттардың жалпы мөлшерін анықтау.

3. Топырақта еріген тұздардың сапалық құрамын анықтау.



Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, 250мл колбалар, дистилденген су, қара топырақ, 1мм елеуіш, таразылар, электроплитка, реактивтер.

Тапсырмаға түсініктеме.

Су ерітіндісі органикалық, минералды заттардың суда еритін қарапайым тұздарының топырақтағы мөлшерінен түсінік береді.

Су ерітіндісін талдау – бұл топырақ ерітіндісін талдаудың бір жолы, себебі су ерітіндісі – бұл сумен араластырылған топырақ ерітіндісі.

Су ерітінділері нәтижесі топырақтағы суда еритін заттардың сандық құрамы туралы салыстырмалы дерек береді.

Су ерітіндісін топырақтағы өсімдіктерге зиянды тұздарды анықтау үшін, қоректік режимін анықтау үшін және басқа практикалық сұрақтарды шешу үшін қолданады.

Судың топыраққа әсері, топырақта барлық жеңіл еритін қосылыстардың еруінен тұрады.

Жеңіл еритін тұздар – хлоридтер: NaCI, Mn CI, Ca CI.

Сульфаттар: Na2 SO4 және Mn SO4 бикарбонаттар: NaНСO3. Са (НСО3) 2 және натрий карбонаты : Na2 СO3. нитраттар, нитриттер, аммоний тұздары, натрий гуматы және фульваты.

Суда еритін тұздар өсімдіктерге зиянды болуы мүмкін В.А. Ковда жеңіл еритін тұздардың зияндық дәрежесіне қарай мынадай қатар құрады:



Барлық тұздардың ішіндегі ең зияндысы сода Na2СO3 оның 0,005% мөлшері өсімдіктің өлуін тудырады.

Су ерітіндісін дайындау. Техникалық таразыларда алдын ала үгітілген және 1 мм торкөзді сито арқылы өткізілген 50 г құрғақ топырақ аламыз, өлшендіні 250 мл колбаға салып, 5-есе мөлшерде дистилденген су құямыз. Содан кейін топырақпен суды 3 минут бойы шайқап келесі колбаға қағаз сүзгі арқылы сүземіз. Ерітіндіні талдауды сүзгі арқылы барлық су өтіп болғасын ғана бастаймыз, себебі сүзіндінің бастапқы және соңғы мөлшерінде кейбір компоненттерде айырмашылық болуы мүмкін.

Талдауды жеңіл еритін тұздардың жалпы мөлшерін анықтаудан бастаймыз (құрғақ қалдық).



Ерітіндінің құрғақ қалдығын анықтау. Ерітіндінің құрғақ немесе тығыз қалдығы суда еритін органикалық және минералды қосылыстардың жалпы мөлшерін көрсетеді. Құрғақ қалдық топырақтың тұздану дәрежесін көрсетеді. Тұзданған қабаттар деп құрамындағы суда еритін тұздар мөлшері 0,3%-тен жоғары топырақтарды айтамыз. Топырақтардың тұздану дәрежесін құрамындағы тұздардың сапалық құрамына қарай айырады (19-кесте).


19-кесте Тұздану дәрежесі және сапасы бойынша топырақтар классификациясы

Топырақтардың тұздауына қарай топтары





Топырақтардың тұздану типтері, құрғақ қалдық, 


Хлоридті және сульфатты-хлоридті

Сульфатты және хлоридті-сульфатты

Содалы және аралас


Тұзданбаған

0,2

0,3

0,1

Сәл тұзданған

0,2-0,3

0,3-0,6

0,1-0,3

Орташа тұзданған

0,3-0,5

0,6-1,0

0,3-0,5

Тұздануы жоғары

0,5-1,0

1,0-2,0

0,5-0,7

Сорлар

1,0

2,0

0,7

Құрғақ қалдықты анықтау үшін 50 мл су ертіндісін алып, алдын ала құрғатылған және өлшенілген аллюминий бюкске құямыз. Егер 50 мл бюкске симайтын болса, құрғатуды бөлшектеп жүргіземіз: алдымен 25мл құйып құрғап болған соң сол бюкске қалған 25 мл кұямыз, колбадан су ерітіндісін сыйымдылығы 25 мл өлшеуіш пипеткалармен аламыз.

Су ерітіндісі бар бюксті жабық спиральды электроплиткада құрғағанша қайнатамыз, қайнату кезінде ерітіндінің қатты қайнап шашырамауын қадағалайды.

Қайнату аяқталған соң бюксті құрғату шкафында 1050 температурада 3 сағат бойы құрғатады. Сонан соң эксикатарда суытады және өлшейді. Дәптерге жазуды мына тәртіппен жүргізеді:
форма -1

кескін

Топырақ үлгісі тереңд-гі, см

Топырақ өлшемі

Ерітінді

нің


жалпы көлемі

Бос бюкс салма-ғы

Құрғақ қалдық-ты бюкс салмағы

Құрғақ қалдық

Кептіруден кейінгі бюкс салмағы

1

2

3

4

5

6

7

8

Топырақтағы құрғақ қалдық мөлшерін %-пен формула бойынша есептейді: Х=a*10

Мұнда Х= құрғақ қалдық, %

а = құрғақ қалдық салмағы, г

10-50 мл ерітіндіні 10 г топыраққа аудару коэффициенті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет