Көкшетау, 2012 мазмұНЫ


Су ерітіндісін сапалық талдау. Су ерітіндісін сапалық талдау топырақтағы тұздардың сапалық құрамын анықтау үшін жүргізіледі



бет6/7
Дата18.06.2017
өлшемі3,79 Mb.
#19379
1   2   3   4   5   6   7

Су ерітіндісін сапалық талдау. Су ерітіндісін сапалық талдау топырақтағы тұздардың сапалық құрамын анықтау үшін жүргізіледі.

  1. Су ерітіндісінде негізінен хлорид , сульфат және карбонаттар болғандықтан, ең бірінші аниондарды сонан соң кейбір катиондарды анықтайды.


СО23 анионын анықтау. Еритін карбонаттар топырақта негізінен Na НСO3 (сода) түрінде болады. Na2СO3 болуы топырақта сілтілік реакция тудырады. Сондықтан СO3 ионын анықтауды фенолфталеин көмегімен жүргізеді: сілтілік реакцияда ол қызғылт реакция береді. Су ерітіндісіндегі СО23 барын анықтау үшін пробиркаға аз ғана су ерітіндісін құйып 2 тамшы фенолфталеин қосамыз. Егер ерітінді қызғылт түске боялса топырақта СО23 анионы болғаны. Егер ерітінді түссіз қалпында қалса, онда топырақта СО23 анионы жоқ.

СI анионын анықтау. СI анионын анықтау үшін таза пробиркаға су ерітіндісін құйып 2-3 тамшы азот қышқылын қосамыз, сонан соң бірнеше тамшы азотқышқыл күміс қосамыз. Егер топырақта хлоридтер болса, мысалы натрий хлориді онда реакция мына теңдеумен жүреді:
NaCI + AдNO3 HNO Ag CI + Na NO3

Хлорлы күміс ақ іркіт тәрізді тұнбаға түседі.


23 анионын анықтау. Таза пробиркаға су ерітіндісін құйып 2 тамшы 10% HCI ерітіндісімен қышқылдандырамыз, сонан кейін 2-3 тамшы 5% ВаCI2 ерітіндісін қосамыз, реакция мына теңдеуме н жүреді:

CaSO4 +BaCI HCI BaSO4 + CaCI2

Күкірт қышқыл барийдің ақ тұнбасы түзіледі.

Қышқылдандыру барийдің карбонаттарын бұзу үшін жүргізіледі, барий СО23 және НСО3 аниондарымен де қиын еритін тұздар түзеді, бірақ тек сілтілік және бейтарап ортада. Қышқыл ортада бұл тұздар еріп кетеді.



Са2+ катионын анықтау. Аниондардан басқа су ерітіндісінде Са, Mg, Na және тағы басқа катиондар болады.

Су ерітіндісіндегі Са2+ катиондарын анықтау үшін, су ерітіндісі бар пробиркаға 1-2 тамшы 10% сірке қышқылын және 2-3 тамшы 4% (NH4)2 C2 O4 құйып араластырамыз. Реакция тендеуі:




СаSO4 + (NH4)2C2O4

CH34COOH

СаC2O4 + (NH4 )2SO4



Кальций оксалатының ұсақ кристалды ақ тұнбасы түзіледі.



Mg2+ катионын анықтау. Су ерітіндісіндегі магний катионын анықтау үшін бірнеше тамшы NH4OH (аммиак иісі білінгенше) және 2-3 тамшы NH4Cl ерітіндісінен фосфорқышқыл магний аммонидің ақ кристалды тұнбасын түзеді.

Mg СО3 + Na2PO4 + NH4Cl + NH4OH ─ Mg H4PO4 + Mg СО3+Na2HPO4+ NaCl+NaOH

Тұзданған топырақтарда көбінесе Na+ катионы мөлшері көп, Na мөлшерін жиі аниондар және катиондар жиынтығы арасындағы айырмашылықпен анықтайды немесе жалынды фотометрде натрий ионы газ жандырғыны жалыны сары түске бояйды. Су ерітіндісіндегі натрийді сапалық анықтауды да жалын түсінің өзгеруі бойынша анықтауға болады. Топырақтың тұздану типін топырақтағы әртүрлі катиондар мен аниондар мөлшеріне қарай арнаулы кестелермен анықтайды.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақ ерітіндісінің құрғақ қалдығы мөлшерін білу арқылы топырақтың қандай көрсеткішін анықтаймыз ?

2. Топырақ ерітіндісінің сапалық құрамы қандай жолмен анықталады ?



3. Топырақ ерітіндісі құрамындағы СО23, СI, SО23,, Са2+, Mg2+ аниондары қандай реакциялар көмегімен анықталады ?

ОБСӨЖ 5
ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУДІҢ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫЛЫҚҚА ӘСЕРІ
Жұмыс мақсаты: Топырақ классификациясы принциптері және таксономикалық бірліктерімен танысу.

Тапсырма:

1. Топырақ генезисі классификациясын оқу.

2. Топырақтың аймақтылығы, ендік және бойлық аймақтылық элементтерімен танысу.
Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақ генезисі (пайда болу және дамуы) топырақтанудың жеке бөлімі ретінде топырақ түзілу факторлары, топырақ түзілу процесстерінің механизмдерін топырақ кескіні қалыптасуын анықтайтын энергия мен масса алмасуды, олардың қасиеттері мен құнарлығын, топырақтың генетикалық қасиеттерін зерттейді.

Топырақ классификациясы деп топырақтарды басты қасиеттері, пайда болуы мен құнарлық ерекшеліктеріне қарай топтауды атайды.

В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев топырақты қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста дамитын ерекше табиғи органо-минералды дене деп танитын көзқарасты бекітті. Олар топырақтың генетикалық типтері туралы ілімді қалыптастырды.

Топырақтың географиялық таралу заңдылықтары жер беткейінде табиғи жағдайлардың әртүрлі орналасуымен анықталады. Осы таным топырақ географиясының келесі басты бөлімдерінің дамуында жатыр: ендік аймақтылық, бойлық аймақтылық, топырақтық климаттық фациялар мен провинциялар, топырақ жабынының құрылымы мен әртүрлілігі.

Топырақтар аймақтылығы туралы ілім В.В. Докучаевтың топырақ түзілу табиғи тарихи концепциясының соңғы бөлімі. В.В. Докучаев алғашқы рет орыс жазықтығында топырақтардың орналасуындағы аймақтылықты зерттеуі солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда топырақ түрлері біртіндеп өзгеріп отырады. Тундра топырақтары, күлгін, орман сұр, қара топырақтар, қара-қоңыр топырақтар, қоңыр топырақтар, шөлейт топырақтары.

В.В. Докучаевтың топырақтардың орналасуындағы жалпы принципі кең мағыналы болып терең бекіді, бірақ ендік аймақтылықта біраз өзгерістер де енгізілді.

Қазіргі кезде құрылық топырақтарын климаттық термиялық ерекшеліктеріне қарай топырақтық климаттық белдеулерге бөледі (полярлық, бореальды, суббореальды, субтропиктік, тропиктік). Топырақтық климаттық белдеулерді атмосферлік ылғалдану режимі өсімдіктер типіне қарай топырақтық-биоклиматтық облыстарға бөледі. Мынандай областарды айырады: ылғалды орманды, тайгалы немесе тундралы өсімдік жабынды; аралық далалық, ксерофитті орманды және саваналы өсімдік жабынды, құрғақ шөлейт және шөл өсімдік жабынды.

Топырақтық-биоклиматтық облыстар тұрақты болғанымен бірнеше топырақ типінен құралады, сондықтан оларда 2-3 топырақ зонасын айырады.

Топырақ зонасы бір немесе екі топырақ типі ішінде орналасқан интрозональды топырақтардан тұрады. Топырақ зонасын топырақ тип тармақтарының зона аймақтарына бөледі.

Топырақ фациясы - температуралық режиміне мерзімдік ылғалдануына қарай зона бөлшегі.

Топырақ провинциясы – белгілердің айқын білінуіне қарай топырақ фациясы бөлігі. Топырақ провинциясы округтерге, округ аудандарға бөлінеді.

В.В. Докучаевтың Кавказда жүргізілген зерттеулері нәтижесінде тауларда топырақтардың бойлық аймақтылық ілімі құрылды. Бойлық аймақтылық құрылымы келесі факторлармен анықталады: таулы мекеннің ендік топырақ зонасында орналасу орны, тау биіктігі, ауа массасының басты қозғалысына қарай таулы мекеннің орналасуы, температуралық инверсиялардың болуы, яғни жыл мерзіміне қарай суық ауаның тау беткейімен жылжуы.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қазіргі кезеңдегі топырақ классификациясы қандай принциптерге сүйене құрылған?

2. Топырақтық климаттық белдеулер, топырақтық-биоклиматтық облыстар, топырақ зонасы, топырақ фациясы, топырақ провинциясы анықталуы?



ОБСӨЖ 6
КҮЛГІН ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Күлгін топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып күлгін топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Күлгін топырақтар классификациясымен танысу.

3. Күлгін топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Күлгін топырақтар қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты-қылқанды мүкті, бұталы-мүкті немесе әбден солған ағаш қалдықтары астында қалыптасқан. Жер шарының солтүстік жартысында кең таралған, тайгалы ормандар астында түзілген.

Тың топырақтарға генетикалық қабаттардың мынадай қатары тән: А00А1А1А2А2А2ВВ1В2ВСС; игерілген топырақтарда АжА2– А2В В1В2ВСС.

Аймақтық топырақ түзілу жағдайларына байланысты күлгін топырақтар күлгін және глейлі күлгін болып бөлінеді.



Күлгін топырақтардың беткейінде қалыңдығы 3-6 см А0 қабаты болады. Оның астында нашар дамыған қарашірікті-элювиальды қабат А0А1 орналасады. Төменде ағарған, ашық-сұр немесе жалын түсті А2 күлгінденген (элювиальды) қабат орналасады. Бұл қабат тақталанған-жапырақты құрылымды немесе құрылымсыз болуымен сипатталады. Темірмаргенецті түзілістер, кейде таттанған дақтар, ал глейлі күлгін топырақтарда глейленген ақтаңдақ дақтар кездеседі. Бұлар төмен орналасқан қабатқа тілшелер түрінде еніп, ауыспалы А2В қабатын түзеді.

Ауыспалы қабаттан кейін қоңыр, сары-қоңыр немесе қызыл-қоңыр түсті, жиі тығыздалған иллювиальды (В) қабат орналасады. Құмбалшықты және балшықты механикалық құрамда өткір қырлы жаңғақты-призмалы құрылымды бөлшектер анық байқалады, олардың қырларында жылтырлық, жұғын, күлгіндену іздері байқалады. Осы белгілердің байқалуына қарай В1, В2 және ВС қабатшаларына бөлінуі мүмкін. Біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.

Жылы фация күлгін топырақтары қабаттарға анық бөлінуімен және кескіннің жоғарғы бөлігінде қышқыл реакциялы (рНКСІ 2,9-3,5) болуымен сипатталады.

Суық фация күлгін топырақтары сәл күлгінденген, бүкіл кескін бойында күшті қышқылды және қышқылды реакциялы (рНКСІ 3-3,8) болуымен сипатталады. Баяу еріп жылынады, топырақ кескінінен төмен көпжылдық тоңдану кездеседі. Батыс Сибир, Краснояр өлкесі, Иркутск облыстарында таралған.

Ұзақ мерзімді қататын фациядағы күлгін топырақтар қалыңдығы 50-100 см, күшті қышқыл реакциялы (рНКСІ <4). Төселуші жыныстарда тоңдану жыл бойы немесе вегетациялық кезеңнің басым бөлігінде байқалады. Байкал көлі мен Охот теңізінің жағалауында кездеседі.

Глейлі күлгін топырақтар күлгін топырақтардың белгілерін сақтайды, сонымен қатар анық байқалатын глейлену және 10-15 см-ге дейін торфты төсеніштің болуымен сипатталады. Олардың топырақ кескіні мынадай: А0А2g– А2ВgВВС.

Глейлі күлгін топырақтар күлгіндену дәрежесіне қарай бөлінуімен қатар, глейлену дәрежесіне қарай да бөлінеді.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Күлгіндену процесі күлгін топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?

2. Күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері, классификациясы?

3. Климаттық жағдайлар, жер бедері, аналық жыныстар мен ағаштардың күлгіндену процесіне әсері?

ОБСӨЖ 7
ШЫМДЫ ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Шымды топырақтар классификациясымен, морфологиялық белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып шымды топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Шымды топырақтар классификациясымен танысу.

3. Шымды топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Шымды топырақтар шалғынды өсімдіктер жиынтығы, шөптесін немесе мүкті-шөптесін өсімдікті ормандар астында карбонатты жыныстарда, кальций мен магнийдің силикатты формаларына бай жыныстарда, темірге бай бұзылу өнімдерінде немесе кермек жер асты суларымен ылғалдану жоғары болған жағдайларда түзіледі. Оларда қарашірікті қабат жақсы жетілген, гумус мөлшері жоғары, кесекті –дәнді құрылымды, орта реакциясы сәл қышқылды немесе бейтарапқа жуық, сіңіру сиымдылығы мен негіздермен қанығу дәрежесі жоғары. Түзілу процесі ерекшеліктеріне қарай шымды топырақтар бірнеше топтарға бөлінеді: шымды-карбонатты; шымды литогенді; шымды-глейлі.

Шымды-карбонатты топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1– А1В (А1А2) ВСкк).

Тың топырақтарда шым немесе төсеніш қабаты А0 болады, оның астында сұр немесе күңгірт-сұр түсті кесекті-дәнді құрылымды қарашірікті А1 қабаты орналасады. Ол аз қарашіріктенген ауыспалы қабат А1В немесе А қабаты күлгінденгенде А1А2 қабатына ауысады. Қарашірікті қабаттың (А1+ А1В) астында ауыспалы қабат В орналасады, біртіндеп аналық жынысқа Ск немесе төселуші жынысқа Дк ауысады. Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды-карбонатты типті, шымды-карбонатты сілтісізденген, шымды-карбонатты күлгінденген.

Шымды-карбонатты типті топырақтар әкті жыныстардың аз қалыңдықты эллювиінде қалыптасады. Кескін қалыңдығы 30-50 см. 10% НСІ-дан қайнауы беткейінде немесе А1 қабатында байқалады.

Шымды-карбонатты сілтісізденген топырақтар элювий-делювийлі карбонатты жыныстардың қалың қабатында қалыптасады, кескін қалыңдығы 60-100 см. 10% НСІ-дан қарашірікті қабаттан төмен қайнайды.

Шымды-карбонатты күлгінденген топырақтарда күлгіндену белгілері В қабатында болады.

Шымды (шірінділі) литогенді топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1– А1В ВС (Д). Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды қаныққан, шымды қышқыл, шымды күлгінденген.

Шымды-глейлі топырақтар шымды топырақтардың белгілерін сақтайды және анық байқалған глейлену мен шымтезекті төсеніш, шірінділі қабаттың болуымен сипатталады. Кескін құрылымы: А0А11g)– В gС (С g). Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды-беткейлі-глейлі, шірінділі беткейлі-глейлі, шымды-грунтты-глейлі, шірінділі грунтты-глейлі.

Шымды топырақтардың түрлерге бөлінуі қарашірік мөлшері бойынша: шірінділі– 12%-тен жоғары, орташа қарашірікті– 5-12%, аз қарашірікті– 3-5% және қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша: аз қалыңдықты – 15 см-ден жұқа және орташа қалыңдықты – 15 см-ден қалың.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Шымдану процесі шымды топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?

2. Күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері, классификациясы?

3. Су режимі, аналық жыныстар мен өсімдіктер жабынының шымдану процесіне әсері?

ОБСӨЖ 8
ОРМАНДЫҚ ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ
Сабақтың мақсаты: Ормандық қоңыр топырақ классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қоңыр орман топырақтарының морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Ормандық қоңыр топырақ классификациясымен танысу.

3. Ормандық қоңыр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Ормандық қоңыр топырақтар Карпатта, Қырымда, Кавказда және Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігінде жалпақ жапырақты, аралас немесе сирегірек қылқан жапырақты ормандар өсетін жердегі қоңыржай жылы-ылғалды климат жағдайында түзілген топырақ.

Ормандық қоңыр топырақтардың кескіні мынадай қабаттарға бөлінеді: А0А1 ВС.

Орманның қоңыр топырағы қабаттарға нашар жіктелген, тек гумусты-элювиальды А1 сұр-қоңыр немесе күңгірт қоңыр түсімен анығырақ байқалады. Кескіннің қалған бөлігіне біркелкі қоңыр немесе сұр-қоңыр түске боялу тән. В және С қабаттарының төменгі бөлігінде жиі бастапқы жыныстардың сынықтары кездеседі.

Тың топырақтарда А1 қабатының қалыңдығы 5-30 см, кесекті-жаңғақты немесе дәнді-жаңғақты құрылымды. В қабаты тығыздалған, анық байқалған жаңғақты немесе кесекті-жаңғақты құрылымды. Бұл қабаттың түзілуі балшықтық майда түйірлердің жоғарыдан төмен қарай жылжуы, лессиважға байланысты. Біртіндеп аналық жынысқа ауысады.

Ормандық қоңыр топырақтар мынадай типшелерге бөлінеді: ормандық қоңыр типті, ормандық қоңыр күлгінденген, ормандық қоңыр глейленген, ормандық қоңыр глейленген күлгінденген.



Ормандық қоңыр типті топырақтар жоғарыда келтірілген барлық белгілерді сақтауымен сипатталады.

Ормандық қоңыр күлгінденген топырақтар А1 қабатының ашық түсті қалыңдығы азырақ болуымен және А1 қабатынан төмен сұрғылт-қоңыр немесе ашық қоңыр түсті, кесекті немесе тозаңды-кесекті құрылымды гумусты-күлгінденген А1А2 қабатының болуымен ерекшеленеді.

Ормандық қоңыр глейленген топырақтар кескінінде бозғылт және татты дақтардың болуы, темір-марганецті түйіршектердің болуымен сипатталады. Бұл топырақтардың глейленуі беткейлік және жер асты суларының әсерінен болуы мүмкін. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1А1А2 А2ВgВit(g)С.

Ормандық қоңыр глейленген күлгінденген топырақтар глейленген және күлгінденген топырақтардың жиынтық белгілерін сақтайды, олардың кескінінде А2g қабаты бөлінеді.

Ормандық қоңыр топырақтардың типшелері мынадай тегтерге бөлінеді: қалыпты, қалдық-карбонатты, қызыл түсті, шала жетілген.

Қалыпты ормандық қоңыр топырақтар тығыз элювий- делювий шөгінді және магматикалық жыныстарда, сонымен қатар құмды және құмбалшықты шөгінділерде қалыптасады, жоғарыда сипатталған типшелердің барлық белгілерін сақтайды.

Қалдық-карбонатты ормандық қоңыр топырақтар карбонатты жыныстарда қалыптасады, олардың кескіні күңгірт-қоңыр немесе сұр-қоңыр түсті. Құрамындағы гумус мөлшері жоғары (10-12%), қарашірікті-аккумулятивті қабаттың дәнді немесе ұсақ жаңғақты-дәнді құрылымы анық байқалады.

Қызыл түсті ормандық қоңыр топырақтар ежелгі қызыл түсті элювий және делювийлі шөгінділерде қалыптасады. Кескінінің түгелдей қызыл немесе қызғылт-қоңыр түсті болуымен сипатталады.

Шала жетілген ормандық қоңыр топырақтардың кескіні аз қалыңдықты, нашар жетілген. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1А1ВtС.

Ормандық қоңыр топырақтар мынадай белгілері бойынша түрлерге бөлінеді: а) қарашірік мөлшері бойынша: жоғары қарашірікті (>10%), орташа қарашірікті (5-10%), аз қарашірікті (<5%); б) күлгіндену дәрежесі бойынша: сәлкүлгінденген А1А2 қабатында ақшыл дақтар бар, орташа күлгінденген А1А2 қабаты түгел ақшылданған, күшті күлгінденген ағарған А2 қабаты бөлінеді; в) глейлену дәрежесі бойынша: глейленген және глейлі.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Орманның қоңыр топырағы қандай аймақтарда таралған ?

2. Орманның қоңыр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

3. Орманның қоңыр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, туыстықтарға, түрлерге бөлінеді?

ОБСӨЖ 9
ОРМАНДЫҚ СҰР ТОПЫРАҚ
Сабақтың мақсаты: Ормандық сұр топырақ классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып ормандық сұр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Ормандық сұр топырақ классификациясымен танысу.

3. Ормандық сұр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Орманды далалы аймақтың негізінен солтүстік бөлігінде таралған. Солтүстік Қазақстанда ормандық сұр топырақ көктерек пен қайыңды шоқ орман өсетін жерде, элювий-делювийлі саз жыныстарда, қоңыр салқын, ылғалдылығы орташа ауа райы жағдайында қалыптасқан. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0А1А1А2 ВА2В (В1, В2) ВСС.

Тың топырақтарда орман төсеніші қабаты А0 немесе шымды қабат Ад болады. Оның астында қарашірікті (А1+А1А2) қабат орналасады, оның түсі ашық-сұрдан күңгірт-сұрға дейін. Орманды дала топырақтарының басты морфологиялық ерекшелігі – қарашірікті қабаттың екі қабатқа анық бөлінуі: гумусты қабат А1 – гумус мөлшері жоғары үстіңгі бөлігі және ауыспалы А1А2 немесе қарашірікті-күлгінденген гумуспен боялумен қатар кремнезем себіндісі түріндегі күлгіндену белгілерінің болуымен сипатталады. А1А2 қабаты кремнезем себіндісі мол жаңғақты немесе жаңғақты-призмалы құрылымды ВА2 қабатына ауысады. Қырларында гумус жұғындысы мен жылтырлық байқалатын жаңғақты немесе жаңғақты призмалы құрылымды, кремнезем себіндісі бар тығыздалған иллювиальды В қабатына біртіндеп ауысады. Осы белгілердің байқалуына қарай В қабаты В1, В2 қабаттарына бөлінуі мүмкін. В қабаты біртіндеп С аналық жынысқа ауысады, аналық жыныста 120-200 см тереңдікте салалы орналасқан карбонаттар болады.

Ормандық сұр топырақтардың классификациясы кестеде берілген.


22-кесте - Ормандық сұр топырақтар классификациясы


Типше

Тегі

Түрі

Ормандық ашық-сұр
Ормандық сұр

Ормандық күңгірт-сұр



Қалыпты

Екінші гумус қабатты

Түйіспелі-шалғынды

Қалдық-карбонатты



а) Қарашірікті қабат (А1+А1А2) қалыңдығы бойынша: қалың (>40 см), орташа қалыңдықты (20-40 см), аз қалыңдықты <20 см),

б) Қайнау тереңдігі бойынша: жоғары қайнайтын (100 см-ден жоғары) және терең қайнайтын (100 см-ден терең)



Ормандық ашық-сұр топырақтар морфологиялық белгілері мен қасиеттері бойынша шымды-күлгінді топырақтарға ұқсас. А1 қабаты аз қалыңдықты (15-20 см және аз), нашар байқалатын кесекті-жапырақты құрылымды, ашық-сұр түсті, игерілген топырақтарда Аж құрылымсыз және тозаңданған. Алмасу қабатында (А1А2) күлгіндену белгілері анық байқалады – ақшыл реңді, қабыршақты, тақталы немесе тақталы-жаңғақты құрылымды, кремнезем себіндісі мол.

ВА2 қабаты анық байқалған, жекеленген гумус ақпалары бар, жаңғақты-призмалы немесе жаңғақты тақталы құрылымды, кремнезем себінділі. В қабаты күшті тығыздалған, жаңғақты-призмалы құрылым қырларында кремнезем себіндісі мен жылтырлық байқалады.



Ормандық сұр топырақтар қарашірікті қабатының қалың (25-30 см) болуымен ерекшеленеді. Күлгінденген (А1А2) қабаты, ашық-сұр топырақтармен салыстырғанда гумуспен қою боялған, кремнезем себінділі жаңғақ құрылымды. Кейде ВА2 қабаты болмайды. Иллювиальды В қабатының жаңғақты-призмалы құрылым бөлшектері қырларында мол кремнезем себіндісі мен гумус жұғындылары болады.

Ормандық күңгірт-сұр топырақтар белгілері және қасиеттері бойынша күлгінденген қара топырақтарға ұқсас. Қарашірікті А1 қабаты қалың (30-35 см), күңгірт-сұр түсті, кесек құрылымды. А1А2 қабаты гумуспен қою боялған, қырларында кремнезем себінділері бар жаңғақты-призмалы құрылымды. ВА2 қабаты болмайды. Иллювиальды қабат күңгірт-қоңыр түсті, тығыздалған, жаңғақты-призмалы құрылым анық байқалады.

Екінші гумус қабатты ормандық сұр (ашық сұр және күңгірт-сұр) топырақтарда күлгінденген А1А2 қабатынан төмен күңгірт, күлді-сұр немесе күлді-қара түсті, кремнезем себінділі ұсақ жаңғақты немесе тақталы жаңғақты құрылымды екінші гумус қабаты (Аh) орналасады. Біртіндеп гумус ақпалы қоңыр түсті, кейде глейлі дақтар бар жаңғақ құрылымды иллювиальды В қабатына ауысады.

Қалдық-карбонатты ормандық сұр (сұр және күңгірт-сұр) топырақтар карбонатты жыныстардың бұзылу өнімдерінде түзіледі. Олардың ерекшелігі – гумус мөлшері жоғары, күлгіндену белгілерінің болмауы немесе сәл байқалуы және карбонаттардың жақын орналасуы.Түйіспелі-шалғынды ормандық сұр топырақтардың түйісу шекарасында глейленген қабатша болады.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Орманның сұр топырағы қандай аймақтарда таралған ?

2. Орманның сұр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

3. Орманның сұр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, тегтерге, түрлерге бөлінеді?

ОБСӨЖ 10
ҚОҢЫР ШӨЛЕЙТ ТОПЫРАҚ
Сабақтың мақсаты: Қоңыр шөлейт топырақ классификациясымен, морфологиялық белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қоңыр шөлейт топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қоңыр шөлейт топырақ классификациясымен танысу.

3. Қоңыр шөлейт топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Шөлейт аймақ Қазақстанда дала мен шөл аралығында орналасып республика территориясының 23%-ін алып жатыр. Климаты қуаң және тым континентальды, жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм. Өсімдік жамылғысы сиректеу- боз, бетеге, жусан, бұйырғын, изен, қаңбақ, т.б. шөптерден құралған. Аймақтың негізгі топырақ типі қоңыр шөлейт топырақ.

Қоңыр шөлейт топырақта органикалық қалдықтардың аз мөлшері және олардың жылдам минералдануы, гумус мөлшері аз, аз қалыңдықты генетикалық қабаттарға анық бөлінген кескін қалыптастырады. Қоңыр шөлейт топырақтар кескінінің жоғарғы бөлігінде қабатты құрылымды, сұр-қоңыр немесе жалынды-сұр түсті қарашірікті-элювиальды А1 қабаты орналасады. Қарашірікті қабат қалыңдығы 10-15 см. Одан төмен қоңыр–сұр түсті, тығыз қалыптасқан, жарықшақты, ірі кесекті немесе тоң кесекті құрылымды қарашірікті-иллювиальды В1 қабаты орналасады. Омыру беткейінде сирек призмалық пен жылтырлық байқалады. А1+ В1 қабатының қалыңдығы 30-35 см. Қарашірікті-иллювиальды қабаттың астында иллювиальды карбонатты қабат Вк орналасады, біркелкі боялмаған, сарғылт-қоңыр, карбонат ақтаңдақтары бар.

Карбонатты қабат тығыз қалыптасқан, тоң кесекті немесе жаңғақты құрылымды. 80-100 см тереңдікте гипсті қабат бөлінеді, одан төмен жеңіл еритін тұздар кездеседі. Тұздар, соның ішінде натрий тұздары органикалық қалдықтардың минерализациясы және бұзылу кезінде түзіледі, терең шайылмайды, осыған байланысты натрийдің сіңіру комплексіне енуіне жағдай туады, нәтижесінде шөлейт қоңыр топырақтарда кебірлену процесі жүреді. Бұл топырақтарда кебірлену кең таралған (28-кесте).

Қоңыр шөлейт топырақтарды типшелерге бөлу негізіне гумус мөлшері мен топырақ кескінінің жеңіл еритін тұздардан сілтісіздену дәрежесі алынады, бұл көрсеткіштер жергілікті жағдайлар (топырақтардың механикалық құрамы, жыныс сипаты, орналасу тереңдігі) және олардың даму ерекшеліктерімен анықталады.

Қоңыр шөлейт топырақтарды тегтерге бөлу негізіне кебірлену, сортаңдану және карбонаттылық алынған.

Қалыпты шөлейт топырақтарда топырақ типінің белгілері түгел сақталады.

Кебірленген топырақтардың сіңіру комплексінде 3 - 15% натрий болады. Қарашірікті В1 қабатының төменгі бөлігі тығыздалған, құрылымы кесекті-призмалы немесе тоң кесекті. Кебірленбеген қоңыр топырақтармен салыстырғанда карбонаттар мен жеңіл еритін тұздар топырақ беткейіне жақын орналасқан.


28-кесте - Қоңыр шөлейт топырақтардың классификациясы


Типше

Тегі

Типті қоңыр шөлейт топырақтар (Каспий алды)
Ашық қоңыр шөлейт топырақтар (Қазақстандық)

Гипссіз қоңыр шөлейт топырақтар (Орталық азиялық)



Қалыпты (кебірленбеген)

Кебірлі


Қалдық-кебірлі солодтанған

Сортаңданған

Карбонатты

Босқұмды


Гипсті

Шала дамыған (тығыз жыныстарда)

Гипссіз

Қоңыр шөлейт қалдық-кебірлі солодтанған топырақтарда солодтану белгілері қарашірікті-элювиальды қабатта болады. Оларға SiO2 себіндісі, жапырақты құрылым, кеуекті қалыптасу тән. Қарашірікті қабаттың төменгі бөлігінде кебірлену мен аз мөлшерде сіңірілген натрий болады.

Қоңыр шөлейт сортаңданған топырақтар 1 метрлік қабатта жоғары мөлшерде жеңіл еритін тұздар болуымен ерекшеленеді.

Қоңыр шөлейт карбонаттық топырақтардың сипатты белгісі- беткейінен бастап қайнау және аз тереңдікте көп мөлшерде карбонаттардың болуы.

Қоңыр шөлейт босқұмды топырақтар құмды жыныстарда дамыған , кескінінің нашар жіктелуі, карбонаттар мен жеңіл еритін тұздардан сілтісізденуімен ерекшеленеді.

Қоңыр шөлейт гипсті топырақтар қалдық гипсті жыныстарда қалыптасады.

Қоңыр шөлейт шала дамыған топырақтар тығыз жыныстардың аз қалыңдықты элювийінде қалыптасады, қиыршық тасты, кейде тастанған.

Қоңыр шөлейт гипссіз топырақтар жеңіл жыныстарда қалыптасады, оларда кебірлену белгілері жоқ, тұзданбаған, аз карбонатты, олардың кескіні жиі қиыршық тасты.

Қоңыр шөлейт топырақтар кебірлену, сортаңдану, карбонаттылық және тастану дәрежесіне қарай түрлерге бөлінеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Қоныр шөлейт топырақтар қандай жағдайларда түзіледі?

2. Қоңыр шөлейт топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?

З. Қоңыр шөлейт топырақтардың классификациясы кандай?

4. Қоңыр шөлейт топырақтар Қазақстанның қай облысында кең таралған?

ОБСӨЖ 11
СҰР-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАР МЕН ТАҚЫРЛАР
Сабақтың мақсаты: Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлардың классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып сұр-қоңыр мен тақырлардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Сұр-қоңыр мен тақырлардың классификациясымен танысу.

3. Сұр-қоңыр мен тақырлардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлар- шөлді аймақтың басты генетикалық түзілістері.

Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлардың құрылысы мен қасиеттері қолайсыз климат жағдайында өтетін шөлді аймақтың топырақ түзілу процестеріндегі ерекшеліктермен анықталады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 75-200 мм, жазы ылғалсыз ыстық, 10 градустан жоғары оң температура жиынтығы 4000 градустан астам. Өсімдік жамылғысы – жусанды-сораңды, эфемерлі-эфемероидты түрлерден тұрады. Шөл топырақтары қарашірік мөлшерінің аз, қарашірікті қабаттың аз қалыңдықты болуы, құрылымының нашар түзілуімен ерекшеленеді. Шөлді аймақ топырақтарында кебірлену, беткейінен бастап карбонаттардың жиналуы, аз тереңдікте жеңіл еритін тұздар мен гипстің жиналуы анық байқалады.

Жаздағы аз ылғалдану мен күшті құрғау топырақ беткейінде шөлді аймақтың сипатты белгісі кеуекті қыртыс қалыптастырады.

Сұр-қоңыр топырақтарда кеуекті қыртыс К жалынды-сұр түсті, 3-5 см қалыңдықты. Оның астында қалыңдығы 5-7 см А1 қабаты орналасады. Одан кейін күңгірт-күрең түсті, призмалы-кесекті құрылымды, карбонат көздері бар тығыз иллювийлі В қабаты орналасады, оның төменгі бөлігінде 20-30 см тереңдікте гипс бөлінуі байқалады. 30-40 см тереңдікте жеңіл еритін тұздар болады. Бұл топырақтар қолайсыз физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сұр -қоңыр топырақтар 29-кестеде көрсетілген типшелер мен тегтерге бөлінеді.

Сұр-қоңыр карбонатты (тұрандық) топырақтар сұр-қоңыр аз карбонатты топырақтардан кескін бойы карбонаттардың жоғары мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Карбонаттардың ең жоғары мөлшері кескіннің орта және жоғарғы бөліктерінде байқалады.

Сұр-қоңыр аз карбонатты (қазақстандық) топырақтар сұр-қоңыр карбонатты (тұрандық) топырақтармен салыстырғанда генетикалық қабаттарға анық бөлінеді.Сұр-қоңыр қалыпты (кебірленбеген) топырақтар бос жыныстарда қалыптасады. Олардың кескіні нашар жіктелген.Кебірленген топырақтар тығыз қалыптасу, жарықшақтық, кесекті-тоңкесекті немесе призмалы құрылымды болуымен сипатталады.Сортаңданған топырақтар жеңіл еритін тұздардың жоғары мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

29-кесте – Сұр-қоңыр топырақтар классификациясы




Типше

Тегі

Сұр-қоңыр карбонатты (тұрандық)

Сұр-қоңыр аз карбонатты (қазақстандық)



Қалыпты (кебірленбеген)

Кебірленген

Сортаңданған

Гипсті (гипс төселімді)

Тығыз жыныстарда шала дамыған

Гипсті топырақтарда 40-50 см тереңдікте 50%-ке дейін гипс болады.Сұр-қоңыр топырақтар түрлерге тұздану, кебірлену дәрежесі және кескін қалыңдығы бойынша бөлінеді. Тығыз жыныстарда шала дамыған топырақтар жеке тегке бөлінеді.Сұр-қоңыр топырақтар арасында шалғындық-сұр-қоңыр шөл топырақтары кездеседі – шөлейт шалғынды-қоңыр топырақтарға ұқсас. Ойпаңдау жерлерде астық тұқымдас-жусанды өсімдіктер астында қалыптасады. Төселуші жыныс қасиеттері мен жер бедерінде орналасу жағдайына тәуелді, әртүрлі сілтісіздену және тұздану дәрежесімен сипатталады.



Тақырлар – шөлді аймақтың ойпаң балшықты жерлерінде кездеседі. Олардың беті кеуіп жарылып кеткен ойдым тығыз, қызғылт немесе жалын-сұр түсті. Беткейі балшықты 2-3 см қалыңдықты тығыз қыртыспен жабылған, тығыздығы аздау қабаттанған немесе қабыршақты қабатқа ауысады. Қыртыс пен қабыршақты қабаттың қалыңдығы 3-7 см. Одан төмен кесекті, жеңіл еритін тұздары бар қабат орналасады. Тақырлар Іле, Шу, Сырдария, Жайық өзендерінің төменгі жағында таралған.

Тақырларға кескінінің жоғары карбонаттылығы тән. Олардың ең көп мөлшері үстіңгі қабатта болады. Тақырлар екі типшеге бөлінеді: типті тақырлар (балдырлы) және құмданған тақырлар (қыналы). Типті тақырлар мынадай тегтерге бөлінеді: қалыпты (сортаңданған) – аз тереңдікте жеңіл еритін тұздар болады; сорланған – қыртыстың астында тұздар болады; кебірленген – тұздар төмен қарай шайылған, қыртыс және қыртыс астындағы қабат тығызданған, су ерітіндісі күшті сілтілі; кебірлі құйма – су көп тұрған жерлерде қалыптасады, терең жарықшақты тығыз қыртысты, ірі тоңкесекті құрылымды және тұздардан шайылу дәрежесі бойынша бөлінеді; құмданған – құмдардың жиналуымен қалыптасады, басқа тақырларда болмайтын өсімдіктер өсуімен сипатталады.

Құмданған тақырлар (қыналы) беткейінің алма-кезек сумен жабылуы нәтижесінде қалыптасады. Бұл тақырларда жұмсақтау қабыршақты кеуекті қабат болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлар қандай жағдайларда түзіледі?

2. Сұр-қоңыр топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?

З. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлардың классификациясы кандай?

4. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлар Қазақстанның қай облысында кең таралған?

ОБСӨЖ 12
ЖАЙЫЛМА ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Жайылма топырақтарының классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып жайылма топырақтарының морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Жайылма топырақтарының классификациясымен танысу.

3. Жайылма топырақтарының таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Жайылма  өзен арнасы бойындағы тасқын су басатын, оның шөгінділерінен (аллювий) құралатын ойпаң жер. Жайылма үш бөліктен тұрады: арна бойындағы жайылма, орта немесе өзен бойы және терраса бойы. Жайылманың негізгі топырақтары шымды қатпарлы топырақтар, аллювиальды шалғындық топырақтар және аллювиальды батпақтық топырақтар.

Шымды қатпарлы топырақтардың беткейінде аз қалыңдықты шымды қабат Ад орналасады. Оның астында жеңіл механикалық құрамды нашар байқалатын кесек құрылымды қалыңдығы 20 см–ге дейін қарашірікті А қабаты орналасады. Кескіннің ерекшелігі  анық байқалатын қатпарлылық. Қалыңдығы әртүрлі аллювийдің құмды, құмдақ және өте сирек жеңіл құмбалшықты қабаттар кезектеседі. Қарашірікті қабаттың төменгі бөлігінен жеке В ауыспалы қабатын бөледі. Кескінде тотықсыздану процестерінің белгілері болмайды. Шымды қатпарлы топырақтар арна бойы жайылмасының биіктеу бөлігінде орналасады.

Аллювиальды шалғындық топырақтар топырақ түзілуіне ықпалы болатын жер асты сулары жақын орналасқанда бірқалыпты аллювиальды режим жағдайында қалыптасады. Бұл топырақтар жақсы қалыптасқан гумусты кескінді, төменгі бөлігінде (В және С қабаттары) глейлену мен заттардың гидрогенді аккумуляция белгілері болады. Шымды қабаттың (Ад) астында анық байқалатын дәнді құрылымды ауыр механикалық құрамды қарашірікті қабат орналасады. Төменде дәнді-жаңғақты құрылымды және әртүрлі дәрежедегі глейлену белгілері бар жеке алмасу қабаты (В1 немесе В1g) орналасады. В1 немесе В1g қабатынан кейін жекеленген гумус дақтары мен анық глейлену белгілері бар, жаңғақты призмалы құрылымды В2g алмасу қабаты орналасады.

Аллювиальды батпақтық топырақтарда кескіннің үстіңгі бөлігінде торфты қабат немесе балшықты-шірінділі масса орналасады. Төменде глейлену жылдам дамиды. Торфты глейлі топырақтарда торфты қабат қалыңдығы 50 см-ден жұқа, торфты топырақтарда 50 см –ден қалың. Қалыпты жағдайда торфты қабат типті батпақтық төмегінгі торфты топырақтардағыдай ыдырау дәрежесінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Бұл қабат жиі балшықтанған немесе темір, әк, кейде вивианттың аккумуляциясы байқалады. Далалы, шөлейт, шөл аймақтарда жиі батпақтық топырақтар тұзданған болады.

Балшықты- батпақтық топырақтардың кескінінде күшті ыдыраған жағылатын балшықты органикалық затпен қаныққан, ашық қызыл-сары глейлі дақтары бар шірінділі (гумусты) қабатты бөледі.

Жайылма топырақтарының кескінінде аймақтық топырақ түзілу ерекшеліктерінің белгілері сақталады – күлгіндену іздері, кебірлену, солодтану, сортаңдану және т.б.

Орманды далалы және далалы аймақ аллювиальды шалғынды топырақтары қарашірікті қабатының қалың болуы және гумуспен боялуының қою болуымен ерекшеленеді. Бұл топырақтарда карбонаттылық, кебірлілік пен сортаңдану байқалады.

Субаридті және аридті аймақ аллювиальды топырақтары қалыпты жағдайда карбонатты, жиі жеңіл еритін тұздар болады және қарашірікті қабаттың төменгі жағында химиялық байқалған кебірлі қабат болады немесе бүкіл кескінінің құйма қалыпты болуымен сипатталады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Жайылма топырақтары қандай жағдайларда қалыптасады?

2. Шымды қатпарлы топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?

3. Аллювиальды шалғындық топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?

4. Аллювиальды батпақтық топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?


ОБСӨЖ 13
ТАУЛЫҚ АЙМАҚТАР ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Тау топырақтарының классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Таулы аймақтарда топырақтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу.

2. Полярлы, бореальды, суббореальды, субтропиктік топырақ белдеулерінде тау топырақтарының орналасуындағы айырмашылықтарымен танысу.

3. Қазақстанның таулы аудандарындағы топырақтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу.


Тапсырмаға түсініктеме.

Таулы аудандарда топырақтардың орналасуы және қалыптасуы В.Д. Докучаев құрған тік аймақтылық заңына бағынады. Тік аймақтылық деп мекен биіктігіне тәуелді климат пен өсімдіктердің өзгеруіне байланысты топырақтардың орналасуын атайды.

Таулы елдерде топырақ зоналары жазықтықтағы сияқты белдеулер құра орналасады. Бірақ мекен биіктігінде топырақтардың кезектесіп орналасу тәртібі бұзылатын жағдайлар да кездеседі. Топырақтардың дұрыс орналаспау құбылысы топырақ зоналары инверсиясы деп аталады.

Бірқатар таулы елдерде қалыпты зоналар қатары жүйесінде жекеленген топырақ зоналары болмайды. Бұл құбылыс топырақ зоналары интерференциясы деп аталады.

Тік белдеулік сипаты таулы елдің ендік биоклиматтық орналасу белдеуімен анықталады. Мынадай белдеулік кластарын айырады: полярлы, бореальды, суббореальды, субтропиктік.

Белдеуліктің полярлық класында таулы тундра топырақтары басым. Тайгалы зона бореальды класын 2 белдеуге бөледі  таулы күлгінді және таулы-тундралы.

Бореальды белдеудің далалы және орманды далалы зоналарында таулы -қоңыр, таулы –қара топырақ және сұр орман топырақтары қалыптасады. Бұл белдеуде таулы құба орман және таулы-шалғын топырақтар да байқалады.

Суббореальды класта жоғары ормансыз белдеуде таулы шалғынды топырақтар басым, орманды белдеуінде ормандық қоңыр топырақтар басым.

Субтропиктердің құрғақ зонасында таулы сұр топырақтар таралған, субтропиктердің ылғалды зонасында қызыл топырақтар мен сары топырақтар таралған.

Орталық Азия мен Қазақстан таулы топырақтары өте күрделі және ерекше жаралған. Бұл орта азия тауларының географиялық орналасуы мен мұхиттан өте алыс қашықтығына, климат құрғақшылығы, күрделі геологиялық құрылым, жиі үштік тұзданған шөгінділер кездесетін топырақ түзуші жыныстар әртүрлілігімен анықталады.

Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 3800 м-ден жоғары мәңгі қарлар мен мұзарттар орналасқан. Содан солтүстік беткеймен төмен түскенде мынадай топырақтық өсімдік белдеулерінен өтуге болады: 3800–2800 м альпілі және субальпілі шалғындар (жазда жайлаулар) өсетін жерде таулық-шалғынды топырақтар: 2800–2000 м – орта таулы шалғынды – орман зонасы, қылқан жапырақты аралас ормандардың (Тянь-Шань шыршасы, қайың, көктерек) күңгірт түсті таулық-ормандық терең күлгіндеу топырағы және таулық-шалғынды қара топыраққа ұқсастау топыраға: 2000–1200 м – бітік шалғынды түрлі шөптіген масақты өсімдіктер астында күңгір-сұр аздап күлгіндеу ормандық сұр және сілтісізденген қара топырақтар; 1400–800 м – тау етегінің дала зонасында әртүрлі шөптекті – масақты өсімдіктер астында орташа гумусты қара топырақтар мен күңгірт қара қоңыр топырақтар; 800–500 м тау етегінің шөл дала зонасында эфемерлі – масақты – жусанды өсімдіктер өсетін жерде ашық қара қоңыр, кәдімгі және ашық боз топырақтар дамыған. Таулық топырақтар жазғы жайылым, орман және ауыл шаруашылығында және мал шаруашылығында пайдаланылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Топырақтардың тік аймақтылығы дегеніміз не?

2. Топырақ аймақтарының инверсиясы, миграциясы, интерференциясы дегеніміз не?

3. Таулы елдерде топырақ түзілуінде қандай ерекшеліктер болады?

4. Қазақстан территориясындағы тауларда топырақтардың орналасуы қандай?


ОБСӨЖ 14
ТОПЫРАҚТАРДЫ АГРОНОМИЯЛЫҚ СИПАТТАУ
Сабақтың мақсаты: Топырақтарды агрономиялық сипаттау, агроөндірістік топтау жолдарын меңгеру.

Тапсырма:

1. Облыстық немесе аудандық топырақ картасынан топырақ типтері мен типшелерін атау, облыс (аудан) ішінде топырақтық аудандарды анықтау.

2. Шаруашылықтың топырақ картасын қолданып, алқаптар бойынша жер бедерін ескере топырақтарды тип және типшелерге топтап тізімін құру.

3. Көрсеткіштерін анықтап, топырақ картограммасын оқу.



Тапсырмаға түсініктеме.

Карталар, картограммалар мен оларға түсініктеме материалдар (талдау мәліметтері, өнімділік, топырақ түзілу жағдайлары т.б.) негізінде шаруашылық топырақтарын агрономиялық сипаттау тапсырмасын орындаудан бұрын, бұл материалдарды мына тәртіппен мұқият зерттейді:

1) Гранулометриялық құрамын, топырақ түзуші жыныстар сипаты мен ауданын көрсете барлық топырақтар қатарын құрады;

2) Топырақтарды ылғалдану жағдайы (автоморфты, жартылай гидроморфты, гидроморфты, жайылмалық) бойынша бөледі;

3) Мелиоративтік шараларды қажет ететін топырақтарды бөледі (батпақтану, тұздану, кебірлену, тастардан тазалайтын бөліктер).

Бұдан кейін топырақтарды нақты бағалауға кіріседі. Топырақтарды агрономиялық бағалау негізінде тип, типшелерге бөлумен анықталатын генетикалық ерекшеліктері бірінші кезекте болады. Тип және типше ішінде топырақтардың гранулометриялық құрамы, орта реакциясы, гумус мөлшері, қарашірікті қабат қалыңдығы әртүрлі болуы мүмкін, топырақтарды нақты агрономиялық бағалауда су-ауа, жылу және қоректік режимдерімен тығыз байланысты топырақ жағдайлары, сонымен қатар ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру ерекшеліктері ескеріледі.

Топырақтарды агрономиялық сипаттау материалдарын жүйелеуде барлық топырақ аймақтарын агрономиялық бағалауда қолданылатын жалпы топырақ қасиеттерін және жекеленген аймақтарда ғана болатын аймақтық ерекшеліктерді бөледі.

Топырақтарды агроөндірістік топтауда агрономиялық қасиеттері мен ауылшаруашылығында қолдану ерекшеліктері ұқсас топырақ түрлері мен түршелерін ірі аймақтық топтарға біріктіреді. Оны топырақ очеркінде, арнайы картограммаларда береді.

Агроөндірістік топтауды өсірілетін дақылдар ерекшеліктерін ескере топырақтарды нақты агрономиялық сипаттау негізінде жүргізеді, шаруашылықтың даму болашағы да ескеріледі. Агроөндірістік топқа ең алдымен генезисі (бір генетикалық типке, типшеге, тегке, түрге жату) ұқсас топырақтарды біріктіреді.

Топырақтарды агрономиялық сипаттау негізінде бірнеше түр немесе түршелерде бірдей болатын көрсеткіштерді анықтайды. Оларға мынадай көрсеткіштер жатады:

1) топырақтардың гранулометриялық құрамы, қалыптасуы, қарашірікті қабат қалыңдығы және топырақтардың геоморфологиялық, гидрологиялық орналасу жағдайлары негізінде қалыптасатын су-ауа және жылу қасиеттерінің ұқсас болуы;

2) қоректену режимі, сонымен қатар тыңайтқыштарды қолдану жағдайларын сипаттайтын жағдайлардың ұқсас болуы;

3) топырақтарды өңдеуді анықтайтын қасиеттер көрсеткіштерінің ұқсас болуы: байланыстылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі, қыртыс түзуі, пісу уақыты, жырту қабатының тереңдігі;

4) мелиорациялық шараларға қажеттілік, топырақтардың батпақтану дәрежесін, гранулометриялық құрамын, кебірлілігі мен кебірлер кескінінің қалыптасу ерекшеліктерін, сортаңдануын, орта реакциясын бағалау негізінде анықталады. Гидрологиялық режим мен жер бедері жағдайлары да ескеріледі;

5) Топырақ кескінінде өсімдіктер үшін зиянды заттардың болуы;

6) Эрозияға ұшырау сипаты.

Бір агроөндірістік топқа біріктірілген топырақтардың қолданылу бағыты мен дақылдарды өсірудегі агротехникалық шаралар да ұқсас болады. Агроөндірістік топтау ауылшаруашылығының практикалық сұрақтарын шешкенді топырақтарды ең тиімді қолдануға мүмкіндік туғызады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Карталар мен атластар ауылшаруашылығында қалай қолданылады?

2. Картограмма дегеніміз не?

3. Шаруашылық топырақтарын агрономиялық сипаттауда қандай материалдар қолданылады ?

4. Топырақтарды агрономиялық бағалауда бірінші кезекте қандай ерекшеліктер ескеріледі?

5. Ауылшаруашылығында қолдану ерекшеліктері ұқсас топырақ түрлері мен түршелерін ірі аймақтық топтарға қандай себептермен біріктіреді?



ОБСӨЖ 15
ТОПЫРАҚ БОНИТИРОВКАСЫ
Сабақтың мақсаты: Топырақ бонитировкасы мазмұны және міндеттерімен танысу, топырақтың бонитировкалық ұпайын есептеу әдістерін меңгеру.

Тапсырма:

1. Топырақ бонитировкасы мазмұны және міндеттерімен танысу.

2. Солтүстік Қазақстан топырақтары бонитировкалық ерекшеліктерін және негізгі бонитировкалық белгілерін анықтау.

3. Топырақтың бонитировкалық ұпайын есептеу.



Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақ бонитировкасы – бұл топырақтың сапалық белгісі құнарлылықты сандық көрсеткішпен бағалау.

Бонитировка мақсаты – бір топырақтың екінші топырақтан өз қасиеттері бойынша артық не кемдігін ұпай түрінде көрсету.

Топырақ құндылығын салыстыру, оның құнарлылығын сандық бағалау ең алдымен жер ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіргіш құрал. Сонымен қатар өз қасиеттерінің әртүрлілігімен ерекшеленетін болғандықтан қажет. Бұл маңызды жұмысты атқару үшін топырақ жайында нақты ғылыми білім, оны тиімді пайдалану үшін жердің потенциалды қорлары туралы топырақ жамылғысы туралы статистикалық мәліметтер қажет.

Мұның бәрі біздің елімізде топырақ бонитировкасын жүргізуді қажет етеді.

Топырақ бонитировкасы көрсеткіштері мыналарды анықтауға мүмкіндік тудырады.

1. Әрбір шаруашылықтың топырақ жамылғысының сапасын өндірістік мүмкіншіліктерін бағалау.

2. Әр түрлі облыстардың, аудандардың, шаруашылықтардың егістік алқаптарының сапасын салыстыру.

3. Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін қолайлы топырақтарды анықтау.

4. Топырақтық-климаттық жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығын орналастыру және мамандануының қолайлы жағдайларын анықтау.

5. Топырақ сапасының негізінде ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін жоспарлаудың ғылыми негізін қамтамасыз ету.

6. Жеке аудандардың, шаруашылықтардың, шаруашылықтық әрекетіне баға беру.

7. Шаруашылықтық әрекетке жер бөлудің тиімділігін жоғарылату

Қазақстанда топырақ бонитировкасының бірнеше әдісі ұсынылған. Ғылыми мекемелердің зерттеуімен, соның ішінде Солтүстік Қазақстан топырақтарының бонитировкасының әдістемесі жасалынған. Бұл әдістеме бойынша бағалау объектісі болып топырақ әртүрлілігінің бонитировкалық ұпайын белгілі жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігіне ықпалы жоғары қасиеттері және белгілерінің сандық көрсеткіші негізінде есептейді. Солтүстік Қазақстан топырақтары үшін ондай қасиеттер мыналар.

1. Қарашірікті қабаттың қалыңдығы А+В1 см

2. А+В1 қабатындағы қарашірік қоры т/га

3. Механикалық құрамы (А қабатындағы физикалық балшық мөлшері)

4. Топырақтың кебірлену дәрежесі

5. Карбонаттылығы

6. Тұздануы

Топырақ әртүрлілігінің бонитет ұпайын есептеу 1 таблица бойынша жүргізіледі. Таблицаға топырақ әртүрлілігін жазады. Сәйкес бағасын және олардың сандық сипаттамасын бағаланатын жер аумағының ең жақсы топырағын қарашірінді горизонты қалыңдығы бойынша А+В горизонтындағы қарашірінді қоры бойынша механикалық құрамы бойынша 100 ұпай деп алып, басқа топырақ әртүрліліктерін осыған салыстырмалы түрде есептейміз.

Мысалы. А+В1 горизонты қалыңдығы эталон топырақта 60см 100 ұпай деп бағаланады, А+В1-50см болатын топырақ әртүрлілігінің бонитет балы мынаған тең.

60 см – 100 ұпай

50 см – х х=50*100/60=83 ұпай

Осындай жолмен А+В1 горизонтындағы қарашірінді қорының т/га бонитет ұпайын есептейді. Топырақ зерттеу деректерінде қарашірінді мөлшері процент есебімен көрсетіледі, ал бонитет ұпайын оның т/га есебіндегі қорымен шығарады. т/га есебінде қарашірінді мөлшерін есептеу үшін формула қолданылады:

I=h*v*p


Мұнда: І – берілген горизонттағы т/га-мен қарашірінді қоры

һ - горизонт қалыңдығы, см

v - көлемдік массасы г/см3 осы горизонттың

р – қарашірінді мөлшері %

Қарашірінді қорын т/га жеке А горизонтына және В1 есептейді.

Механикалық құрамын бағалау топырақтағы жоғарғы горизонтындағы физикалық балшық мөлшерімен жүргізіледі. Физикалық балшық мөлшері 52% топырақ 100 ұпай деп бағаланады. Осы эталоннан (52%) физикалық балшықтың 1%-ке жоғарылауы не кемуі бағалау ұпайын 2-ге кемітеді. Мысалы: бағаланатын топырақтың А горизонтында физикалық балшық 60%, яңни эталон топырақтан 8%-ке жоғары механикалық құрамы бойынша ұпайы 100-(8*2)=84 ұпай.

Топырақтағы А горизонтында физикалық балшық 42%, яғни эталон топырақтан 10%-ке төмен ұпай саны 10-(10*2)=80 ұпай. Үш көрсеткіш бойынша топырақтың ұпай санының орташа көрсеткішін былай есептейміз. Мысалы. Горизонт қалыңдығы бойынша 100 ұпай қарашірінді мөлшері бойынша 98 ұпай механикалық құрамы бойынша 96 ұпай

100+98+96/3=98 ұпай

Кебірленуін түзету коэфициентін ендіру арқылы шығарамыз.

Сәл кебірленген түзету коэфициенті 0,9

Орташа кебірленген – 0,8

Жоғары кебірленген – 0,6

Карбонатты топырақтар үшін түзету коэфициенті 0,95

Тұзданған топырақтар үшін түзету коэфициенті төмендегідей.

Сәл тұзданған – 0,8

Орташа тұзданған – 0,6

Тұздануы жоғары – 0,3

Сорлар – 0,1

Топырақ әртүрлілігінің нақты ұпай саны орташа ұпай санын түзету коэфициентіне көбейту арқылы шығарамыз.

Ауданның, шаруашылық топырақ бүркеуін бағалау үшін мына формуланы қолданамыз.

Ворташа1Р12Р2+т.с.с./Р12+т.с.с.

Мұнда: Ворташа- топырақ бүркеуінің орташа бағалық ұпайы

В1- топырақ әртүрлілігінің бонитет ұпайы

Р1- топырақ әртүрлілігінің ауданы



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақ бонитировкалық ұпайын есептеудің мақсаты қандай?

2. Бонитет ұпайын анықтауда қандай көрсеткіштер алынады?

3. Бонитет ұпайын анықтау қандай жолмен жүргізіледі?

Н.4.02.-05

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

 

                                                  БЕКІТЕМІН



Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

Мемешов С.К.

 

 



5В080100- Агрономия  мамандығы
Топырақтану геология негіздерімен пәні бойынша
                    

Емтихан сұрақтарының

ТІЗІМІ

 

 



 

 

 



 

«01» 09 20 12 ж.    Хаттама № 1

 

 

 



 

 
  

Көкшетау, 2012


Топырақтану геология негіздерімен пәнінен



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет