Қиялды дамыту: Глоссарий АГГЛЮТИНАЦИЯ ( лат. agglutinare – қаз. желімдеу) – түбір сөздің соңынан қосымшалардың тізбектеле жалғану тәсілі. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы тәсіл арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия-танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрастырылады.Осы тәсіл ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінде үлкен орын алған.
АНАЛИЗ – талдау, айыру; талдаусыз топтау жоқ.Анализ деп ой операциясын, бүтінді бөлшекке бөлудің әдісін атайды. Талдау ой арқылы әрбір объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады. талдаудың физиологиялық негізі – мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудің өзара байланысты қызметі. Анализ – құбылыстарды жеке бөліктерге бөлу процесінен тұратын ойлау әрекетінің бір тәсілі. Талдау сияқты ойлау операциясы танымның негізі болып табылады.
СИНТЕЗ (жинақтау). Талдау нәти-жесінде айқындалған белгілер менқасиеттерді біріктіру – синтез деп аталады. Ойлаудың операциясы.Біріктірудің физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытына байланыстардың түйісіп қосылуы. Ойлау әрекетінде біріктіру(синтез) келесі талдау, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, жүйелеутәсілдері (операциялары) сияқты жиі қолданылады.
ГИПЕРБОЛА – грек сөзі, қаз. күшейту деген мағынаны білдіреді.қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде бейне ашық, мәнерлі болып шығады. Гипербола да белгілі бір бейнелердің алға шығыпайқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Мысалы, үнді мифологиясындағыкөп қолды құдайлармен, жетібастыайдаһардың бейнелері осы әдістің көмегімен құрастырылған.
Глоссарий Қолданылынған сілтемелер тізімі: