Көкшетау, 2022 жылы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесінің» мамандығының 3-курс студенті Ильяс Айдана Топ: бопмә (к)-92



бет3/7
Дата14.03.2023
өлшемі2,08 Mb.
#172451
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Портфолио.18 мектеп — копия

Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Жер мен Күн


Оқу мақсаты: Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру.
Күн — Жерге ең жақын жұлдыз.
Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол Жер бетінің негізгі жылу көзі болып табылады.
Жер мен Күн арасындағы байланыс түсіндіріледі.
Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктердің өсуіне көмектеседі. Оның қуатын күн батареяларында пайдаланады. Күн сәулесі зиянды микробтарды жойып, адамның денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Бірақ күнге ұзақ күюге, тікелей күн сәулесінің астында баскиімсіз жүруге, көзілдіріксіз күнге тура қарауға болмайды.
Күннің адам ағзасына пайдасы мен зияны туралы айтылады.
Тәжірибе Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздермен сәйкестендір.
Дескриптор
− көп нүктенің орнын тиісті сөздермен сәйкестендіреді.
Тапсырма. Жағдаяттан шығып көр.
Дескриптор
− Жағдаяттардағы сұрақтарға жауап береді.
Ойлан.
Сұрақ: Жұлдыздар неліктен күндіз көрінбейді?
Дескриптор
− Жұлдыздар неліктен күндіз көрінбейтіндігін түсіндіреді.
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру. Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіреді.
Бекіту. Сабақты бекіту тапсырмасы. Берілген сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап бер.
1.Күн – ғаламшарымызға ең жақын орналасқан сарғыш жұлдыз. (иә)
2. Күн - жұлдыз емес. Ол – ғаламшар. (жоқ)
3.Күн Жерді айнала қозғалады. (жоқ)
4. Күн Жерге жарық пен жылу береді. (иә)
5. Күннің қуатын күн батареяларында пайдаланады. (иә)
Дескриптор
− Сұрақтарға дұрыс «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Жер мен Күн арасындағы байланысты меңгергенін анықтау. Жер мен Күн арасындағы байланысты меңгергенін анықтайды.
Бағалау критерийлерін ұсыну
Кері байланыс
Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағала.
Бүгін мен көп білдім
Сабақ маған ұнады, түсіндім
Түсінбедім, менде әлі сұрақтар бар.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет