Шіліктіобасы Шығыс Қазақстанның далалық бөлігінің тамаша ескерткіші Шілікті обасы болып табылады, ол 51 үйіндіден тұратын үлкен қорымның құрамына кіреді. Басқа жерлердегі сияқты, мұнда да ұсақ обалар жоқ. Қорымның үйілген топырағының диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге дейін жетеді. Бұл — жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру кесемдерінің үлкен зираты.
Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі 1 метрдей шұңқыр қазылған. Оның ішіне балқарағайдың жуан беренелерінен шаршы қима жасалған, бөліктерінің қабырғалары екі, ал төбесі бір қатар бөренелерден тұрады; бөренелер жылжып кетпес үшін шұңқырдың қабырғал-ары мен ағаш кұрылыс арасына уатылған тас толтырылған. Қиманың бүрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде, батыс жақ қабырғасы жанында, жонылған қалық тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың жанына қойылған заттар жатты. Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз-дромос арқылы кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос бөренелермен жабылып, бүкіл құрылыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан кейін тығыз сары түсті балшықтан үйінді тұрғызылып, оның үстіне майда малта тас араласқан топырақ үйілген. Алғашқы түрінде обаның диаметрі 45 м, биіктігі
шамамен 10 м үйінді болған. Кейін бірте-бірте шөгіп, қазатын кезде оның диаметрі 66 м, ал биіктігі 6 м болды.
Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс болды және оның тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас одан 15 шақырым ен, жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың шығыс жағындағы 40 шақырым жердегі Қарағайлы орманнан тасып әкелінген. Басқа да көптеген «патша» обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы, жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп қазған, қима төбесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де, осылайша қабірдің ішіне кірген.
Тоналғанына қарамастан, обада өте бағалы заттар: ертеректегі жебелердің ассиметриялы – ромб түріндегі деп аталатын ұңғылы қола ұштарының он үші салынған былғары қорамсақтың қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтарды сәнделген, аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар /14 дана/, басы бүрулы бүркіттердің /9 дана/, шиыр-шықтала бүктетілген қабыланның /29 дана/ бедерлі мүсіндерді, жұқа қаңылтардан қиып жасалған қабандардың мүсіндері /12 дана/, балық бейнесі, перуза тас өткермеленіп, майда домалақ алтын түйіршіктермен әшекейленген, қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым ұсақ зергерлік әшекейлер бар.
Шілікті обасы б.э.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығында жатқызылады. Бұл Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі «патшалық» оба және Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал өсіруігі тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар көркем туындылар /аяқтары бүгулі бүғы, шиыршақтала бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер/ сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.
Берелкезеңі(б.д.д.V—IVғғ.) Берел кезенінде Шығыс Қазақстанның ежелгі мал өсірушілерінің мәдениеті бұдан да айқындалып, кемелдене түседі. Таулы аудандарда обалардың таспен нобайланған, жер шұңқырда ағаш қимасы бар және аттар көмілген бұрыннан белгілі тұракты түрі таралады.
Ескерткіштердің бүл түрі Шығыс Алтайдың кеңінен мәлім Пазырық обаларынан ерекше айқын көрінеді. Олар Таулы Алтайдың баска жерлерінде де, соның ішінде Шығыс Қазақстан аумағында да тараған. Олардың ішінде ең
маңыздысы Берел қорымы болып табылады; мұның атымен шартты түрде тұтас бір тарихи кезең аталған.
Үлкен Берел обасы үстірттің шетінен кетеріліп, Бұқтырма жайылмасы үстінде асқақтап тұр. Оның үйіндісін тұрғызуға кемінде 1000 м3 шамасында ірі тас кажет болғандығы есептеліп шығарылған. Тас үйіндісінің биіктігі 5 м және диаметрі 30 метр; бірақ оның бастапқы диаметрі 20 м болып, биіктігі 9 метрге жеткен. Лақыт жерден барынша тереңдете қазылған: оңтүстік жартысы 7 метрге, ал солтүстік жартысы 5,5—5,7 метрге дейін жетеді.
Шүңқырдың оңтүстік жағының кабырғасы тақтаймен тіреле қапталған. Шұңқырдың бұрыш-бұрышына ағаш бөренелерден салынып, қайын қабығымен жабылған ауыр төбесін ұстап тұру үшін жалпақ тастардан тіреуіш-бағандар тұрғызылған . Лакыттың еденінде қарағайдын жуан (диаметрі бір метрден астам) діңгегінен қақ жарып, қашап жасалған астау-саркофаг жатыр. Саркофагтың сырты қайың қабығымен қапталған, ал астаудың қақпағы қанаттары жазулы ғажайып құстардың төрт қола мүсіншелері салынып безендірілген.
Шұңқырдын солтүстік жартысында жерлеу үшін өлтірілген он алты аттың сүйектері жатыр. Он жетіншісі астау-саркофагтың жанында. Өлтірілген аттар қабық тесеніш үстіне белгілі бір тәртіппен — әр катарға төрт атган төрт қатар етіп орналастырылған да, үстінен бірнеше қабат жалпақ қабықтармен жабылған. Аттардың үстерінде әр түрлі қабықтармен әшекейлеген ер-тұрман қалдықтары мен темір ауыздыктары және жапырақша алтынмен қапталған мүсінді ағаш қаптармалары бар қайыс жүгендер сақталған.
Үлкен Берел обасының ағаштан, алтыннан және қайың кабығынан жасалған көптеген әшекейлерінің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған аңдардың немесе олардың дене мүшелерінің мүсіндері (мысык тұқымдас жыртқыштар, таутекелер, арқарлар, бүлан, зооморфтық бейнелер) мен геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бұйым-дар ерекше көрінеді.
Үлкен Берел обасына, шамасы, тайпа көсемі немесе ру ақсақалы жерленген болуы керек. Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді, бірақ жерлеу ғұрпының қауымның көптеген қатардағы мүшелерін жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ.
Қарапайым жерлеу кұрылыстары өздерінің көсемдерінің молаларын кішірейтілген түрде қайталайды. Олардың ішінде ағаш астау-саркофаг болған жоқ, орнына 3-4 қатар бөренелерден қаланған аласа қима ғана болды. Көптеген дағдылы қабірлерде солтүстік жағындағы биіктеу басқыштарға аттарды көму ғүрпы да
сақталған. Мысалы, сол Берел қорымының 2-обасында бес ат, ал үшінші обасында
- үш ат көмілген. Иелерін аттарымен қосып жерлеу Шығыс Қазақстанның басқа таулы аудандарында да белгілі.
Мұнда б.д.д.V—IV ғасырларда Ертіс бойы мен Зайсан ойдымындағы далалық көршілерінен әжептәуір өзгеше этникалық тайпалар тобы қалыптасты. Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері - ареалы Алтай және Гува аумақтарын қамтыған, пазырық үлгісіндегі мәдениеттін, етене бөлігі.
Шығыс Қазақстанның таулы аудандарының ежелгі тұрғындары көп уақытқа дейін берелдік жерлеу ғұрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шамамен б.д.д.III ғасырдың басында бір жерлерде атгы қоса кемудің тоқтатылғаның айтпағанда, қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жеткен болуы керек.
Берел кезеңінің мәдениеті ерекшеліктерінің бірі — жайпақ түпті қыш ыдыстың таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойны құсырылып жасалған және кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған көзелер. Кейбір ыдыстар кертілген жапсырмалы белдіктермен, таға тәрізді білікпен кемкерілген, тесіктермен әшекейленген. Құмыралардың бірінде қоңыр минералды боя-умен ангобтың үстіне салынған көркем сурет бар, кейбір ыдыстар ашық-қызыл түске боялған.
Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарының жерлеу ғүрпы басқаша болды. Мұнда оба үйінділері малта тас араласқан топырақтан тұрғызылды, кабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ. Усть-Буконь мен Усть-Бұқтырмада ағашпен жапқан төбені ұстап тұру үшін жер шұңқырлардың екі жағы кертпеш жар етіп қазылған.
V—IV ғасырларға тән заттар — кұрсауының шетінде сабы бар немесе сырт жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар. Қола қанжарлар азайып, олардың орнына темір қанжарлар шығады. Қанжарлар сабының ұшы түзу не сынған қайрақ түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы тұрған бастарымен безендіріледі, ал олардың сабы қанат немесе көбелек тәрізді болып жасалады. Соғыс жебелерінің ұштары бұрынғыша қоладан құйылып жасалынады және олардың тұрақты екі түрі: қысқа сапты ұш қалакты немесе қанды басы қырланып, төмен қарай созыла кертілген ұңғылы болды.
Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және киізден жасалған қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған «аң» стиліндегі енер гүлденген шағына жетеді.
Берел кезеңінің аяк кезіне таман барлық жерде коланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қыска ақинақ-семсерлер мен пышактар да темірден жасалады.