Қала санының өсуі, түрлері және топографиясы. Оңтүстік Қазақстан қалаларының санының өсуі жөнінде көптеген жазба деректерінде берілген. Егер олар бұрынғы деректерде алтау болса, осы кезде 33-ке жетті. Таулы аймақтарда
Джулшинлаг және Манкент қалалары бой көтерсе, Арыстың орталығында Vсбакент орталығы бар Кенже қаласы салынды. Фараб аймағында Отырардан басқа жаңа орталық Кедер, Весидж және Бурух қалалары пайда болды. Алғашқы деректерде ірі қалалар Сауран, Сырдарияның төменгі ағысында Сығанақ, Янгикент, Жент, Баршакент; Қаратаудың солтүстік беткейінде Баладж және Берухет; Сырдарияның ортасында – Сүткент; Шавғарда Яссы және Шағылжан, Қарнақ және Қарышұқ, Шұр /Сури/ қалалары пайда болды.
Қалалар әсіресе Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратаудың солтүстік қыраттарында жақсы дамыды. Бұл кезде рабадтар құрыла бастады. Рабадтардың санының өсуі, қалалардың территориясының кеңейгендігін көрсетеді. VІ-VІІІ ғғ. Отырардағы рабадтың көлемі 5-7 га болса, осы уақытта олар 170 га жетті. ІХ-ХІІ ғғ. Ақтөбе ІІ, Баба-Ата, Куйрух, Мардан-Күйік, Испиджаб, Бұзық және т.б. қалалардың рабадтарының саны өсе бастайды.
Қалалардың көлемінің ұлғаюы үш түрге бөлінеді. Біріншісіне, көлемі 30 га құралған қала орталықтары, жеке иеліктер, ірі қалалардың қалдықтары жатады, екіншісіне, көлемі 15-30 га орташа типтегі қалалар, үшіншісіне, көптеген қиралған қала қалдықтары.
Оңтүстік Батыс Жетісу жерінде жаңа қалалар саны өсті. Тарихи деректерге қарағанда бұрын 21 болса, енді 26-ға жетті. Талас аңғарында Джикиль, Балау, Шельджи, Тақабкет, Күл, Пеңжақ қалалары салынды. Шу аңғарында орталық Баласағұн қаласы пайда болды.
Орта ғасырда да ерте орта ғасырлардағы қалалардың құрылымы сақталды. Археологиялық қазбалар көрсеткендей ортағасырлық қалалар Таңабкет және Сус
/Ақтөбе мен Чалдовар/, сол сияқты Кеңжақ, Сенгір /Шарвашлык/ және Шельджи алғашқы әкімшілік орталықтары болған. Шу аңғарында Х-ХІІІ ғғ. Баласағұн қаласы орталық ретінде саналды. Қала санының өсуі халықтың отырықшылдыққа ауысуымен түсіндіріледі.
ІХ-ХІІІ ғғ. Солтүстік-Батыс Жетісуда мәдени орталықтары дамыған аудандар пайда болды. ІХ-Х ғғ. бұл территорияда 10 қалышық болса, осы уақытта олардың саны 70-ке жетті. Жазба деректерінде екі қала: Тальхиз /Тальхире/ және Лабан болғандығын айтады, олар Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Орта ғасырлық авторлардың айтуынша бұл жерлерде 4-6 қала болған.
Солтүстік-Шығыс Жетісудың қалаларының көбісі цитадельсіз кездеседі. Бұлар тік төртбұрышты, трапеция, дөңгелек пішіндес болып, жан-жағынан мұнырылармен қоршалған. Қалалардың қабырғаларының ұзындығы 26 м ден – 1
км-ге дейін созылып жатыр. Оларды түріне қарап, 4 топқа бөлуге болады. Оның біріншісінің құрамына 30 га жерді алатын қалалар жатады, мәдени қабаттары 2-3 метр. Қазба жұмыстары кезінде түрлі шыны бұйымдар, қыштан жасалған заттар, өндіріс қалдықтары, шлактар табылды. Бұлар ірі қалалар: Антоновское, Дунген, Шілік. Екінші Топтағы қалалар 10-30 га жерді алып жатыр, оған: Талғар, Сүмбе, Ақмола қалалары жатады. Vшінші топтағы қалаларға жоғарғы дәрежеде мәдениеті дамыған: Алматы, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан және басқа қалалар жатады. Төртінші топтағыларға көлемі 10 га жерді алып жатқан қалалар жатады. Олар көшпелілердің және жартылай көшпелілердің ауыл-шаруашылық қоныстары болған. Кейбіреулері керуен-сарайлар болған.
Қалалар құрылымының өзгеруі. Осы кездерде Оңтүстік Қазақстанның көптеген қалаларында /цитадельдеріндегі/ өзгерістер пайда болды. Құйрықтөбеге жүргізілген қазбадан оның ІХ ғ. цитаделі қайта салынғандығы байқалады. ХІ-ХІІІ ғғ. кварталдар салынды. Окус, Бұзық, Отырар жерлерінде, таулы Бұлақ- Қобал қалашықтары пайда болды. Қазба жұмыстарынан қалалардың бұрынғы жобамен салынғандығын байқауға болады. Құйрықтөбе қаласы археологиялық қазба деректеріне қарағанда, қала кварталдарына бөлінген. Кварталдағы халықтарды байлар және кедейлер деп бөлуге болмайды, олардың өзіне тән әлеуметтік бөліну және экономикалық дамуы болған. Қала құрылысындағы жаңа элементтердің бірі – мешіттердің пайда болуы. ІХ-ХІІ ғғ. жазба деректерінде қаладағы мешіттер жөнінде деректер бар . Қалада мұсылмандар аз болса, онда архитектуралық құрылыстар, яғни мешіттер аз салынған. Мұсылмандардың мешітімен бірге, ІХ-Х ғғ. Тараз бен Меркеде христиандардың шіркеулері салынған. Ал-Максиди Кедердегі мешіттер жөнінде деректер жазып қалдырған.
Мешіт қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Олардың пайда болуы екі кезеңде көрінеді. Күйдірілген кірпіштен 22х22х4-5 өлшеміндей ертеде салынған қабырғалардың қалдықтары сақталған. Кейін қайта салынған мешіттердің қабырғасының қалыңдығы 4,5 м. күйдірілген немесе шикі кірпіштен қаланған. Мешіттің ішкі қабырғалары 36,5х20,5 м. Ол оңтүстіктен батысқа, солтүстіктен шығысқа созылып жатыр. Бәрінен жақсы сақталғаны солтүстік-батыстағы күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мұнаралар. Мұнаралардың ара қашықтығы 3- тен 3,2 метрге созылған.
Құйрықтөбе жеріндегі мешіттің төбесі мен мұнараларының ара қашықтығы 3,5- 4,6 м. Қала өмірінде сауда орталығы – базарлар басты роль атқарды. Қала ішіндегі рыноктарды араб авторлары «сук» және «асвак», парсылар «базар» деген. Базарлар шахристанда және рабадтарда болған. Испиджабта ал-Истахридің айтуынша
базарлар шахристанда орналасқан, ал Ибн Хаукальдің айтуынша бұл қалаларда
«базарлар медина және рабадта да» болған.
Деректерде бұл жерлердің қалаларындағы сауда орталығына айналған базарлар бір-бірінен алшақ орналасқан болуы керек.
Х-ХІІ ғғ. Оңтүстік Қазақстанның қалаларында моншалар салынған. Моншалар ертеректе Орта Азия жерлерінде салынды. Vлкен қалаларда ондаған моншалар жұмыс істеген. Отырардың рабадтарынан ХІ-ХІІ ғғ. жататын екі моншаның орны табылған. Құрылыс толығымен сақталмаған. Моншалар құрылысы жағынан төрт бөлмеден тұрады. Олардың ішінде киім ілетін, жуынатын, демалатын бөлемелері болған. Шығысында пеш және қазандықта су тұрған. Монша ішіндегі сулар құбыр арқылы сыртқа шұңқырға құйылған.
Қамал қабырғалары VІ-VІІІ ғғ. Отырар шахристанында тұрғызылған және ІХ-Х ғғ. дейін сақталған. Олардың ұзындығы 10 м., биіктігі 4,5 м. ХІ-ХІІ ғғ. Отырардың қабырғаларын моңғолдар қиратты. Отырардың рабадтарының қабырғаларының биіктігі 1 м., ұзындығы 6,2 м. 3 қатар шикі кірпіштен тұрғызылған.
Х ғ. Баба-Атаның шахристанының қабырғалары екі қатар кірпіштен салынған. Бірінші қабатын қалдық-қоныстармен толтырылған, ал ішкі жағы кірпішпен қаланған. Мұнараның биіктігі 5,1 м., диаметрі 3,4 м., төменгі жағы 4,6 м. Мұнараның ішкі жағы үшбұрышты пішіндес, жоғарғы жағы сүйір етіп салған.
ІХ-ХІІІ ғғ. басында Оңтүстік Қазақстан қалаларында өзгерістер көріне бастайды. Онда рабадтардың құрылуы және кварталдардың көлемінің өсуімен ерекшеленеді. Көптеген қала цитадельдерінің көлемі, түрлері өзгерді. Жалпы қалаларда мешіттер және қоғамдық моншалар пайда болды.
Оңтүстік-Батыс Жетісу қалаларында да өзгешеліктер байқалады. Қызыл өзенінің цитаделінде VІІ-VІІІ ғғ. қалалық құрылыстар пайда болды. Х ғ. моншалар Отырарда рабадтарда, ал Тараз жерінде шахристандарда орналасқан. Оңтүстік- Шығыс Жетісудың кварталдарын Талғар қаласына жүргізілген қазба жұмыстарынан көруге болады. Vйлердің көлемі 3600-4000 кв.м. Талғар қаласының кварталдары Құйрықтөбенікімен салыстырғанда көлемі кең болған. Яғни, Құйрықтөбенікі 1000 кв.м. болса, Талғардікі одан 4-есе үлкен болған. Талғар қаласының саздан тұрғызылған қабырғаларының ұзындығы 7 м. биіктігі 4 м. Осы негізде қабырғалар тастан Сүмбе қаласында тұрғызылған. Олардың биіктігі 3 м., екі қабаттас, қабырғаның ортасы сазбен толтырған.
Тұрғын үйлердің салынуы және демография жағдайы. ІХ-Х ғғ. Оңтүстік Қазақстанның тұрғын үйлері бұрынғы үлгімен салынды. Х ғ. екінші жартысында
тұрғын үйлердің құрылысындағы ерекшеліктерді Құйрықтөбе қаласына жүргізілген қазба жұмысынан көруге болады. Vйлердің саны көбейіп, олар екі бөлмелі, астық сақтайтын арнайы бөлме салынған. Бөлменің қабырғаларының ұзындығы 1-1,5 м. және биіктігі 0,3-0,4 м. Есіктен кіре бергенде шаруашылықпен айналысатын, арнайы жерлері болған.
ХІ-ХІІ ғғ. үйлердің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Vйлердің санының өсуі географиялық аймаққа тікелей байланысты болды. Бұлар туралы сол кездегі жазба деректеріндегі материалдардан көруге болады. Хорезмдік Текештің грамотасында, Сырдария қалаларының тұрғындары «кедей және бай, кіші және үлкен, тәжік және түрік» деп бөлінбегендігін атап көрсетеді.
Оңтүстік-Батыс Жетісуда ІХ-ХІІІ ғғ. үйлердің жаңа жобалары құрыла бастайды. Vйлер 2-3 бөлмелі және жазда отыратын бөлек үйлерден құралған. Көбіне мұндай үйлерде тұратындар ауыл шаруашылық жағдайлармен айналысқан болуы керек. Талғар қаласынан 9 үйдің орындары қазылды. Негізінен бір бөлмелі үйлер екендігі анықталды. Есіктерінің алдының кең болуы, сол жерлерге тіпті киіз үйлерін тігіп, халықтар оны да мекен еткендігін айтуға болады. Сол кезде пайда болған бірнеше бөлмелі үйлер тастан, кірпіштен, ағаштан салынған.
Кварталдардың құрылуы және қала, ауыл үйлерінің санының артуы, сол кездегі демографиялық жағдайлардың да реттелгендігін көрсетеді. Археологиялық деректерге сүйене отырып, ірі орталық қала саналған Испиджабта 40000 адам тұрған. Кельджиденің орталық ауданы Усбакентте 7000 адам. Орталық және ірі қалалардағы халық 4000 –нан – 10000 адам болса, Отырарда 16000 халық тұрған. Орташа қалаларда 1500-3000 адам болған. Оңтүстік Қазақстанның бүкіл қалаларындағы халық 150000-160000 адам есебімен есептелген.
Жалпы есеп бойынша Шу және Талас аңғарларындағы халық саны 100000 адам. ХІ-ХІІІ ғғ. басында Іле аңғарларында 35000 адам болған. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалаларының халықтары Орта Азия, Ташкент, Мервпен сәйкес келген.
Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығының дамуы. Қала санының өсуі, территориялардың кеңеюі қолөнер мен сауданың дамуына ықпалын тигізді. Археологиялық қазба жұмысы кезінде ХІ-ХІІ ғғ. жататын шеберханалар табылды. Бұл кезде қолөнершілер бір өндіріске біріккен еді. Көптеген шыныдан жасалған заттар Х ғ. жатады. Осы кездерде шыныдан ыдыс-аяқтар жасалған. Табылған заттарға қарағанда, сол кездегі орта ғасырлық қалалардағы шыны өндірісі жоғарғы деңгейде дамығандағын көрсетеді. Шыныдан ыдыстар жасаумен қатар, терезенің шыныларын да жасаған. Қала қолөнершілерінің ортасында ұсталық істер де жақсы дамыған. Қаланың ұсталары жеке кварталдарға бірікті. Темірді балқытып, одан
көптеген заттар жасаған. Шеберханалардың болғандығы жөнінде материалдар өте аз сақталған. Қазба жұмыстары кезінде табылған Алматының шеберханаларының ішкі жағының диаметрі екі метр, соның ішінде шеберхана заттары, сол сияқты су сақтайтын 4 құмыра табылған.
Орта ғасырда мыс өндірісі де жақсы дамыды. Мыс пен полиметалл өндіру Қаратау, Қырғыз, Іле Алатауы және Талас Алатауы жерлерінде дамыған. Зерттеушілердің айтуынша, мыс өндіру шаруашылықтың бір түрі болған. Мыс пен қалайының қосындысын – қола деп атайды. Осы қаладан қолөнершілер ыдыс- аяқтар, шамның астына қоятындар, зергерлік заттар жасаған. Сонымен қатар, қолөнерші шеберлер бағалы металл өндіруді игерген. Одан әр түрлі әшекей заттарын жасаған.
Зерттеушілердің айтуынша ІХ-ХІІІ ғғ. Жетісу жерлерінде күміс өндіру кең тараған. Күмістен ыдыстар және түрлі әшекей заттарын жасаған. Қоладан, күмістен, алтыннан браслеттер, сырғалар жасаған. Зергелік заттардың ішінде, Х-ХІ ғғ. жататын Шымкент жерінен табылған күміс браслет. Әшекей бұйымдарының көбі ХІІІ ғ. Жетісу жерінде жасалған. Оның ішінде моншақтар шыныдан және әр түрлі тастардан – агата, хрусталь, лазурит, яшма, кораллдан жасалған. Осылармен қатар мал өнімдерін өндіру кең орын алды. Тері өңдеу, жүн иіру жақсы дамыған. Бірақ, олар сақталмаған. Сол кездерде, жануарлардың сүйектерінен садақтың оғын, түймелер, шахматтың бейнелері жасалған.
ІХ-ХІІІ ғғ. Батыс пен Шығыста Ұлы Жібек жолы басты роль атқарды. Бұл жол Испиджабтан, Тараз, Құлан, Жаңакент, Баласағұн, одан әрі Бедель және Ақсу, Шығыс Түркістан жеріне барған. Тараздан Бешташ және Кугарт арқылы Ферғанаға, ал Адахлес және Дех-Нуджикес қалалары арқылы қимақ жерлеріне барды. Осы жерлермен жібек тиелген сауда керуендері Енисейге жетті.
Испиджабтағы керуендер Усбакент, Кедер, Сығанақ арқылы Янгикентке барды. Усбакент, Кедер және Сығанақ арқылы Қаратаудың солтүстік бетнейлеріне
– Баладжу, Созаққа, осы жерлермен Бетпақ-Дала, Дешті-Қыпшақ жеріне барды. Янгикент жерінен Сарысу, Ұлытау, Есіл және Ертіс арқылы қимақтар жеріне жетті.
Х ғ. керуендер Іле аңғарларымен өтеді. Қордай, Қостек, Санташ арқылы келген керуен жолдары Тальхизде бөлінеді. Сол жерден Оңтүстік Іле арқылы Есік, Шілік арқылы Кеген, Шығыс Түркістан жеріне барған. Екінші бағыты Шіліктен Сүмбе және Алмалыққа барған. Солтсүстік Іле арқылы Жақсылық, Тамғалы-тас, Екі өгіз және Қаялық арқылы Алакөл жағалауына, Алмалық, Тарбағатай, Ертістен қимақ жеріне барған. Солтүстік және Оңтүстік жолдар Шілік, Борохудзир, Іле арқылы Көктал, Өсек, Хоргас даласы арқылы Алмалыққа тірелді.
Ірі сауда орталықтары Оңтүстік Қазақстандағы, Испиджаб, Кедер, Отырар, Янгикент, Оңтүстік-Батыста Тараз және Баласағұн, Солтүстік-Батыс Жетісуда Талғар және Қаялық жатады. Испиджаб жерлерінде жабық базарлар болған. Ал – Макдиемдің айтуынша, рабадтар керуен-сарайлардың рөлін атқарған. Сол кездегі, Испиджабтағы саудагерлер Бағдадқа товарларымен Харба рабады арқылы /керуен- сарайлардың рөлін атқарған/. Бухара және Хорезм саудагерлерімен бірге барған. Х ғ. Отырар туралы деректерде, «Фараб-бай өлке, оның басты қаласы көпестер жиналған Кедер» - делінеді.
Сырдарияның төменгі саласындағы ірі сауда орталықтары болып Янгикент саналады, себебі ол жерлерде Хорезмдік көпестер шығырланған.
Транзитті сауда орталығы – Тараз қаласы. Деректерде: «мұсылмандық түріктердің сауда орталықтары», және «көпестер қаласы» деп аталған. Жетісудан Тараз арқылы күмісті өткізді, себебі ол Талас аңғарларында өндірілетін. Шельджи, Тахабкат, Кул күміс өндіретін орталық болды. Іле аңғарларында ірі сауда орталығы Талғар және Қоялық қаласы болды. Халықаралық сауда жағдайларын Талғар қаласынан табылған заттардан көруге болады. Бұл жерлерден өрнектеліп жасалған Қытайдың фарфор және мыстан жасалған ыдыстары табылған. ХІІ-ХІІІ ғғ. мыстан Иранда көптеген заттар жасаған.
ІХ-ХІІІ ғғ. қала және оның аймағындағы сауда қатынастары кеңейе түсті. Орта ғасырлық қалаларды сипаттағанда, авторлар бәрінен бүрын рыноктардың болғандығын жазған еді. Қалаға ауылдық аймақтардан астық, жеміс, ет әкелінген. Ол жердің халықтары қала қолөнершілерінен керамика, шыны, әшекей заттарды алған.
Қала халқы ауыл тұрғындарымен сауда жасасу өте қажет еді. Ол екі жаққа да тиімді болды. Сельджуктардың құжаттарында: «Көшпенділердің тауарлары отырықшы халық өмірінде басты роль атқарады» делінген. Сауда жәрмеңкелері көшпелілермен шекаралас қалаларда Сауран, Янгикент, Дех-Нуджикесте дамыған. Дех-Нуджикес арқылы Испиджабқа мал өнімдері әкелінген. Сауран қаласы оғыздардың сауда орталығы саналды, оғыздар сонымен қатар Баладж және Берукет қалаларында сауда жасады. Олар Янгикент арқылы Хорезммен де сауда жасасты. Сол сияқты Қазақстан, Поволжье, хазарлармен сауда жағдайларын орнатты. Қала халқы мал өнімдерін, аттар, шикі тері, жүн, кигізді алып тұрған. Ал Макдиендің айтуынша, «Шаштан жоғары сортты садақтың оқтары. Ферғанадан және Испиджабтан ақ маталар, қару-жарақ, қалыш әкелінді, Тараздан ешкінің терілері, Шельджиден күміс, ал Түркістаннан жылқы малы әкелді» дейді. Әсіресе, түріктердің жылқысы, қойы жоғары бағаланған. Истахрийдің айтуынша,
«Хорасанға қойлар әкелінді, ал етті елдің сұранысы бойынша Мавераннахрдағы оғыз және қарлұқтар өндірген».
Металл өндіру Орталық Қазақстан даласында жақсы дамыған. Ал-Идриси қимақтардың темір, күміс, алтын өндіргенін айтқан.
Товар айырбастаудың арқасында, ІХ-ХІІІ ғғ. тауар-ақша қатынастары орнайды. Испиджабта ХІ ғ. І-жартысында монеталар жасалған, ал 1967 ж. Самарқанд жерінен 222-232 жж. жататын саманидтіктердің монеталары табылды. Осындай көптеген монеталар Отырар және Құйрықтөбе жерлерінен де табылған.
ХІ ғ. 20 ж. соңында Мавераннахрда дирхемдердің сапасы төмендей бастады. Монеталардың құрамындағы күмістің саны 20%-ке дейін азайды. ХІ ғ. соңында:
«күміс дағдарысы» бүкіл аймақты қамтиды. ХІ-ХІІ ғғ. алтын ақшалар шығарыла бастады.
Қала халқының санының өсуі, ауыл шаруашылық өнімдерге сұранысты көбейтті. Оңтүстік Қазақстан және Оңтүстік-Батыс Жетісудың суармалы жерлері тарылды.
Х-ХІІ ғғ. Іле өзенінің төменгі жағалауындағы суару жүйелері тартыла бастайды. Халықтар жүзім өсіру, үй жануарларын өсіруімен айналысты. Жүзімнің дәндері төменгі Барысханда, Қызыл өзен қаланығында, Ақтөбеден табылған. Vй шаруашылығымен айналысушылар жылқы, қой, сиыр тұратын қоралар салған.
Қала мәдениетінің дамуына діннің ықпалы, осы кезде Орта Азия мен Таяу Шығыс арқылы жақындай түсті. Бұл халифат құрамындағы бүкіл халықтарға ортақ мәдениеттің пайда болуына әкелді. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу бұл жағдайлардан тысқары қалмады. Орталық Сырдария, Жетісу халифат құрамына кірмесе де, исламдану процесі қарқынды дамып, олардағы саяси, экономикалық, мәдени қатынастар Саманид және Қарахан мемлекеттеріне енді. Бұл кездерде қалалардың жағдайлары өзгерді.
Қала мәдениетінің дамуында басты рөльді – ислам діні атқарды. Деректерде VІІІ ғ. соңы- ІХ ғ. ортасында Оңтүстік Қазақстан исламданғандығы жазылған. 840 ж. Нух Ибн Асад Испиджаб қаласын қалпына келтірді, ал оның ағасы Ахмед Ибн Асад Шавғар қаласында исламды насихаттады.
766 ж. қарлұқтар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды басып алса да, оларға исламдық мәдениет өз әсерін тигізді. Халиф Махди тұсында олардың жартысы ислам дініне кірді, 893 ж. Исмаил ибн Ахмад Тараз қаласын алып, «басты шіркеуді мешітке айналдырды». Х ғ. басында қарахандар әулетінің басшысы Сатук ислам
дінін қабылдаса, Богра хан Харун Муса 960 ж. исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Мұсылмандану қалаларда жүрді. Ибн Хардарбек мұсылмандардың басты қаласы Фараб – десе, Ибн Хаукаль Фараб, Кендже, Шаш аралығындағы көшпелі түріктердің мұсылман болғандығын айтқан. Оңтүстік Қазақстан және Жетісуның Х ғ. соңында қалаларын айта келе, ал-Макдиси қаланың ең негізгі құрылысы – мешіт болғандығын айтты. Х ғ. жергілікті халық мұсылманша жерлене бастады.
Исламның келуі, тілдік қатынастарға да өз әсерін тигізді. Сонымен қатар халықтың діни санасын қалыптастырды. Сол сияқты қала халқының ішінде, әлі де болса ескі діни көзқарастар қалыптасты. Сонымен қатар, исламның дамуына қарымастан, Жетісуда зороастризм, христиан, буддизм сақталды. Халық ортасында шаман және түріктердің сенімдері кең таралды. Олардың барлығын археологиялық қазба жұмыстарынан көреміз.
Ертедегі діни наным-сенімдердің сақталуына қарамастан қала мәдениетінің дамуына ІХ-ХІІІ ғғ. басында ислам діні өз әсерін тигізді.