Көкшетау ббк 3. И 27


ХІІІ-ХV ғғ. І-жартысында Қазақстанның қала мәдениеті



бет45/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
археология

ХІІІ-ХV ғғ. І-жартысында Қазақстанның қала мәдениеті


Қала санының азаюы, Жетісу қалалардың мәдени жағдайының құлдырауы. ХІІІ-ХІV ғғ. І-жарт. Оңтүстік Қазақстанның қалалар саны 22 болса, ХІV ғ. ІІ-жарт.
– ХV ғ. І-жарт. 16 қалаға дейін азайды. ХІІІ ғ. Талас Алатауының бөктеріндегі қалалардың жағдайлары құлдырап, Сайрам қаласы ғана қалды. Арыс өзенінің орта тұсында Шартөбе, Кенже, Отырар даласында – Құйрықтөбе, Шілік, Зернук, бұрынғы Бурух және Весидж қалалары қалды.
Сырдарияның орта тұсындағы аймақтарда қалалар жақсы дами бастады. Бұл жерде қала орталығы Яссы, яғни бұрынғы Шавғар қаласы бой көтерді. Сол сияқты қайта бой көтерген Қарашық, Қарнақ, Шаға, Икан қалалары болды, Сауран бұрынғы атауымен қалды. Сырдың солтүстік жағалауындағы Артық-Ата қаласы құлдырады, оның сонында жаңа қала Бозук пайда болды. Шаш қаласымен шекаралас жерде Суткент қаласы дамуын жалғастырды. Сол сияқты Сығанақ және Ашынас, Узкент және Баршыкент қалалары жазба деректерден белгілі.
Қаратаудың солтүстік жанындағы қалалар Паркент, Сугулкент, Кумкент, Уросоган, Созак деректерде кездеседі. Деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан атақты қалалары ХІV ғ. ортасында азайды. /Көбісі тарих бетінен жойылып, орнына жаңа қалалар пайда болды/. ХV ғ. ортасында қала саны азайып қана қоймай, олардың территориясы ықшамдалды. Тіпті ХІІІ-ХV ғғ. І-жартысында қала территориясын анықтау археологиялық қазбаларда қиындықтар тудырады.
Сонымен, Құйрықтөбе қаласының көлемі 30-дан 8-ге дейін кішірейсе. Бұзық-Шілік 17,7-ден – 12,7-ға дейін, Кумкент 113-тен – 23,5 га, Баба-Ата 20-дан – 12,6-ға, Қарашық қаласы 2-есе, ал Сүткент қаласының көлемі қысқартылған.
Бірақ, Масуд-бектің реформаларынан кейін Отырар, Кенже, Сайрам, Сығанақ қалаларының жағдайын көтеру үшін ақша-сауда реформасын жасады. Археологиялық деректерге байланысты ХІІІ ғ. аяғында моңғол жаулап алушылығымен кейін қалалар өмірінің құлдырауына қарамастан, қалалар қайта қалпына келтіріп, осы уақытта ірі саяси /Сауран, Сығанақ/ және сауда – экономикалық орталықтарға /Отырар, Кенже/ айналды. Оңтүстік-Батыс Жетісуда жазба және археологиялық деректерде қала мәдениетінің төменгі жағдайда болғаны белгілі. Бұл жерде ХІІІ ғ. 27 қаладан – 10 қала, ХІV ғ. жетеу, ал ХV ғ. бесеу болды. Қалашықтар саны 40-тан 14-ке дейін, кейін 10-нан 4-ке жеткен.
ХІІІ ғ. І-жартысында Солтүстік-Шығыс Жетісу туралы деректерден Талхиз
/Тальхир/ және Лабан қалалары көрінбейді. Рубруктың айтуынша, Лепсі қалышықтары және Көктұма қалалары болған. Гайтонның көрсетуінше Vш-Арал жеріндегі Иланбалық қаласы бірінші аталған.
Сонымен археологиялық материалдар ХІV ғ. басында Солтүстік-Шығыс Жетісудағы қала мәдениетінің құлдырағандығын көрсетеді.
Қала құрылымы, жаңа үй-жайлардың пайда болуы. Қала құрылымы, кварталдардың, қауымдық құрылымдар, жаңа үйлердің пайда болуы жөніндегі материалдарды Отырар және Бұзық қалаларының археологиялық қазбаларынан көрінеді. ХІІІ-ХV ғғ. І-жартысында Қазақстан қалаларының негізгі бөлігінің біріортағасырлық моншалар болып саналды. Оның ішінде ХІІІ-ХV ғғ. басына жататын монша Отырар жерінен қазылды. Ол ХІ-ХІІ ғғ. моншадан. Ол батыс- оңтүстік жақта 200 м. жерде салынған. Моншаның құрылымы бұрынғыдай, бірақ есігі оңтүстік-батыстан емес, оңтүстік-шығыстан шығарылған. Моншаның ішкі қабырғаларының өлшемі 13,5х16,5 м. Орталық залының сол кездегі көлемі 22 кв.м., қалғандары, яғни су тұратын бөлмеден басқаларының көлемі 7,2 кв.м. болған.
Монша 10 бөлмеден, оған шешінетін, яғни киім ілетін /люнги-хана/, орталық зал екі бөлемлі, пар және массаж бөлемелері, жуынатын бөлме «иссык хана»
/ыстық/ және «саук-хана» /суық/ турады. Сулары су қоймаларынан жер құбыры арқылы келген.
Отырар қаласының моншасы дәл осындай түрде жасалған және оның еденінің астында ыстық, яғни жылу шығаратын құбырлар орналасқан.
Қала бекінісі. Деректер бойынша, моңғолдар қалаларды басып алғаннан кейін, оның бекіністерін қиратқан. Олар Отырар, Сығанақ және Ашынас қалаларының цитадельдерін және қала қабырғаларын қиратқан. Жаңа қала қабырғасы Отырарда ХІІІ ғ. соңы- ХІV ғ. салынған, оның ені 4,8 м., сақталған биіктігі сыртынан 2 м., ішінен – 3,2 м. болған. Жалпы биіктігі қабырғаның 2-ден 3,5 м. Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс бұрыштарында жартылай домалақ мұнаралар орналастырылған. Ең жоғарғы биіктігі 6,10 м. Отырардың жаңа қабырғасының қалануы ХІІІ ғ. соңында жошы және шағатайлықтардың Сырдария қалалары үшін күресі кезінде салынады. Отырар және басқа қалалардың қабырғаларының салынуы шағатайлықтармен байланысты. Бұл уақыт қала экономикасының көтерілу кезеңіне келеді.
ХІІІ ғ. ІІ-жарт. – ХІV ғ. І-жартысында жаңа үй-жайлардың түрі қалыптаса бастайды. Олар екі және үш бөлмелі бір қатарда орналасқан. Екінші түрдегі үйлер төрт бөлмелі болған. Vйлер квадрат түрінде жасалып, қоймалар сол жағында орналасқан. Vшінші түрдегі үйлер 2 немесе одан да көп секциялардан тұрған. Оның әрбіреуінде 2 немесе 3 бөлмеден тұрған.
Сонымен, ХІІІ ғ. І-жарт. – ХV ғ. жаңа үйлердің түрі қалыптасты. Олар анфиладты және крест түріндегі жобамен салынған. Осы екі түрлі үйлердің пайда болуы ХІ ғ. түрік этносының қалыптасуымен байланысты.
Қалалардың қызметі. Орта Азия және Қазақстанның орта ғасырлық қалаларындағы қолөнердің дамуы жөніндегі жазба деректері аз сақталған. Оның негізгі ұсақ қолөнершілер және өнім өндірушілер болған. Ұсақ өндіріспен қатар табиғи өнімдерді өңдеу кең орын алған. Отырар қазбаларынан қала орталықтарында қолөнер өндірісінің болғандығы анықталған. Отырар жеріндегі мәліметтер алғашқыда жеке товар өндірушілердің шеберханалары өз үйлерінде болғандығын дәлелдейді. Шеберханалардың кеңеюі, пеш санының артуы онда көптеген адамдардың жұмыс істегендігін көрсетеді.
Алғашқы өнеркәсіп жөнінде Орта Азиядағы ХІV-ХV ғғ. деректерде жазылған. Бірақ, А.Ю.Якубовскийдің айтуынша, Орта Азияның бірнеше қолөнершілері Х ғ. бір өндіріске біріккен. Отырар шеберханаларындағы қазбалардан қолөнершілердің біріккендігін көруге болады.
Өндіріс орындарында кірпіш күйдіретін пештардың болуы, құрылыс жұмыстарының жүргендігін көрсетеді. Моңғолдар және олардан кейінгі уақытта жергілікті жерлерде шыны өндірісі қалыптасты. Жаңа жылы өндіріс орталықтары Орта Азияда қалыптасты, солардың бірі Отырар қаласы болды. Отырар жерінен мыс және қоладан жасалған түрлі заттар табылды. ХІІІ ғ. 60-ж. жататын зергерлік
бұйымдар, күмістен жасалған әшекей заттар табылды, оны Оңтүстік Қазақстан қаласының қолөнершілері жасаған. Осыған ұқсас заттар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу және Орталық Азияның солтүстік аудандарынан табылған. Олар көптеген бағалы тастарды пайдаланған.
Бұрынғысынша қалаларда шынылардан әр түрлі рең беретін көкшіл, қызыл, сары, қоңыр түсті ыдыстар жасалып, олардың шеттерін өрнектеген. Шыныдан сол сияқты браслеттер, моншақтар, басқада әшекей заттарын жасаған. Қазақстан қалаларында сүйектен көптеген пышақтардан сабтарын, түймелер жасаған. Оған жылқы, сиырдың сүйектері, сол сияқты арқар, бұғы, еліктің мүйіздері кеңінен пайдаланылған.
Сауда және керуен жолдары. Моңғол шапқыншылықтары қала және аудандардағы сауданың дамуына кері әсерін тигізді. Бірақ, халықаралық және дипломатиялық жағдайлар сақталып, бұрынғысынша Қытай, Моңғолия және Шығыс Түркістан Орталық Азиямен, Орталық және Таяу Шығыспен керуен жағдайлары Жетісу арқылы өтіп жатты. Басты дипломатиялық және керуен жолдары Европа мен Азияны жалғады. Ол оңтүстік орыс даласы арқылы, Поволжье, Орал, Хорезм және Жетісу одан әрі Алмалық және Моңғолияға барды. Осы жолдармен Плано Карпини және Вильгельм Рубрук өткен.
Монке ханның өліміне байланысты, Алтын Орда хандары арасында өзара соғыс басталды. Орталық Азия мен Жетісу өте қауіпті аймаққа айналды. Тек ХІV ғ. 20-30 жж. моңғол басшылары кезінде халықаралық сауда қайта қалпына келтірілді. Саудагерлер және миссионерлер бұрынғысынша Кафтан Тенте, Ескі және Жаңа Сарай, Үргеніш, Отырар, Алмалық және Ханбалық қалаларына саяхат жасаған, Балдуч Пегалоттың айтуынша /1340 ж./ бұл жол 230 күнге созылған. Халықаралық саудада Батыстан жібек және әсемдік заттар әкелген.
Пегалоттидің айтуынша Орта Азия және Қытайдан жібек, алтын парча, мақта- маталар, қағаз, күріш, кепкен жеміс, қыш, фаянс, фарфор сатып алған. Осы алынған заттардың көбі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жеріне апарылған. Мысалы, Отырардағы күміс қоймадан Алмалық, Элмель, Пула, Женд, Қырым, Сива монеталары табылған. ХІІІ ғ. күміс құймалар, алтын заттар, әшекей бұйымдар Орта Азиядан Шығыс Түркістанға, Поволжье, Кіші Азияға апарылған.
Халықаралық саудамен қатар ішкі сауда қатынастары да қалыптасты. Шағатайлықтардың ақша қатынастары үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі ХІІІ ғ. ортасында моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуы. Екінші кезеңі алтын монеталардың шығарылуы, кешікпей мыс және күміс жасатылған дирхемдердің шығарылуы. Сол кезде Бұхара, Самарқанд, Ходжент және Отырардың өз
монеталары шығарылды. Осы кезде ақша қатынастарының дамып Отырардан 649 ж. - /1251-1252 жж./ 662 ж. /1263-1264 жж./ шыққан күміс және мыс дирхемдер жалғыз қаланы ғана емес, Оңтүстік Қазақстан аудандарын, Ташкент, Ферғанада басты рөл атқарды. Vшінші кезең Масуд-бектің ақша реформасын жүргізген кезеңі 670 ж. /1271-1272 жж./. ХІІІ ғ. ақша шығаратын 15 қалалар болған, олар Отырар, Тараз, Кенже, Женд т.б. қалалар болған. Нумизматикалық зерттеулер бойынша Оңтүстік Қазақстан және Талас оңірлерінде ақша қатынастары жақсы дамыған. 1321 ж. Кебек хан жаңа күміс «кебек» монеталарын шығарды. Онда да бұрынғысынша Отырар, Тараз және Кенже қалалары басты рөл атқарды.
Оңтүстік Қазақстан қалаларының экономикалық және мәдени өмірінің өркендеуін, олардың Тимур империясының қол астына қарап, ХІV ғ. соңы – ХV ғ. басында көптеген мыс монеталар Самарқанд, Бұхарада жасалуынан көреміз.
Егіншіліктің құлдырауы. Моңғол шапқыншылығы ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Дегенмен ақырындап Оңтүстік Қазақстан шаруашылығы дами бастайды. ХІІІ-ХV ғғ. Сығанақ, Сырдария солтүстігі, Отырардағы жағдайлар реттеле бастайды. Магистральді каналдар ХІІІ-ХІV ғғ. Арыстан Отырар – Құйрықтөбе, - Алтынтөбе және Күйік – Мардан арқылы жұргенмен, таулы аймақтағы Түркістан, Сауран, Аркук, Аққорған, Созақ жерлерінде Іле алқабында ХІІІ ғ. ортасында құлдырайды. Ауылдардың қиратылуы, бау-бақшаның жойылуы Іле алқабында ХІІІ ғ. егіншіліктен мал шаруашылығына көшті.
Оңтүстік Батыс Жетісу жерінде де жағдайлар осындай болды. Өзара соғыс, билік үшін талас, қалалардың қиратылуы ХІІІ ғ. ортасында жер иелену мәдениетінің құлдырауына әкелді. ХІV ғ. географ аль Омари: «Қаланың, бау- бақшаның гүлденген орталықтары қиратылды. Бүкіл тұрғындар-көшпелілер жер иеленумен айналыспайды» - делінген.
Қала мәдениеті. Моңғолдардың жорықтарына қарамастан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аймақтарының қала мәдениеті даму үстінде болды. Осы кездерде архитектурада, құрылыстарда өзгешіліктер байқалады.
ХV ғ. басында Ахмед Яссауи мавзолейі салынды. ХV ғ. салынған атақты, бірақ қираған Сығанақтағы Көк-Кесене, ХІV ғ. соңы – ХV ғ. басындағы Отырарға жақын жердегі Арслан-Баб мавзолейлері жөндеуден өтті.
Мешіт, медресе, мавзолейлардың салынуы мұсылмандықтың дамығандығын көрсетеді. ХІІІ-ХІV ғғ. соңында мұсылманша жерлеу пайда болды.
Мұсылман дінінің тарауына байланысты, оны тарату жолында сопылар басты рөл атқарған.
Үй құрылыстарында, басқада құрылыстарда жаңа үлгіде салу қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет