Резистенттілігі. Стафилококктар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан, санитарлық микробиологияда олар ауаның санитарлық көрсеткіш микроорганизмі болып табылады. Стафилококктар кептіруге тұрақты, осы жағдайда вируленттілік қасиеттерін жоймайды, құрғақ ыстық әсерінен екі сағаттан соң жойылады, таза этанолға да тұрақты. Басқа антисептиктер және дезинфекциялық ерітінділердің әсеріне сезімтал келеді. Стафилококктар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді. Олардың негізгі себептері плазмидалар қадағалайтын бетта-лактамазаның түзілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |