Антигендік қасиеті. Стафилококктардың антигендік құрылымы өте күрделі және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан, тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі. Тїрлік арнайы антигені тейхой қышқылдарымен байланысты: S.аиrеиs-те -рибитолтейхой қышқылы, S.ерdеrтedialis-те - глицеролтейхой қышқылы, S.sарrорhуtісиs-та тейхой қышқылының екі түрі де анықталады. А протейін ІgG молекуласының Fс фрагментімен тығыз байланысады. Иммундыглобулиннің Fаb фрагменті бос болып келеді және спецификалық антигенмен байланысуы мүмкін. Осыған байланысты А протеин диагностикалық әдісте (коаглютинация) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |