Коктар морфологиясы ұқсас микробтардың өте үлкен тобын қүрайды: коктардың пішіндері шар тәрізді болып келеді


Стафилококктар, Staphilococcus aureus, Staphilococcus albus



бет4/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
кокк

Стафилококктар, Staphilococcus aureus, Staphilococcus albus

Дақылдандыру. Стафилококктар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Аэробты жағдайда өсіргенде амин қышқылдар және витаминдерді, анаэробты жағдайда - қосымша урацил және көмірсуларды қажет етеді. Жоғары осмостық қысымға төзімді, соған байланысты стафилококктар ќұрамында тұздың жоғары концентрациясы бар элективті қоректік орта - сарыуызды - тұзды агар немесе сүтті -тұзды агарда өсе алады. Сарыуызды - тұзды агарда бұлыңғыр, айнала - шеті тегіс, домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген (сарғыш, сары, қызыл - сары түсті) колониялар түзеді. Колониялардың түсі липохромды пигментпен байланысты, оттегі бар жағдайда түзіледі, қан, көмірсулар немесе сүт қосылған қорекітік орталарда айқын белгіленеді. Пигменттің таксономиялық маңызы жоқ. Құрамында 8-10% КаСІ бар ортада жақсы өседі. Сондықтан сарыуызды - тұзды агарда лецитовителлаза ферменттің түзілуіне байланысты колониялар айналасында тәж тәрізді сақина орналасады. Қанды агарда колониялар айналасында гемолиз аймаєы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет