Stарhуlососсus туыстастығының 3 түрі кездеседі. S.аurеus, S.еріdеrmіdіs, S.sарrорhуtісus. Соңғы кезде ұсынылған жіктеуде стафилококктардың көптеген түрлері бар - S.hаеmolyticus, S.hоmіnіs, S.warneri, S.capitis, S.cscchsrolyticus, S.pasteuri, алайда олар тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданылады. Стафилококктар (StарһуІососсus туыстастығы) Морфологиясы. Стафилококктардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді . Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі, Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глицеролтейхой қышқылдары және А протенімен байланысқан жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседі. .S,aureus -тің А ақуызы адамның және көптеген сүтқоректі жануарлардың IgG Fс-фрагментімен байланысады. Көптеген стафилококктар беткей орналасқан капсула түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |