Морфологиясы. Стафилококктардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді . Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі, Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глицеролтейхой қышқылдары және А протенімен байланысқан жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседі. .S,aureus -тің А ақуызы адамның және көптеген сүтқоректі жануарлардың IgG Fс-фрагментімен байланысады. Көптеген стафилококктар беткей орналасқан капсула түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |