2 Жүргізуші:
-Сайыстың шарықтау сәті деп осы кезеңімізді атауға болады. «Қыздың көркі – шаш» демекші, қос бұрым етіп арқасына өрілген сүмбіл шаш ару кез келген адамның назарын өзіне аударады. Күнделікті өмірде шашты күтіп, оны тарап, әдемілеп жинаудың өзі – өнер. Сайыстың осы кезеңінде қыздар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасаулары тиіс.
1 Жүргізуші:
-Сауданың қозғаушы күші саналатын жарнаманы қызықты жасаудың өзі адамнан режиссерлік талантты, актерлік шеберлікті талап етеді. Сайыстың осы бір күрделі кезеңінде арулар өздерінің қарым-қабілетін барынша ашулары қажет.
2 Жүргізуші:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан, – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1 Жүргізуші:
Жас ару алынбаған асуларсың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Күш-қайратың әрқашанда тасқындасың.
Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, – дей келе қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамыз.
(Жеңіске жеткен арулар марапатталады)
2 Жүргізуші:
-Сонымен, сайысымыз аяқталды. Келесі кездесенше сау-саламат болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |