Көктем аруы сценарий 2020ж Күні



бет4/4
Дата25.04.2020
өлшемі48,8 Kb.
#64632
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
Көктем аруы сценарий
Көктем аруы сценарий
2 Жүргізуші:

-Сайыстың шарықтау сәті деп осы кезеңімізді атауға болады. «Қыздың көркі – шаш» демекші, қос бұрым етіп арқасына өрілген сүмбіл шаш ару кез келген адамның назарын өзіне аударады. Күнделікті өмірде  шашты күтіп, оны тарап, әдемілеп жинаудың өзі – өнер. Сайыстың осы кезеңінде қыздар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасаулары тиіс.



 

1 Жүргізуші:

-Сауданың қозғаушы күші  саналатын жарнаманы қызықты жасаудың өзі адамнан режиссерлік талантты, актерлік шеберлікті талап етеді. Сайыстың осы бір күрделі кезеңінде арулар өздерінің қарым-қабілетін барынша ашулары қажет.



2 Жүргізуші:

Дауысың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан, – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.


1 Жүргізуші:

Жас ару алынбаған асуларсың,

Бүгінгі мерекеде тасудасың.

Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,

Күш-қайратың әрқашанда тасқындасың.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,



Қуантады өзіңді танытқаның, – дей келе қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамыз.

(Жеңіске жеткен арулар марапатталады)

2 Жүргізуші:

-Сонымен, сайысымыз аяқталды. Келесі кездесенше сау-саламат болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет