Көктем аруы сценарий 2020ж Күні


Формасы: кешкілік Әдіс –тәсілдер



бет2/4
Дата25.04.2020
өлшемі48,8 Kb.
#64632
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
Көктем аруы сценарий
Көктем аруы сценарий
Формасы: кешкілік

Әдіс –тәсілдер: : Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, , мадақтау, тәрбиелік жағдаяттар

Қолданылған көрнекі құралдар: шарлар, плакаттар, лед экран

1 Жүргізуші:

-Армысыздар, ұстаздар, қонақтар!



 

2 Жүргізуші:

-Бармысыздар, оқушылар! Ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында өткізілгелі жатқан «Қыз өссе – елдің көркі» атты «Көктем аруы – 2020» байқауына қош келдіңіздер!



 

1 Жүргізуші:

Арулар – асыл жандар, сағыныштар,

Өкініштер, құшақтар, жалыныштар…

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар!

 

2 Жүргізуші:

-Ендеше, осы байқауға қатысатын, кешімізге нәр беретін аруларымызды ортаға шақырайық.


  1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы да сай келетін –

Бірінші келе жатқан – бұл Ақбота.

 


  1. Шығады мың бұралып Медина биші,

Өнерді сүйген бәрің сүйші.

Қыздары бұл топтың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші.

 


  1. Қуантады білімменен бізді Мереке қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.


  1. Құлпырған дала гүліндей Диана қыз,

Жүресің әркез күлімдей.

Арманыңа аңсаған,

Ақ ниетпен жет сүрінбей.

 


  1. Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Арманың орындалсын Гүлмарал сенің,

Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.

 


  1. Бәріміз жақсы көретін,

Жарыста демеу беретін,

Келесі біздің Әлия қыз,

Шырқап ән салып беретін.

 


  1. Сабырлы әрі салмақты,

Өзі өнерлі, жан-жақты.

Келе жатқан Жұлдыз- ай қыз

Жарысты бүгін жалғапты.

 

1 Жүргізуші:

-Қыздарымыз түгел келіп орындарына жайғасты. Енді осы байқауға қалай дайындалғанымызды байқап көрейік.

(бейнесюжет көрсетіледі)
2 Жүргізуші:

-Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі «Қыз өссе – елдің көркі» сайысының әділқазылар алқасымен таныстыруды рұқсат етіңіздер!



  1. Мектеп директоры –Ыдырысов Мақсат Әлғожаұлы

  2. Директордың оқу ісінің орынбасары –Бағаева Бағила Дәукенқызы

  3. Директордың тәрбие ісінің орынбасары –Ескендірова Шолпан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет