Қаңтар айында АІІБ-мен кездесулер ұйымдастырылды. 5-9 сыныптар арасында сынып жетекшілерінің қатысуымен қоғамдағы заңдылық тәртібі туралы кездесу өтті. Ата Заңымыздың баптарын еске түсіріп, өз құқықтары жайлы білетіндерін ортаға салды. Кәмелетке толмағандар арасында жасөспірімдер қылмысы, құқықбұзушылықтар мен қараусыздықпен күрес мәселелері бойынша іс-шаралар, жаттығулар, семинар-кеңестер өткізілді. Жыл басынан бастап сабақтан көп себепсіз қалатын, тәртіп бұзатын оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Ата-анасымен кездесу, сұхбат алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |