Тоқсанына бір рет тәрбие ісі меңгерушісі ата-аналармен және оқушылармен темекі шегу,арақ ішудің алдын-алу жолдары туралы әңгіме,лекциялар жүргізіп отырды.(«Арақ ішпе,шылым тартпа», «Алкоголь және балалар», «Шылымның адам өміріне зияны».
Мектеп оқушылары арасында маскүнемдік, есірткіқұмарлық және уытқұмарлық мәселелері бойынша алдын алу жұмыстарының жағдайын қорытындылап, талдайды.
Наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік. наурыз күні мектебімізде 5-9 сынып оқушылары арасында қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыра отырып,қыздарды имандылыққа, инабаттылыққа, тәрбиелеу және ұлттық салт – дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді бойына сіңіру мақсатында, «Наурыздың әсем аруы» атты қыз сыны байқауы ұйымдастырылды.
Байқау мектеп залында тақырыпқа сай баннермен және шарларлармен безендіріліп өткізілді. Байқау 6- бөлім бойынша бағаланды. Онда:
1. «Мен қазақтың қызымын» атты өзін-өзі таныстыру /көрініс түрінде/
2. «Өнерліге өріс кең» атты өнер сайысы.
3. «Қыз-еркем,кестесімен көркем» атты қолөнер сайысы.
4. Сұрақ – жауап. /салт-дәстүрге байланысты/
5. «Ас мәзірі» сайысы.
6. «Көктем бейнесі» көрме.
Байқаудың ережесі бойынша қыздарымыз өз өнерлерін бараша көрермен қауымға паш етті. Байқау соңында 9 сынып оқушысы Бахытбек Ақнар
3-орынды, 8 сынып оқушысы Рыскулова Томирис 2-орынды, 5 сынып оқушысы Рақыш Амина 1-орынды иеленді. Бастауыш сынып аналарын құттықтап, өз шағын концерттерін көрсетті.
Және осы айда Наурыз мерекесін атап өттік. Наурыз мерекесі қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеп, көріністер көрсетіп, сыныптарда «Абай», «Жидебай», «Қорғалжын» деген ауылдарда мерекеленіп, оқушылар ұлттық салт-дәстүрлер «Шілдехана», «Тұсау кесу», «Сырға салу» т.б. және ұлттық ойындар «Асық», «Көкпар» тағы басқаларын көрсетіп, үлкен белсенділік көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |