Саламатсыздерма білім алушы студенттер!
Күні: 14.05.2021ж
Сабақтың тақырыбы:. Электрондық үкімет порталы
Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Басқаша айтқанда, электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-да жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.
Электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін қолдану үшін
e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталында тіркелу қажет,
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) дегеніміз не?
ЭЦҚ – электрондық құжатқа қолы қойылып, мөрі басылған қағаз тасығыштағы құжатпен тең заңды күш беру үшін пайдаланылатын адамның өз қолтаңбасының аналогы. ЭЦҚ электрондық құжаттың реквизиті болып саналады, ол электрондық тіркелу куәлігін және ЭЦҚ жабық кілтін пайдалану арқылы ақпаратты криптографиялық түрлендірудің нәтижесінде алынады.
Қарапайым тілмен айтқанда, ЭЦҚ-ны пайдалану – өз қолымызбен қойылатын қолтаңбаны толыққұнды ауыстыру.
Электрондық цифрлық қолтанбаны қалай алуға болады?
ЭЦҚ-ны екі тәсілмен алуға болады:
ЭЦҚ жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жек куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады. Карт-ридер – бұл әртүрлі компьютерлерден ЭЦҚ құжаттарына қол қоюға және сол қолтаңба файлының сақталуы үшін алаңдамауға мүмкіндік беретін құрылғы.
ЭЦҚ алу бөліміне өтінім беріп, ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Толтырылған деректерден кейін автоматты түрде иемденген нөмірімен толтырылған өтініш үлгісі құрылады. Бұл өтінішті шығарып және күнтзбелік 30 күн ішінде ХҚКО ұсыну керек. ЭЦҚ 16 жастан бастап беріледі. Қолданыс мерзімі 1 жыл.
Интернет салымы дегеніміз не ?
E-mail (Electronic Mail) - электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.[4]
E-mail адрестік құрылымы:
есім@ мекеме.домен Мысалы:
common@pushkinlibrary.kz
dina_m@mail.kz
Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық,анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі. Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардыњ пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары.Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады
FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернеттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.
Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір қосымшасы,желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |