№ 415 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 1-қосымша басшылыққа алынды. Үлгілік оқу жоспарын таңдауда педагогикалық кеңестің шешімі, қамқоршылық кеңестің ұсынысы ескерілді.
Аталған жоспар бойынша инвариантты оқу жүктемесі 5 сыныпта 29 сағат, 6 сыныпта 29 сағат, 7 сыныпта 32 сағат, 8 сыныпта 33 сағат, 9 сыныпта 34 сағат.
Сонымен қоса биылғы оқу жылында Әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, қамқоршылық кеңес және педагогикалық кеңес шешімдерін ескере отырып 5-9 сыныптарға вариативтік компонент сағаттары төмендегі пәндерге берілді:
5 сыныпта жаһандық құзыреттілік бойынша «Парасаттылық және әдеп» -1сағат, элективті курстан ІТ курс "Lego Mindstoms" -1сағат;
6 сыныпта жаһандық құзыреттілік бойынша «Экология» -1сағат, элективті курстан ІТ курс "Sketsh Up" -1сағат;
7 сыныпта жаһандық құзыреттілік бойынша «Эмоциналды интеллект және сыни ойлау» -1сағат, элективті курстан ІТ курс "Blender" -1сағат;
8 сыныпта жаһандық құзыреттілік бойынша «Медиасауаттылық» -1сағат, элективті курстан ІТ курс "Blender" -1сағат берілді.
9 сыныпта жаһандық құзыреттілік бойынша «Зайырлылық және дінтану» - 1сағат, элективті курстан ІТ курс "Python-да бағдарламалау негіздері" – 1сағат берілді.
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 5 сыныпта 31 сағат, 6 сыныпта 31 сағат, 7 сыныпта 34 сағат, 8 сыныпта 35 сағат, 9 сыныпта 36сағат. Ортаңғы саты (5-9сыныптар) бойынша оқу жоспарында берілген сағаттар саны ұсынылып отырған санитарлық нормаларға сай.