«Көктерек орта мектеп –бақшасы» кмм педагогикалық кеңестің хаттамасы №1



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі27,26 Kb.
#120925
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пед кенес хаттама


«Көктерек орта мектеп –бақшасы» КММ
Педагогикалық кеңестің хаттамасы №1

КҮН ТӘРТІБІ:


1. 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру


2. Оқу жоспары
3. Мұғалімдерге оқу жүктемесінің берілуі.Сабақ кестесі
4. Әр түрлі мәселе
ТЫҢДАЛДЫ:
Педагогикалық кеңестің бірінші мәселесі бойынша мектеп әдіскері Садвакасова Нурсулу Сериковна сөз сөйледі:
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері: Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту, 1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте»,«Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту. Міндетті формативті бағалау.Сабақ ұзақтығы – 45 минут. 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер»
таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу.Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету.Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан) мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау.Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу.Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру.«Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобаларын іске асыру.
Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы).Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру.Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.Білім алушылардың дене дамуының мониторингі.Педагогтерді тарифтеу тәртібі бойынша ұсыныстар.Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру.Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу.Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.
«Жаhандық құзыреттіліктер» (аптасына 1 сағат) курсына:
- 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»;
- 6-сыныпта «Экология»;
- 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»;
- 8-сыныпта «Медиасауаттылық»;
- 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»;
- 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жатады.
Әдістемелік нұсқау хатта барлық пәндердің жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау сағат сандары көрсетілген.

Екінші мәселе бойынша оқу ісінің меңгерушісі Скакова Аяулым Аскатовна сөз алды:


Мектептің білім беру бағыты - жаратылыстану-математика.Мектеп алды даярлық сыныбы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы. Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі балаларды патриоттық рухта, өз жеріне деген сүйіспеншілікке, өзінің кіші Отанына деген адалдыққа, табиғатқа, жануарларға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жобаларын ескере отырып, атааналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие процесіне белсенді тарту бойынша жұмыс жалғастырылады. Баланы жақсылық жасауға баулитын, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін негізгі орта-отбасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделі бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастыру «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларында жүзеге асырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет