Әдістемелік бірлестіктің №1 хаттамасы



Дата21.01.2022
өлшемі42 Kb.
#112895
Байланысты:
Әдістемелік бірлестіктің хаттамалары-1
Мектепке дейінгі зияты зақымдалған балалардың қарым, 1гос эгзамен 1қазақ тілң, 1гос эгзамен 1қазақ тілң, Философия. тест сұрақтары. ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ, Мамандық таңдау –өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау-melimde.com, Көздер, СОЧ 11класс

Әдістемелік бірлестіктің хаттамалары
Әдістемелік бірлестіктің №1 хаттамасы
Өткізген уақыты: 30.08.17 ж

Қатысқаны: 9


Күн тәртібінде:


  1. 2012-2013 оқу жылына ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшіліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.

  2. 2012-2013 оқу жылына әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын бекіту

  3. 2012-2013 оқу жылына тақырыптық күнтізбе жоспарын бекіту

  4. Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы

  5. Қазақстан Республикасының қазақ тілі Мемлекеттік тіл дәрежесін алған күніне арналған апталық жоспарымен таныстыру.

Тыңдалды:


* Оқу ісінің меңгерушісі Хамзина М.Д. 2017-2018 оқу жылына ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшіліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.

* Жаңа 2017-2018 оқу жылына әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары

талқыланды.


  • 2017-2018 оқу жылына тақырыптық күнтізбе жоспарын бекітуге көрсетті.

Шешімі:


  1. 2017-2018 оқу жылына әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын бекітілсін.

  2. 2017-2018 оқу жылына тақырыптық күнтізбе жоспарын бекітілсін.

Тыңдалды:


Екінші мәселе бойынша Мадкенова А.М. «Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы» атты баяндама жасады. Өзінің іс-тәжірибесінде күнделікті сабақтарда қолданатын әдістерін айтып өтті. Баяндама бойынша сұрақтар қойылып, оны талқылады.

Мәжілістің соңындаТіл күніне арналған апталыққа жоспар құрылды. Оған әр сынып жетекші өз сыныбында мерекеге арналған сынып сағаттарын өткізуді ұйғарды.


Шешімі:

  1. Жоспарға сай іс-шаралар уақытында өткізілуі әр сынып жетекшісіне жүктелсін.

  2. Осы шешімнің орындалуы әдістеме бірлестігінің жетекшісі Мадкенова А.М. жүктелсін.

Хатшы: К.А. Қозыбаева


Әдістемелік бірлестіктің №2 хаттамасы
Өткізген уақыты: 20.10.17 ж

Қатысқаны: 8


Күн тәртібінде:


  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер – баяндама Олжабекова С.С.

  2. «Сыбдыры сұлу, Алтын Күз!» бастауыш сыныптар арасындағы ертеңгіліктің жоспары

  3. Бастауыш сыныптар арасындағы дүниетану апталығы.

Тыңдалды:


* Мәжіліс басында Олжабекова С.С. «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» атты баяндама оқыды. Баяндама бойынша сұрақтар қойылды. Өзінің іс-тәжірибесінде күнделікті сабақтарда қолданатын жаңа тәсілдерін айтып өтті.

* Бастауыш сыныптар арасында «Сыбдыры сұлу, Алтын Күз!» мерекесін өткізуде әр сыныпқа тапсырмалар берілді. «Күз» тақырыбына әдемі суреттер салу, табиғи материалдардан «Күздің ғажайыптары» атты сюжеттік көрініс жасау және «Күзгі дастархан» атты әр сынып өз қалауынша тағам түрлерін ұйымдастыру ұйғарылды.

«Сыбдыры сұлу, Алтын Күз!» мерекесіне жауапты Тулеубекова Г.Б. тағайындалды.


  • Бастауыш сыныптар 22-27 қазан аралығында дүниетану апталығына жоспар құрылды. Ашылу рәсіміне орай ребус, сөзжұмбақ, газет конкурстары жарияланды. Әр сынып жетекшісі өз сыныптарында ашық сабақтар көрсетті.

Шешімі:



  1. Бастауыш сыныптарда жоспарға сай іс-шаралар уақытында өткізілуі әр сынып

жетекшісіне жүктелсін.

  1. Осы шешімнің орындалуы әдістеме бірлестігінің жетекшісі Мадкенова А.М. жүктелсін.

Хатшы: К.А. Қозыбаева


Әдістемелік бірлестіктің №3 хаттамасы


Өткізген уақыты: 09.11.17 ж

Қатысқаны: 6


Күн тәртібінде:
1 – тоқсанның қорытындысы әдістеме жетекшісі Мадкенова А.М.

2. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

3. Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру- баяндама Ахмедина Ү.Ж.

Тыңдалды:




  • Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі Мадкенова А.М.

І- тоқсанның қорытындысы туралы айтып өтті. Әр жазба жұмыстарының сараптамасы көрсетілді. Әр сыныпта оқу жылдамдығының қорытындысы айтылды.

  • Оқушылардың мәнерлі, сапалы оқуына көңіл бөлуіне пікір алысты.

  • Үлгерімі төмен оқушылармен жеке-дара қосымша сабақтар өткізу ұйғарылды.

Мәжіліс соңында Ахмедина Ү.Ж. «Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру» атты баяндама оқыды. Баяндама бойынша сұрақтар қойылып, оны талқылады.

Шешімі:



  1. І – тоқсанның қорытындысы есепке алынып, білім сапасын көтеру жұмыстары жалғастырылсын.

  2. Үлгерімі төмен оқушылары көп сынып жетекшілеріне ескерту жасалсын.

  3. Осы шешімнің орындалуы оқу ісінің меңгерушісі Альмағамбетова Ш.А. жүктелсін.


Хатшы: К.А. Қозыбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет